751 ЖЫЛЫ БОЛҒАН АТЛАХ ШАЙҚАСЫ

751 ЖЫЛЫ БОЛҒАН АТЛАХ ШАЙҚАСЫ

Тан империясының тарихы.

Бұл империяның түп негізін «Табғаштар» деп аталатын көшпелі тайпа құрған. Бұл халықтың өз аты Қытай жылнамалары бойынша «Тоба». «Тоба халқы» деген - қытай жазбаларындағы «Сәнби» халқының тікелей ұрпақтары. Қазіргі Тува (Ресейде автономиялы Республикасы бар), Тофа (Алтайда тұрады, орыстар «карагачи» деген бұрын), Туба (Еділ бойында тұрады, Ноғайларға туыс) және Тама, Табын деген түркі ру-тайпалары (бұл ру қазіргі Қазақ, Башқұрт халықтарының ірі рулары) осы Тоба аталған көне халықтан тараған. Ал Тобалар (табғаштар), Солт. Қытайды жаулап алып, 386-581 жылдар аралығында қытайда Тоба Вэй атты көшпелі империя құрған. Бұл көшпенділер Қытайды 200 жыл бойы билеп тұрды.

Оны құлатып, орына келген Қытайдың Суй империясы (581-618). Империяның негізін қалаған - қытайланып кеткен түріктердің Суй әулеті болатын. Жалпы Суй әулеті Қытайды тұтас Қытайды жаулап алып, 300 жыл билеген. Бұл жердегі Суй империясының 37 жылдық қана тарихы бар. Суй империясы Көне Түрік қағандарының (Көк Түріктер) шабуылдары мен Когуре, Пекче (екеуі де Корея елдері) мемлекеттерінің тегеурініне шыдамаған. Соның ішінде, 612 жылы Суй империясының Корей елдеріне жасаған жорығы тым сәтсіз аяқталды. Император Ян-ди Корей еліне 305 мың армия жіберген еді. Алайда, ол түгелдей ажал құшты. Қытайға 2 мың 700 жауынгер ғана сүйретіліп әрең қайтты. Корей елдеріне қайтадан жасаған 613-614 жылғы жорықтар тағы да еш нәтиже бермеді. Бұл Корей халқының Қытайларға қарсы өз елін қорғап, сақтап қалған Ұлы жеңістері болатын. 7 мың жыл бойы көрші Қытайлармен үздіксіз арпалысып, жауласып, өз елі мен тілін сақтап қалған халық!

Әбден әлсіреп, қазынадағы бар қоры таусылған Суй империясын түбегейлі құлатқан – Шығыс Түрік қағандарының шабуылдары. 617 жылы Қытай кінәздіктерінің бірінің тағына Ли Юань келді де, өзін Тан императоры деп жариялады. Оның әулеті біртіндеп түгел Қытайды жаулап алды және көрші елдерге ауыз салды. Ли Юань – өзі ертедегі Қытайда 426 жыл билік құрған Хань империясының (б.з.б 206-220) қытайланған Ғұндарының ұрпағы (Гаоцзу әулеті) болатын. (Кейін бұдан 400 жылдан соң, Қытайды тағы да жаулап алған көшпенділердің мемлекеті, монғолдардың Құлағу әулеті билеген мемлекет өз елін Юань империясы деп атайтын болады). Қытайдың Тан империясы жартылай көшпелі мемлекет еді. Қытай елі еш уақытта Тан империясы кезіндегідей құдіретті болған емес!

49607966

2 бөлім.  Ұлы дала: Қарлұқ және Түргеш қағандықтары.

Тан империясының атты әскерлерін басқарған Қытайдың қолбасшысы Гао Сяньчжи 749 жылы батыста Турфан мен Қашғар жері мен өзіне бағынышты Қарлұқ қағандығы жерін басып өтіп Ташкентке дейін шабуылдап барып, Шаш (Ташкенттің көне атауы) қаласын жаулап алып, қаланы билеп тұрған Түргеш қағанына қарасты билеуші Мохедуды өлтірді. Гао Сяньчжи қолбасшы Корей елінің Когуре халқынан шыққан. Одан соң, Қытайлар 751 жылы Түргеш қағаны Ашина Білгенің шабуылдарын қайта-қайта тойтара беріп, Талас алқабына қарай орныға бастады.

Сол кездегі Түргеш елінің Ашина Білге қағаны (742-753) бұл кезде екі жағынан қаусыра келген екі құдіретті жойқын күшпен қатар арпалысып жатқан. Шығыстан келген айдаһар Қытайдың Тан империясы және Батыстан Исламның жасыл туын желбіретіп жеткен Араб халифатының сарбаздарына қарсы қатар соғысып, елі мен жерін әзірше қорғап тұрған. Мұны естіген, Орталық Азиядағы шайқастарға тосын күштің, Қытайлардың араласқанын естіп, Араб халифатының Аббасид әулеті халиф тағының мұрагері Абу Муслим Түргештер қорғап тұрған Атлах қаласын (Талас-Тараз қаласының арабша атауы) шабуылға алып, оны қоршап тұрған Халифат әскерлерін құтқару үшін арабтың Иемен елінен шыққан Халифат қолбасшысы Зияд ибн Салих бастаған атты әскерлердің 50 мыңдық қолын және аттандырды. Зияд ибн Салих қолына жолда Самарқан мен Термездегі Соғды елінен тағы әскерлер қосылды. Осылайша, 751 жылдың шілде айында әлемдік тарихты өзгерткен Атлах шайқасы өтті.

Бұл шайқас дүниежүзі тарихындағы «Әлемнің тарихын өзгерткен 10 шайқастың» бірі болып танылады. Бұл шайқаста Түргеш қағандығының иелігіндегі Талас алқабында Қытайдың Тан империясы әскерлері мен Араб Халифатының жауынгерлері шайқасты.

Saka-1

Арабтар Қытайды, Қытайлар Арабты бір-бірін ең алғаш рет көрді!

Ашина әулеті билейтін көне Түркі мемлекеттерінің, Қарлұқ және Түргеш қағандықтарының халқы, араб дейтін халықты бұрын ешқашан көрмеген, Ислам діні ең алғаш рет көшпелі далаға осылай келген!
(Бұдан 1267 жыл бұрын)

Ал Қытайлар Түркілердің ежелгі ата-бабалары Ғұндар заманына бастап, 2 мың жылдан бері көшпенділердің ата жауы ретінде әбден таныс еді!

Түргеш халқы, көне Түркі жазбаларындағы «он оқ бұдұн» - «бес тайпалы Үйсін мен бес тайпалы Дулат» болса, ел іргесінде бетпе-бет қарсы келген екі жаудың арпалысын күтіп: «Қай жеңгенің келіп көріңдер» деп Талас (Тараз) қаласын қаласын қорғап тұра берген!