Өз ауылының намысын боз кілемде қорғап, белдесіп жүрген палуандар әр жерде де болған ғой. Олардың өздері өмірден өтсе де, есімі, күрескендегі айла-тәсілдері, қара күші күні бүгінге дейін әңгіме болып, ауыздан ауызға тарап келеді. Соңғы жылдары ұлттық күрес өнері насихатталып, «Қазақстан барысы» атты сайыс өткізіле бастағаны мәлім. Ал бір кездегі барша қазақ даласында қарсылас шыдатпаған түйе палуандар Қаратөбеден де шығыпты...