ШЕЖІРЕ

ҮШЕУІ ТҰТАС - ҮШ ТАҒАН
ҮШЕУІ  ТҰТАС  - ҮШ  ТАҒАН

Құлсары қаласының  орталығында 2018  жылғы  18  желтоқсанда  Жылыойдың  үш  батыры – Нарынбай Шаңдыұлына (1805-1880), Өтен Ақто-ғайұлына (1816-1872) және  Төремұрат Тайлыбекұлына (1821-1863) арналған ескерткіш ашылды. Ескерткішті өз қаржысына салдырған – жылыойлық меценат  азамат, Мағауия Ақтөреұлы Мерғалиев, мүсіншісі – Қазақстан Су-ретшілер  одағының  мүшесі, жылыойлық  белгілі мүсінші Серік  Мәтениязов, сәулетшісі - Құдайберген Ізтілеуов. Үш  батыр  ескерткіштерінің әрқайсысының  биіктігі – 3 метр, тұғырдың  биіктігі 8 метр, бұларға  батырлар  найзаларының  биіктігін  қосқанда жалпы ескерткіштің  биіктігі 12 метрді  құрайды екен. Үш  батырдың  бөлек-бөлек  сомдалған  тұлғалары үш  бағытқа  қарай  орналастырылған, әр мүсіннің  астында батырлардың өмір сүрген  жылдары мен  латынша  жазылған  аты-жөндері көрсетілген  мәрмәр  тақталар  бар.

АҚПАН АТАНЫҢ МӘҢГІЛІК ТЫНЫМ АЛҒАН ЖЕРІ
АҚПАН  АТАНЫҢ  МӘҢГІЛІК  ТЫНЫМ  АЛҒАН  ЖЕРІ

Қазақ  тарихында  қилы-қилы  кезеңдер  көптеп  кездеседі. Солардың  бірі – Қазақ  жерінің  батысын  ежелден  мекендеген Кіші  жүз  жұртының  «Ақтабан  шұбырынды, Алқакөл  сұлама» заманынан  300  жылдай  бұрын  оңтүстікке  қоныс  аудару жайы, мұның  себебін, қазіргі  ғылым  әлі  түсіндіре  алмай  отыр. Қалай  болғанда  да, біздің  бұрынғы  ата-бабаларымыз 18-ші  ғасырда «Қайың  сауып», «Сауран  айналып»,  баяғы  қара  орман жұртына  оралады. Жоңғар  шапқыншылығынан  қорғанған аталарымыз әлгі  айтылғандай  азапты  жолдардан  өтіп, Атырау-Жайық-Маңғыстау  өңіріне 1751-ші  жылы  қайта  көшіп  келеді, мұны ұлы ғұлама     Ә. Кекілбаев  ағамыз тұжырымдаған  еді. Осылайша, «елімайлаған» қалың  халықты  ірі  тарихи  тұлғалар бастап  келеді. Олар  Адайдың  Есек  және  Атағозы батырлары, Таздың Ақпаны, Әлімнің  Әжібайы  мен  Аралы, Беріштің  Есболайы  сынды  бірегей  жандар  болатын.   

ҚҰДАҢ ҚҰРДАСЫҢДАЙ БОЛСЫН

Жас ұлғайып қатарларың бірте-бірте сирей бастаған шақта өткен-кеткенді еске алып, күні кеше ғана арамызда жарқылдап жүрген асыл азаматтардың жан жадыратар жақсы қасиеттерін көз алдыңнан өткізу- тәтті мұң екені өтірік емес. Өз мамандығының майталманы, тыңдармандары анық мойындаған әнші, домбыраның құлағында ойнаған күйші, өлеңдері жүрек қылын шертетін сыршыл ақын, менің туған құдам Тілеуғали Лұқпанов елі ардақтаған аяулы азаматтардың бірі еді.

АЙТАРЫМ БАР ӨЗІҢЕ, ӘКЕ...
АЙТАРЫМ БАР ӨЗІҢЕ, ӘКЕ...

«...Әке өз перзенті үшін жауапкершілігіне қоса, өз сәбиіне қорған да болмақ. Әке – өмір мектебінің алғашқы ұстазы. Әкемізге қарап қана өз ойымыздың, пиғылымыздың түзулігі мен әр басқан қадамымыздың дұрыстығын аңғарамыз. Ұстаз-Әке лайланған ой-санаңды тазартып, тазалық шуағын себер. Ол – өмірдің тар жол, тайғақ кешулерінде талмай, тынбай, шаршамай биікке жол бастаушың. Ал биіктік заңы – ерекше: бере де біл, қызмет қыла да біл. Әкем мына сөзді жиі айтатын: «Бақыт – алғанда емес, бере білуде». Мен әкемнің маған бергенінің қаншалықты шексіз екенін тым кеш ұғындым. Оның ғибратты ойларын мезгілінде зейін қойып тыңдамағаным өзегімді өртейді. Әкем жайлы ойлай бастасам, санамда ғажайып бір сезім оянады. Уақыт өткен сайын оның тұлғасы іріленіп, биіктеп бара жатқандай. Анам туралы ойлансам да дәл осындай сезімді бастан кешемін. Бала күнімде мен ата-анаға бала күніңнен ер жеткенше ғана бауыр басатындай көруші едім. Ал өмірде тіпті де олай емес екен...»

АҒАЛАРЫМ...
АҒАЛАРЫМ...

Танымал әнде айтылғандай, «Алдыңда ағаң болған қандай жақсы» десеңші.... Шынымен де, алдыңда ағаларың жүрсе, жас сезінеді екенсің өзіңді, жастығымның жарқын күндері сондай арқасүйер ағаларымның арқасында алаңсыз өткені күмәнсіз. Менің де алдымда ағаларым бар, болған... өткенге көз жүгіртсем, алдымда ағаларым болған кездерім, өмірімнің ең бір шуақты сәттері екен десем, қате болмас. Өмір өз арнасымен жылжып барады,  мені де кейінгілер аға деп құрметтейді, сыйлайды, кеңес күтеді. Осы ойлардың жетегімен, өзім өнегесін көрген, арқа сүйеген, ардақты ағаларымның рухына арнап жазған естелік әңгімелерімді ағаларымның ұрпақтарына ұсынсам дегенмін. Олар өздерінің қандай жақсының ұрпағы, алтынның сынығы екенін есінен шығармасын, іргелі әулеттің атына  лайықты өмір жолын таңдасын деген тілегімді зерделі жастар айтқызбай ұғар деген ойым бар. Бұл менің өзім құрметтеген, сарқытын ішкен асыл ағаларымның алдындағы парызым деп есептеймін. Қазақ атамның жолымен, аға деген ардақты атқа  лайықты болып өмірден өткен ағаларымның рухтары разы болғай!!!

МӘТЕН ҚОЖА ӘУЛИЕ
МӘТЕН ҚОЖА ӘУЛИЕ

   Мəтен қожаның басына сырқатқа шалдыққандарды түнетуге алып баратынын бала кезімізден білуші едік. Басындағы құлпытасында Мəтен қожа Төлекұлының 1802 жылы 63 жасында өмірден озғаны оймышталған. Мəтен қожаның əкесі Төлек қожа Кедей қожадан тарайды. 

Майдан құла

Қашанда, бала күнінен ат жалын тартып мінген халқымыз үшін шашасына шаң жұқтырмаған жүйрік жылқылардың жөні бөлек. Олай дейтініміз, бабалар өмірінде алдына ат салмаған жалғыз ғана жүйрік жылқы бүкіл бір елдің абыройын асқақтатып, мерейін өсіргені тарихтан мәлім. Сондай бір елдің беделін биіктетіп, жұлдыздай аққан жүйріктігімен бәйге алдын бермеген жылқылардың бірі – Майдан құла. Бұл Қызылқоға өңірінің (Атырау облысына қарасты) «Құлагері» атанып, аты аңызға айналған арғымақ деседі көпті көрген қариялар. Ендеше, оның «Майдан құла» атануының сыры неде? Халықтың ауызынан түспей айтылып жүрерліктей қандай қасиеттері болған?

Есік пе, Ысық па?
Есік пе, Ысық па?
   Түркі халықтарымен дүниеге бірге келіп, ғасырлар бойы бірге жасасып, қалыптасқан сөз байлығымыздың бір саласын жер-су атаулары құрайды. Жер-су атауларын «жер тарихы деп, ал ол – «ел тарихы» деп мадақтаудың да өзіндік мәні жоқ емес. Өйткені, алғашқы қауымнан басталған даму барысында ру-тайпа, ұлыс, халық болып қалыптасқан әрбір этностың көптеген шартты белгілерінің біріне тұрақты ғұмыр кешіп, тіршілік етуіне қажетті табиғи орта мен географиялық аумақ жатады.
751 ЖЫЛЫ БОЛҒАН АТЛАХ ШАЙҚАСЫ
751 ЖЫЛЫ БОЛҒАН АТЛАХ ШАЙҚАСЫ

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ұстаздық ететін Серік Аташ көп жылдар бойы шығармашылықпен айналысатын. Ол оншақты кітап пен монографияның авторы. Серік Аташ қазақ тілінің маманы ретінде көптеген халықаралық ғылыми басылымдарға мақала жазып жүрген ғалым. Бүгін, ф.ғ.к., доцент Серік Аташтың  ізденістерінен үзінді жариялап отырмыз. Қабыл алыңыздар!

СҮГІР ЖЫРАУДЫҢ ҚҰЛПЫТАСЫ
СҮГІР ЖЫРАУДЫҢ ҚҰЛПЫТАСЫ
XVIII-XIX ғасырдағы көне қорымдардағы араб жазулы эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеп жатқан Ақжайық ауданындағы «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны!» ғылыми-өлкетану экспедициясы Сүгір жыраудың құлпытасын тапқан болатын.