«МӘТЕН ҚОЖА ӘУЛИЕ ТУРАЛЫ»

«МӘТЕН ҚОЖА ӘУЛИЕ ТУРАЛЫ»

Атырау облысының Қызылқоға ауданының Қаракөл ауылынан 10-12 шақырым жерде, елге белгілі Мәтен қожа әулиенің зираты бар. Ол осыдан 250-300 жыл бұрын қазақ даласына Аравия елінен дін тарату үшін келген. Мәтен қожа әулие атаның ұрпағы Қазақстанның әрбір облысында өмір сүріп жатыр. Мәтен атаның зиратынан шамамен 4 шақырымда «Атаның майы» деген жер бар. Кезінде Мәтен ата өлген кезде, денесін жуындырған орында ағаш үйдің аумағындай жерден мұнай шығады. Жер бетінен 25-30 сантиметр тереңдікте.

Қазақстанның әр облысынан күн демей, түн демей, жанына шипа
іздеген адамдар ағылып келіп, түнеп не болмаса, бір садақа малын арнап сойып, жұма күндері ауыл-аймақтағы адамдар 7 шелпек нанын әкеліп, дұға оқып жатады.

Мәтен атаның қабірінде өсіп тұрған шөппен тісі сырқырап ауыратындар тісін шұқыса, ауру тіс су сепкендей басылады.

Мәтен атаға емделуге келген адам шын ниетімен жуынып, тазарып келуі керек.

Әруақ қона алмай жүрген   адамдар 2-3 күн түнеп, бала көтермей жүрген әйелдер де келіп, атадан медет сұрайды. Сонымен қатар, басы, қолы, аяғы,жүрегі ауыратын адамдар атаның зиратына келіп, дұға оқып, сонан соң атаның майынан құйып алып, не болмаса Мәтен атаның шырақшысынан сұрап алса, оны дертті жерлеріне жағып күтінсе, кәдімгідей айығады.

Мәтен атаның құдіретін ауызбен айтып жеткізу қиын. Оны ем
алған адам өзі сезіп, атаның қасиетінің құдіретіне көзі жетеді. Мәтен атаның майын, шөбін, құмын адам баспайтын жерге алып қойған дұрыс.

Мақсот Ізімов, «Алтын Орда» газеті, 2000 жыл, шілде.