ЕЛ АРДАҚТЫЛАРЫ

БҮТІН БІТІМ
БҮТІН БІТІМ
Көрнекті жазушы, ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз –  ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Зейнолла Қабдоловтың туғанына 85 жыл толуына орай шығарылған естеліктер, эсселер және шығармашылық портреттер жинағын ұсынамыз.
МЕН БІЛЕТІН ҒИЗЗЕКЕҢ...
МЕН БІЛЕТІН ҒИЗЗЕКЕҢ...

 «Бір жақсы таққа отырса, қырық жігіт атқа отырады» дегендей, мен де Ғиззат ағам таққа отырғанда атқа отырған көп жігіттің бірі едім. Мынау фәни өмірде ортамызда жарқылдап жүрсе, Ғиззекең 70 жасқа толар еді деген оймен ағамды құрметпен еске алып, бірге жүрген кездерден есімде бар естеліктер айтуды, сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

СҮНДЕТКЕРЕЙ ЖАЙЫНДА
СҮНДЕТКЕРЕЙ ЖАЙЫНДА
...Облысымыздың намысын қорғау үшін он бір атыраулық боксшылар іріктеліп алынды. Жарыстың деңгейі жоғары болғандықтан ба, білмеймін, әлде жолы болмады ма, әйтеуір Аманқос Қалиев пен Сүндеткерей Қасанғалиевтен басқалары алғашқы сайыстарда-ақ ұтылып қалды...
ҰСТАЗ
1987-ші жылдың алғашқы қыс айларының бірі еді. Таңертеңгі сағат онға таман асығып-үсігіп университетке жеттім. Ол кезде қазіргі біздің Атырау Мемлекеттік Университеті «Гурьев пединституті» деп аталатын. Төрт-бес айдан бері «КПСС тарихынан» дәріс беретінмін.. Кафедрада отырған әріптестеріме басымды изеп амандастым да, сыртқы киімімді іліп болғасын орындықтардың біріне отыра кеттім. Ішке кірген бойда қағаздарын қарап отырған Баяндиев Дәржан ағайға көзім түскен болатын.
ЖАУЫНГЕР ҚЫЗ РАЙХАН
ЖАУЫНГЕР  ҚЫЗ    РАЙХАН

Кешегі   ел  үшін  қиын-қыстау  кезең  болған  тұста  көптеген  қазақ  қыздары  да  майдангерлер  сапында  басқыншы  жауға  қарсы  ерлікпен  шайқасты.  Солардың  бірі  - қызылқоғалық-жылойлық    Райхан  Қыдырбайқызы  Ыбыраева.

ҰЛАНЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДА - ҰЛЫЛЫҚ
ҰЛАНЫН   ҰЛЫҚТАҒАН   ДА   -  ҰЛЫЛЫҚ
Иә, тағлымды тағдыры бар осы бір азамат турасында республикамыздың кешегі бас тарихшысы, академик, кезінде Қазақстанның  Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі туралы молынан және негізгі монографиялық еңбектерді жазған, осы тақырыптағы  ең білгір маман  танылған марқұм Манаш Қозыбаев ағамыз мен білген жерде сонау 1968 жылдан бері мадақты  мағынада ғана жазып келді. Алғашқысы – сол кездегі айтулы оқиғалардың бірі саналған  - комсомолдың 50 жылдық тойына арналған  “Қазақстан коммунисі” (бүгінгі “Ақиқат”) жорналында жарияланған мәнді мақаласы еді. Онда ғалым ағамызЖылой перзентінің әлемге апат әкелген фашистік құзғындардың ұясы Берлинді алудағы ерлігін атап өткен-ді. Мұндай  пікірін М. Қозыбаев соңғы, 1977  жылы  шыққан “Равнение на коммунистов. Комсомол Казахстана в годы Великой Отечественной войны”  деген (Б. Рахматуллинмен бірге жазылған еді) кітабы мен 1980 жылы жарық көрген “Ұлы ерлік” атты кітапшасында да дамытты.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ АДМИРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ  АЛҒАШҚЫ  АДМИРАЛЫ

Соңғы  кезде  облыстық, республикалық  мерзімдік  жарияланымдарда  Қазақстанның  тұңғыш  адмиралы Лев  Анатольевич Владимирскийдің (1903-1973)  туған  жері  турасында  қате  жазылып  жүргенін  айтқым  келеді  әуелі. Оны  кейбір  атыраулықтар  «Қызылқоға  ауданындағы  Рәкөш  деген  кентте  дүниеге келген»  деп  тұжырымдауға  тырысуда.  Бұл  дұрыс  пікір  ме? Меніңше,  ағаттау  қорытынды.

ҚИСЫМНЫҢ ҚАҺАРМАНДЫҒЫ
ҚИСЫМНЫҢ    ҚАҺАРМАНДЫҒЫ

Ұлы Отан соғысында елдің, ұрпақтардың  болашағы  үшін өзін  саналы  түрде  құрбан  еткен  атыраулық қаһарман

ҚИСЫМ  МЫРЗАҒАЛИЕВТЫҢ  ерлігі  хақында

ҚАЙДА ЖҮРСЕ ДЕ ҚОРҒАШТАП ЖҮРЕТІН ЕДІ...
ҚАЙДА ЖҮРСЕ ДЕ ҚОРҒАШТАП ЖҮРЕТІН ЕДІ...

Тоқсан тоғызыншы жылдың күз айларының бірінде Алматыдағы Спорт және туризм агенттігі қасынан самбодан ұлттық құрама командасының бас бапкері болған Керей Қойшыбековті көріп қалдым. Қасында дембелше келген бір жігіт бар. Барып амандастым. Спорттың осы түрінен еліміздің құрама командасы оқу-жаттығу жиынын бірігіп өткізу үшін Ресейге жүргелі жатыр екен. Керей ағайдың қасында тұрған әлігі жігіт «Самбодан әлемнің орталығы Кстова қаласы болса, Қазақстанда Тайпақ болады!»-деді. Мен сөзге араласып «Мұқыр!»-деп қалдым. Екеуі де маған қарады. Керей ағайға бұрынырақта өзімнің атыраулық екенімді айтқан болатынмын. Сірә, сол есіне түсті білемін, қасында тұрған жігітке мені нұсқап: «Қошқарбайдың інісі!»-деді. Екеуі күліп жатыр. Әңгімелеріне орынсыз араласқаныма ыңғайсызданып қалдым да мен де еріксіз жымидым. Кейін білдім: Керей ағайдың қасында тұрған жігіт сол кезде самбодан республикалық федерациясының президенті болған Мұслим Оңдағанов екен.

ЖАНЫ ЖОМАРТ КӘСІПКЕР
ЖАНЫ ЖОМАРТ КӘСІПКЕР

Жуырда Қарабаудың біраз тұрғындарымен бір дастарханда кездескенмін. Ауыл тұрғындары сөз арасында Сембай деген жігітті мақтап отырды. Әңгімелерінен түсінгенім-өз қаражатына Қарабаудың жолын жөндеп берген көрінеді. Жолаушылар үшін аялдама тұрағын салыпты. Бұрын байланыс қатынасы болмаған жерге 6-7 метрлік мұнара да салып берген екен. Өзінің қарамағындағы қызметкерлерге көмегін аямайтынын да айтып отырды.

Мұндай қайырымды жанмен кездесу үшін телефон номерін сұрап алдым. Сөйлесіп көріп едім, өзін мақтағанды аса қаламайды екен. Ауыз тұшытар ешқандай ақпарат бермеді. Сол себепті жергілікті тұрғындардың ол туралы жазған пікіріне жүгінуіме тура келді. Сіздердің назарларыңызға Сағынғалиев Сембай Ахметұлын жақсы білетін Ұлмерек Айтжанқызының «Атырау» газетіне жариялаған мақаласын ұсынып отырмыз.