Әкем де Мұстафа ағамызға ұқсағанымды армандаған сияқты.

Әкем де Мұстафа ағамызға ұқсағанымды қалаған сияқты.

Асылхан Төлеков: әртіс. Бауыржан Момышұлы атындағы медалдің, «Дарын» және «Серпер» Жастар сыйлығының иегері

14074841047545

-Асылхан інім, сұқбат беруге келіскенің үшін көп рахмет! Сені таеквондошы болды деп естідім. Спорттық өміріңізді айтып берсеңіз...

-Иә, мен жас кезімнен бастап спортқа жақын болып өстім. Әкем менің таеквондоға қатысқанымды қалады. Сөйтіп, бесінші сыныптан бастап таеквондомен айналыса бастадым. Алғашқы жаттықтырушым Әлібек Сұлтанов дейтін бапкер болды. Сол жылы Әлібек ағай біздің мектепте өзінің үйірмесін ашқан болатын. Бірқатар жарыстарға қатыстым. Жасөспірімдер арасында Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы болдым. Басқа да халықаралық жарыстарға қатысып жеңімпаз, жүлдегер болдым. Әлемдік таеквондоның отаны болатын Оңтүстік Кореяға да барған кезім болды. 2006 жылы «Корея Опен» деп аталатын халықаралық турнирге қатысып 48 келі салмақ дәредесінде үшінші орын алдым. Кейін «Қазақстан Республикасының спорт шебері» деген атаққа ие болдым. Сөйтіп әкемнің арманын орындадым деп ойлаймын.

photo_45203

-Таеквондо туралы не айтар едің?

-Таеквондо спорты жылдамдықты, тез ойлауды талап ететін спорт қой. Бұл жастардың тәрбиесіне өте қажет. Маған таеквондо көп пайдасын тигізді. Есімде, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсу үшін емтихан тапсырып тұрған кезде таеквондодан бір-екі өнер көрсетуімді сұрады. Мен аяқпен түрлі соққылар жасап, фильмдерде көріп жүрген Джеки Чанның бір-екі трюктерін көрсеттім. Өте жақсы шықты. Одан кейін де маған таеквондодан үйренген өнерімнің пайдасы көп тиді. «Жау жүрек мың бала» фильміне әртіс іріктеу үшін болған кастингте менен шпагатқа отыруымды және таеквондодан үйренген түрлі қимылдарды көрсетуді сұрады. Көрсеттім. Ұнады. Сөйтіп әртіс іріктеу кезінде таеквондо өнерім пайдаға асты. Кейіннен киноға түсу кезінде қажетті трюктерді тез игеріп алуыма да осы таеквондоның пайдасы тиді. Құлап қалған жағдайда әрі қарай домалап барып қайтадан тұрып кету сияқты әдістер көп кездеседі ғой кинода.

-Мұстафа Өзтүрікке еліктеп өсті деп естідім...

-Бұрын өзіміздің батырларымызды онша көп білмеуші едік қой. Джеки Чан, Жан Клод Ван Дам, Чак Норис, Брюс Лиді сияқты танымал кино киіпкерлерін ғана білетінбіз. Кейін таеквондоға қатысып жүргенде Мұстафа Өзтүрік ағамызды білдім. Сол кезден бастап Мұстафа ағамызға көп еліктейтін болдым. Таеквондодан 6 дан иегері болған Мұстафа ағамыз әлемнің алты тілін меңгерген әрі бірнеше кинода ойнаған адам екен. Мұндай тұлғаға ұқсау барлық жастардың арманы болар. Әкем де менің Мұстафа ағамызға ұсағанымды қалаған сияқты.

-Сұхбат бергеніңе рахмет! Шығармашылық ісіңде табысқа жетуіңді тілеймін!

 

 

                                                                   

Сұхбат жүргізген Қабибек Мұхитов