Көрнекті жазушы, ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Зейнолла Қабдоловтың туғанына 85 жыл толуына орай шығарылған естеліктер, эсселер және шығармашылық портреттер жинағының жалғасы
Тұрсынбек КӘКІШЕВ
1945 жылы оқу басталып кеткенiне қарамай 20 қазанда Алматыға келдiм. Жоспар үлкен – қол жетсе, Тау-кен институтына түсу, ѳйткенi мен алтын ѳндiрiсiнде ѳскендiктен инженер болу арманымның ең зоры болатын. Оған iлiкпесем, журналистика саласын жалғамақпын. Оның қарасын кѳру мұң болса, театр-кѳркемѳнер училишесiне бару, сәтi түспесе, театр тѳңiрегiнен келесi жылға дейiн күн кѳрiстен тарықтырмайтын жұмыс iздеу.
Құдай дес бергенде, Тау-кен институтына кетiп бара жатқанда, Қазақ университетiнiң сол кездегi әдемi де биiк ғимаратын кѳрiп, iшiне кiрдiм. Сол жақта «Журфак» деген жазуды бауырымдай кѳрiп, есiгiн ашқанымда тѳрде отырған жiгiт «кiр, кiр» деп ерiксiз ѳзiне шақырып алды. Қайыржан аға Бекхожиннiң зор адамгершiлiгi арқасында студент болып шыға келдiм. Ертеңгi сегiзден бастап дәрiс тыңдауға, сабақтан қалмауға нұсқау алып шықтым.
Қай күн екенi есiмде жоқ, М.Әуезовтiң дәрiсi университеттiң сол кездегi ең үлкен залы – 31-аудиторияда ѳттi. Оны Әзiлхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романын оқығандар жақсы бiледi. Үйiрге жаңа қосылған жастың мiнез-құлығын Зейнолла Қабдолов ѳз басынан кешiрген соң әдемiлеп жазыпты. Оқиық: «Ѳзiм де бiр қумын» деп Тайыр ақын айтқандай, мен аудиторияға үзiлiс кезiнде журналист студенттермен аралас-құралас бiрге кiрiп, бәрiнiң ту сыртындағы бiр бос орынға жайғасып алдым. Ѳзiмдi қолымнан келгенше ешкiмге елетпей, бѳгделiгiмдi байқатпай, «қулығымды асырғандай» сенiмдi едiм, оң жақ қырымда отырған бiр қарасұр жiгiт маған тура ұры кѳргендей сезiктi кескiнмен қайта-қайта қадалып қарай бердi.
Қарасұр жiгiт бiр кѳргенде әп-әдемi; қыр мұрын, атжақты, ашаң. Кѳзiнiң шарасында ақыл мен ашу оты аралас жанады. «Ашусыз ақыл тұр» деген: асылы, ақыл оты маздаған жерде ашу шоғы қосыла қоздаса, сол абзал. Жалғыз-ақ осы жігіттің осынау әп-әсем кескін-кейпінде «осы қалай» бір жер бар: неге екенін кім білген, көзінің асты көне сарайдай жиырылып жатқан қыртыс-қыртыс әжім.
Бұл бүгінде есімі мен еңбегі зиялы жұртқа таныс профессор Кәкішев Тұрсынбектің шәкірт кезіндегі бас қондырғысы» дегені М. Әуезов лекциясын тыңдауға алғаш келген кезіміз болатын.
Мұхаңның дәрісті кібіртіктей бастап, біраздан кейін бабына келген жүйріктей көсіліп, асыл ойларды төге-төге айтатынын талайлар, әсіресе Зейнолла жазуда. Фольклордан Мұхаңның білмейтіні жоқ болса керек, өйткені қазағын былай қойғанда Шығыс пен Батыстың үлгілерін қосып-қосып жібергенде, елдігіміз бен өнеріміздің өресі марқайып шыға келгенін жанымызбен сезіп отырдық.
Мұхаңның бір ерекшелігі, энциклодиялық білімін уыстап шашпай, сыздықтап, қазақтың сөз өнерінің шырайын шығарар кезінде біртіндеп айтып отырады екен. Сонда қазақи көріністер әлемдік құбылыстарға ұласып кетеді де, жаңаша мағынаға ие болатын көрінеді. Осы ерекшелікті Зейнолла «Менің Әуезовімде» жеткізе баяндапты. З.Қабдолов әуелі бізге – журналистикаға, бірздан кейін филология факультетіне ауысып кетсе де, кездесіп жүрдік.
Бірінші семестрді тамамдағаннан кейін бүкілодақтық физкультурашылар шеруіне баратындарды іріктейтін комиссия жұмыс істей бастады. Мәскеуге барып, мавзолей мінбесінде қолын бұлғап тұрған И.В.Сталинді көруге болады екен деген желік бойды билеп алды. Сол кезде Алматыда оқыған студенттердің дәмеленбегені аз, комиссияға келгендердің ішінде тапал бойлы, қамыт аяқтары көбейіп кеткен соң үміттенушілер арасына сұңғақ бойлы, ажарлы қыз-жігіттер ғана іріктеледі екен деген хабар тарады. Жатақханада бойымызды өлшеп, айнаға қарайтын әдетті шығарып алдық. Басында өзімізбен бірге желіккен Зейнолла бір күні түтігіп келе жатқанын көзім шалып қалып, әңгімеге тарттым.
«Құрысын бүйткен комиссиясы, онан да өлеңімді жазып, кітабымды оқып неге жүре бермедiм екен мұнша әлек болғанша», – деп күйiндi. Бойы 170 сантиметрге жетпеген соң «ѳтпейтiндердiң» тiзiмiнде тұрғанын өз кѳзiмен оқып келе жатқан кезi екен. Сырттай Зекең үшін қам кѳңiл болғаныммен, сантиметрiнен қорқа қоймаспын деген ой күштi болғанын жасырып қайтейiн. Ол сенiмiм алдаған жоқ.
Ұлы Отан соғысынан кейiнгi оқығандардың тез жетiлуiне бiрнеше себеп бар. Олар – ѳртеңге шыққан ұрпақтар. 1929-31 және 1937-38 жылдардағы зиялыларға келген зауал, соғыс алапаты бiр болса, екiншiден, «ѳмiр университетiнен оқып келген» солдаттармен парталас болуымыз, үшiншiден, бiрдемеге қолым жетiп, ел қажетiне жарар азамат болсам деген талаптың күштiлiгі бiздi тез жетiлдiрдi. Университетке дейiн аудандық газетте ѳлең шығарып, мақала, хабарларын жариялатып келген Зейнолла Қабдоловтың студенттер арасында қаламға ыңғайы барын ертерек таныдық. Қазақстан Жазушылар одағының мүшелiгiне қабылданды. Ал ол жас талапкерге аз олжа емес. 4-5-курста жүргенде арамыз тiптi жақындап, жиын-жиналыстарға бiрге баратынды шығардық.
1949 жылы 4 курсты бiтiргеннен соң ѳзiмiздiң ұстазымыз, қазақтың атақты фельетонисi, сыншы Сейдiлдә Тѳлешов (С.Шынаров – елге белгiлi жасырын аты) қолымыздан жетектеп, 5 жiгiттi «Лениншiл жас» газетiне қызметке орналастырды. Мен жұмысшы жастар бѳлiмiнiң меңгерушiлiгiне тағайындалдым, ертеңiне Гурьевке бара жатқан Орталық комсомол комитетiнiң хатшысы Құнанбаевтың нѳкершесiне айналдым; ұшақпен бiр тәулiк ұшып, бүгiнгi Атырауға жеткенiмiз әлi есiмде. Сен жұмысшы жастар ѳмiрiн жазуға тиiссiң деген соң Мақат ауданына бѳлiндiм. Доссорға келгенде Зейнолланың Айтжан деген жолдасын тауып алып, шiлденiң ми қайнаған ыстығында үйiнен шай iшiп шықтым.
1950 жылдың қысында жұт болып, менi тағы да Гурьевке жiбердi. Бақсай жағын аралап келгеннен кейiн тағы да Доссорға соқтым. Зейнолланың ата-анасының үйiнде екi-үш күн паналап, сәлем-сауқат ала келдiм. Бұл жайлар, әрине, достық болғанмен, кѳңiл жақындығын аңғартса керек.
Университет бiтiргенде наурыз айында Зейнолла менi «азғырып», ѳзi меңгерушi болып iстеп жүрген, бүгінгі «Рауан» баспасына, жоғары оқу орындары оқулығының аға редакторлығы қызметiне шақырды. Бардым. Ол кезде ҚКП Орталық Комитетiнiң «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тiл және Әдебиет институтының жұмысындағы ѳрескел саяси қателiктер туралы» деген қаулысының уыты қайтпай, бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ әдебиетi мен тiлi бойынша оқулықтардағы ѳрескел қателiктер мен кемшiлiктер туралы қаһарлы қарармен нығыздалып, күйiп тұрған кезде мектеп оқулықтарына «жау тидi». С.Мұқанов, Қ,Жұмалиев, Е.Ысмайылов, т.б. авторлығынан айырылып, оқулықтары М.Ғабдуллиннiң жалпы редакциясымен шығып жатқан «науқанға» тап болдым. «Керiтартпа» деп табылған ақындарды оқулық, хрестоматиядан «қуумен әлектендiм» де, күзiнде бiлiмiмдi толықтырмақ болып партия мектебiне кеттiм. Зейнолла, Серiк, Айқындармен бірiгiп, ағалар «бүлдiрiп» кеткен оқулыққа автор болдым.
Сол баспада бiрге қызмет iстегенде Зейнолладан бiр көрген пайдам – үш мың сом қарыз алып үйленгенiм болды. Қазақтың «Қарыз ал да қатын ал, қатының қалар жаныңда» дегенi рас екендiгiне сонда ғана кѳз жеткiзiп ем. Зейнолла ѳзiнiң шын ниетiмен қарыз бермесе, кiм бiледi қандай күйде боларымызды.
Бұл қалжың болғанымен, әдебиеттануға келуге бiр-бірiмiзге ықпалымыз болғанын жасырмайық.
Ерте пiсiп-жетiлген Зейнолла қазiргi «Жұлдыз» журналына бас редактор болған кезде 1954 жылы «В.И.Лениннiң әдебиет туралы ойлары» атты мақаламнан кейін Жиенғали Тiлепбергеновтiң шығармашылығына көсілтіп орын бергенi, сол арқылы зиялылар мен әдебиетшілер қауымына таныла бастағанымды жасырман.
Студенттiк достықтан мықты құдiрет жоқ. Сондағы асыл арқанымыз әлi күнге үзiлмей келе жатыр. Қол ұстасып жүре берейiк, Зейнолла дос!
Жалғасы осында