ЕЛ АРДАҚТЫЛАРЫ

ТАРАС ВАСИЛЬЕВТІҢ ЕСТЕЛІГІ

   Жуырда маған Тарас досым звандап екеуміз біраз шерімізді тарқатып алдық. Әңгіме арасында сол бұрынғы студенттік кездерімізді есімізге алып қоямыз. Бірге оқыған курстастарымызбен үзбей кездесіп тұрады екен. Олар «Абай.КЗ» сайтында шыққан осы естелігімді оқыған көрнеді. Басқа қызықты оқиғалар болса жариялап тұрғанымды айтты. «Өткен өміріміздің қызықты шағын айтып отырмасақ бізге басқа не керек?»-дейді Тарас досым. Сол себепті осы естелігімді «Тайсойған.КЗ» сайтының оқырмандарына арнап қайтадан жариялап отырмын. Қабыл алыңыздар!

Автордан

СӘТІМЖАН САНБАЕВ
СӘТІМЖАН САНБАЕВ
Бүгін қазақ классигі Сәтімжан Санбаевтың туған күні. Жазушы, аудармашы, актер Сәтімжан Қамзаұлы тірі болғанда 80-ге толар еді. Осыған орай, жазушымен көзінің тірісінде ағалі-інідей болып қатынасып кеткен досы әрі жерлесі Нұрберген Өтепұлы Балғымбаевтың естелігін беріп отырмыз. Қабыл алыңыздар!
АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІМ
АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІМ
   1997 жылдың наурыз айы болатын. Атыраудың бір топ спортшыларымен бірге Алматыға жарысқа келе жатырмыз. Ұшақта бізге орын әр жерден берілді. Түскен соң бәріміз аэропортқа тарттық. Бірге келе жатырған спортшылардың бапкері Сүндеткерей: «Мына кісі кикбокстан республикалық федерацияның тұңғыш президенті болған екен. Мында оның фамилиясы бар» - деп екі бүктелген бір қағазды қолыма ұстата салды. Қағазды ашып, оқып көріп едім, өз көзіме өзім сенбедім. «Сәтімжан Санбаев» деп жазылып тұр...
КАРАТЕ СПОРТЫНА ҚҰМАРЛЫҒЫМ СТУДЕНТ КЕЗІМНЕН БАСТАЛДЫ
КАРАТЕ СПОРТЫНА ҚҰМАРЛЫҒЫМ СТУДЕНТ КЕЗІМНЕН БАСТАЛДЫ

Жуырда Атырау өңірінде шығыс жекпе-жегінің қалыптасуы мен даму тарихы жөнінде кітап шығатын болып шешім қабылданды. Сол кітаптың құрастыруды маған тапсырған. Бұйыртса, 2020 жылы аяқтап оқырмандарға ұсынбақшымын. Сол себепті өзімнің «Атырау» газетінде бұрынырақта жарияланған мақаламды қайтадан бастырып отырмын. Алдағы уақытта да «Тайсойған.КЗ» сайтында Атырау каратесінің тарихын, спортшылардың жеке өмірбаянын жариялап отырамын. Қабыл алыңыздар!

Автордан.

ДОБРОЕ ДЕЛО ЗЕМЛЯКАМ
ДОБРОЕ ДЕЛО ЗЕМЛЯКАМ

...И Нурлан Утепович мне говорит: «я очень тебя прошу, помоги области, где я родился, поднять уровень бокса». И несмотря на своё решение, я все-таки из-за уважения к Нурлану Утеповичу дал своё согласие...

АЛҒАШҚЫ АҒАРТУШЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛҒАН
АЛҒАШҚЫ  АҒАРТУШЫЛАРДЫҢ  БІРІ  БОЛҒАН

Өлкетану тақырыбына  іздену барысында 2015 жылдан  бері Атыраудағы  халық ағарту ісінің  тарихына  да  жіті  көңіл  аудара  бастағам, нәтижесінде  2016 жылы Ұлы Қазан  революциясынан  бұрынғы  өлкеміздегі  білім  беру  мекемелері  мен  ұстаздары  туралы «Атыраудың  алғашқы  ағар-тушылары» және «Ұрпақтарға  ұлағат ұқтырған  ұстаздар»  атты  екі  кітапты  баспадан  шығардым. Сөйтіп  жүргенде, облыс  орталығындағы «Ағатай» баспасынан 2014 жылы  жарық көрген «Киелі мекен – Кең Жылыой» деген  жақсы  кітапты  тағы  бір  шолдым. Ондағы «Сондай-ақ, 1900 жылғы  мұғалім Досұлы Қожағұлдың суреті аудандық мұражайда  сақтаулы. Жұмыс істеген  жері  белгісіз  болып  қалды» (190-бет) деген  жолдарға көңіл  аудардым. Себебі, менің  аталған еңбектерімде  бұл  ұстаз  туралы  да  шағын  мәліметтер  бар  болатын, ал, суреті жоқ-ты. Оны 2002 жылы шыққан «Қызылқоға энциклопедиясынан» да  таба алмайсың.

ҰСТАЗ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК
ҰСТАЗ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК

Балықшы барлау бұрғылау басқармасының (ББББ) Қарт Ембінің жер қойнауының байлығын игерудегі бірден-бір басты мекеме болуына үлкен үлес қосқан Асабай Хисметұлы осы өндіріс ошағын үзбестен 1973 жылдан 1985 жылға дейін басқарған. Балықшы барлау бұрғылау басқармасы - 1972 жылы Прорва бұрғылау конторының (ПБК) негізінде құрылып, кеңсесі Сарқамыстан, қазіргі Атырау, сол кездегі  Гурьев қаласына көшірілді.

АҒАЙЫНДЫ ҰСТАЗДАР БАЙСЕУОВТЕР
АҒАЙЫНДЫ  ҰСТАЗДАР  БАЙСЕУОВТЕР
...Мұндай  абзал  адамдардың  қатарында  Қызылқоғаның   қос  тумасы – ағайынды  Байсеуовтер  де  құрметті  орын  алады. Екеуі  де  еңбек  жолдарын  ұстаз  болып  бастап,  елдің  қоғамдық-саяси  өміріне  ерекше  араласты...
МИНИСТР ҚҰТТЫҚТАҒАН МҰНАЙШЫ
МИНИСТР ҚҰТТЫҚТАҒАН МҰНАЙШЫ

Мұнайлы Мақат ауданының бастауында болып, қажырлы еңбегімен, мұнай өндірудегі ерен істерімен есімдері мұнай тарихына алтын әріппен жазылған атақты мұнайшыларымыздың қатарынан көрінгендердің бірі Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері Бижанов Адамбай еді.

ЧЕМПИОН
ЧЕМПИОН

Приезд первого казаха- олимпийского чемпиона, в Атырау произвел большое оживление в спортивной среде нашего города. В частности, среди баскетболистов. Тому пример, что за этот период как побывал в Атырау олимпийский чемпион, наши земляки дважды стали чемпионами республики среди юниоров.

После международной научно-практической конференции Альжан Мусурбекович провел мастер-класс с атыраускими баскетболистами. При университете была создана малая академия баскетбола имени Олимпийского чемпиона Альжан Жармухамедова».