ТАРИХ. ӨЛКЕТАНУ

ӘКЕ РУХЫМЕН ТАБЫСУ
ӘКЕ РУХЫМЕН ТАБЫСУ

Қырық жылдан астам өмірін киелі Маңғыстауды зерттеуге арнаған өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Отыншы Көшбайұлының  шығармаларынан үзінділер жалғасы

ЖЕЗДІДЕГІ ОҒЫЗДАР ҚАЛАСЫ
ЖЕЗДІДЕГІ ОҒЫЗДАР ҚАЛАСЫ

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы. 

Міне, біз Тұрышты басып, Жезді тауын іздеп келеміз. Жүйрік уақыт уыста тұрмайды, зулап өтеді де шығады. Әр қоғамның өз теперіші, сыбағасы бар. Біз әлгі айтқан Тұрышқа дейінгі тоқсан, Жездіге дейінгі жүз шақырымда қоғамдық мал баққан бірде-бір жанды көргеніміз жоқ.

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ДАҚ ТҮСПЕСІН
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ДАҚ ТҮСПЕСІН
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының терең мазмұнын беріле оқып, рухани жаңғырудың иіріміне ендік. Туған жер  терең тамырлы тарихымен тікелей  байланысты. Осы орайда Еділ – Жайық қос өзен аралығын мекендеген Құрманғазы ауданының да үңіле қарап, тамсана таңырқайтын тұстары көп.
ҚҰДЫҚШЫ
ҚҰДЫҚШЫ

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы. .

Сайып келгенде республикамыздың көп өңірінде кездесе бермейтін, бірақ Атырау, Маңғыстау қазақтарына тән, бір жағынан қашанғы тіршілік көзі саналған құдықшылықтың орны ерекше. Ол – ұлттық атакәсіп,   шеберлік  шыңы,  кез-келгеннің  пешенесіне  жазылмаған,  ілуде біреудің бойына бітер дара қасиет.

Мұрат шығармаларындағы этнографиялық деректер
Мұрат шығармаларындағы этнографиялық деректер
Кеңес үкіметі жылдары 7 кластың СССР тарихы оқулығында «Абай өлеңдері XIX ғасырдың II-ші жартысындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы» деген жолдар болатын. Осындай тұжырымды Мұрат жырларына да байланыстырып айтуға әбден болады. Ұлы ақынның атышулы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай!», «Топқа түскенде толғауы» және т.б. шығармаларынан қазақ тарихына байланысты деректермен қатар, қаймағы бұзылмаған қазақ салттары мен дәстүрлері,тұрмыс-тіршілігі, туысқандық, ағайындық қатынастары, сол кездегі қазақ қоғамының өкілдері туралы қат-қабат мәліметтерді кездестіреміз.
ҰШҚАНДА ӨТКЕН КЕШ
ҰШҚАНДА ӨТКЕН КЕШ

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы. .

Екінші кешімізді Құлсарыға таяу жердегі кең жазықта өткізген біз ертесінде Мұнайлы мола, Ұшқанға астық. Ол аудан орталығынан оңтүстікке қарай 40-45 шақырым көлемінде орналасқан көне қалашық орны

АС БЕРУ-АТА ДӘСТҮРІ
АС БЕРУ-АТА ДӘСТҮРІ

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы. .

Халқымызда көне дәуірден бері келе жатқан ежелгі ғұрыптардың бірі – ас беру. Ол дүниеден өткен адамдарды еске түсіруге арналған салт. Егер ас берудің саяси-әлеуметтік астарына мән берсек, ол алдымен, шығысы мен батысына ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талатын айшылық алыс аймақты алып жатқан қарға тамырлы қазақ елінің өзара достығы мен бірлігін жыл өткен сайын жақындата түсу, әр әулет, өңірдің салт-дәстүрін өзгелерге паш ету, қала берді қаза арқалаған ауыл-аймақ, тегіренің бастарына түскен ауыртпалығына өзгелердің ортақтасып, олардың қайғы-мұңын бөлісу, дүниеден озған игі жақсының өнегелі тұстарын ескеру арқылы оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету, өліге деген құрмет үрдісінен туған игілікті іс екені сөзсіз.

ЖЫЛОЙҒА ТҮСКЕН ДЕСАНТ
ЖЫЛОЙҒА ТҮСКЕН ДЕСАНТ

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы.

...1944 жылдың көктемі Кеңес Армиясы үшін қанша қиын, қатерлі болғанымен жеңіссіз емес еді. Күн өткен сайын жаудың беті қайтып, фашистердің кеңес жерінен алыстатылып жатқан кезі. Бірақ герман армиясының қарсы барлау мекемесі мен шпиондық орталықтары қарап қалмай, кеңес тылында арандату, қастандық жұмыстарын жүргізіп отырды. Соның бірі - мамыр айының 2-нен 3-не қараған түні осы күнгі “Жаңа таң” өндірістік кооперативі өңіріне жаудың обер-лейтенанты (Әлихан Ағаев бір кездегі атты әскер бөлімшесінің командирі, Мәскеу түбіндегі ұрыстар кезінде қолға түскен, шын аты-жөні Тілеумағамбетов Әмірхан, ал шпиондық диверсиялық жұмыста Ағаев, Иранов деген бүркеншік атпен жүрген) басқарған он төрт диверсант парашютистер тобының түсуі еді.

ИМАНҚАРА
ИМАНҚАРА

Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы...

Иманқара - жергілікті тұрғындар тау десе де теңіз деңгейінен 200 метр биіктікте орналасқан өркеш-өркеш жоталар шоғыры ғана. Ол ондаған шақырымнан мұнартып тұрса да ұшы-қиырсыз емес, бары екі-ақ километр, ені 300 метр

Үстірт пен Үйшік, Азау арасы
Үстірт пен Үйшік, Азау арасы
Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабында қазіргі Қазақстан картасында қала ретінде аты жоқ, бірақ сонау Алтын Орда дәуірінде ірі сауда және әкімшілік орталығы болған Сарайшық қаласы, Атырау, Маңғыстау өңірлерінің бұған дейін зерттелмеген кейбір археологиялық, тарихи орындары, арғы-бергі Атырау (Үйшік) қаласы туралы әңгіме болады.