АЙТАРЫМ БАР ӨЗІҢЕ, ӘКЕ...

АЙТАРЫМ БАР ӨЗІҢЕ, ӘКЕ...

           

«...Әке өз перзенті үшін жауапкершілігіне қоса, өз сәбиіне қорған да болмақ. Әке – өмір мектебінің алғашқы ұстазы. Әкемізге қарап қана өз ойымыздың, пиғылымыздың түзулігі мен әр басқан қадамымыздың дұрыстығын аңғарамыз. Ұстаз-Әке лайланған ой-санаңды тазартып, тазалық шуағын себер. Ол – өмірдің тар жол, тайғақ кешулерінде талмай, тынбай, шаршамай биікке жол бастаушың. Ал биіктік заңы – ерекше: бере де біл, қызмет қыла да біл. Әкем мына сөзді жиі айтатын: «Бақыт – алғанда емес, бере білуде». Мен әкемнің маған бергенінің қаншалықты шексіз екенін тым кеш ұғындым. Оның ғибратты ойларын мезгілінде зейін қойып тыңдамағаным өзегімді өртейді. Әкем жайлы ойлай бастасам, санамда ғажайып бір сезім оянады. Уақыт өткен сайын оның тұлғасы іріленіп, биіктеп бара жатқандай. Анам туралы ойлансам да дәл осындай сезімді бастан кешемін. Бала күнімде мен ата-анаға бала күніңнен ер жеткенше ғана бауыр басатындай көруші едім. Ал өмірде тіпті де олай емес екен...»

2015 жылы Алматы қаласындағы «Баспа-Сөз» баспасында жарық көрген Қазақстан Республикасының құрметті геолог барлаушысы Марат Қорқытұлы Байзақовтың «АЙТАРЫМ БАР ӨЗІҢЕ, ӘКЕ...» атты естелігінен үзінді. Автор шығармасында әкеге деген сағынышын жеткізіп, әулетінің шежіресімен де бөліседі.

 Қысқаша автордың өзіне тоқталсақ...

Байзаков

 М.Қ.БАЙЗАҚОВ

Қазақстан Республикасының Минералдар Қоры Академиясының мүше-корреспенденті, Бүкіләлемдік инженер-мұнайшылар қоғамының қазақстандық секторының вице-президенті(SPE). 1984-1992 жылдар аралығында  «Қазақ Геологиялық Барлау Ғылыми Зерттеу Институтында» бұрғылау бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары, ал 1993-2004 жылдары осы институттың Директор-Президенті болып еңбек еткен. 2001 жылдың 04 маусымынан 2002 жылдың 04 маусымына дейінгі аралықта «Адай Петролеум компаниясы» (Американдык ’’Ферст Интернешл Ойл Корпорейшн ЛТД’’ пен ’’Роснефть’’ Бірлескен Кәсіпорнының) Бас директоры, ал 10 .02.2004 - 29.12.2012 аралығында «Компания Аташ» ЖШС («ҚазМұнайТеңіз» МҰК Акционерлік Қоғамы мен «Лукойл Оверсиз ЛТД» Бірлескен Кәсіпорны) Бас директоры, 2012-2016 ж.ж «Қазақ Ғылыми Зерттеу және Жобалау институтының» Зерттеу Орталығының директоры.

Қазақстан Республикасы минералдық ресурстары Академиясының корреспондент-мүшесі. 80-нен астам ғылыми мақалалардың, 2 монографияның, 20 ғылыми еңбектің авторы және серіктес авторы.

 Ұзақ жылдардағы абыройлы еңбегі үшін, мұнай-газ кешенін дамытудағы ел алдындағы ерен еңбегі үшін  «Құрмет» орденіне, «Қазақстан мұнайына 100 жыл» төс белгісіне ие болды. Атырау облыстық әкімі мен мәслихатының Құрмет грамотасының, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің, «Қазмұнайгаз», «Лукойл Оверсиз ЛТД», «ҚазМұнайТеңіз» Акционерлік қоғамдарының Құрмет грамоталарының, «Құрметті геолог-барлаушы» атағының иегері. Ұлдарын ұяға ұшырып, немере сүйіп отырған, елге сыйлы азамат.

Кітаптың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Обложка книги

 

 

Теги тайсойғансайты