«Еділ-Жайық – екі су»... Жаралғалы жарып-бөліп айтылмаған бұл өзендер жайлы өлкенің өрен жүйрік ақыны Насихат Сүгірұлы өзінің Сталиндік бұғауда отырып, туған жерге арналған кезекті бір ұзақ толғауын осылай деп бастаған-ды. Беу, десеңізші, талайдың сұғын өзіне тартып, өзегін жұлып алар арудың арқасындағы қос бұрымындай қатар жатып, бар сырды бірі қатты, бірі жай бұралған егіз ішегінен егілтетін қара домбыраның саз үніндей, адамзат баласының ізгі арманын алға жетелейтін болат жолдың қос тініндей қатар жатқан бұл өзендер жайлы арғы-бергі ықылым заманда кімдер жырға қосып, әуенді әнге арқау етпеді десеңізші.
В предыдущей статье были заданы вопросы об истории Ногайской орды, которые были адресованы авторитетным лицам.
На наши вопросы отвечает местный исследователь, краевед и общественный деятель Махамбет Галымжанович Хакимов.
Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы. ..
Табиғат мүсіншінің аз сыйы, адамдар қолымен жасалынған небір ғажайып мұраларымен әлемдік деңгейде есте қалар мекеннің бірі – Үстірт. Бірақ олардың сыры әлі күнге ақи-тақи зерттеліп біткен жоқ, бар-жоғы ауызбен айтып, оның өзін де әлі де хатқа түсіріп, тасқа басып үлгермедік. Өйткені, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 200 мың шаршы шақырымдық жерді алып жатқан бұл мекенге жетудің өзі қиын. Ал шындығында ол оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай 600 шақырымға жуық, ені 400 километрлік синкринальді ойысқа немесе миллиондаған жылдар бұрынғы Сармат теңізінің табанына биіктігі 300-350 метр болып шөккен арал сынды бұл сазды әк құм тас жыныстарының шөгіндісі. Мұнда күллі әлемді таң қалдыратын «Үстірт жебелері» деп аталатын ғылым ғажабы бар. Ол жайлы соңғы жарты ғасырда әлденеше рет жазылды
Тайсойғанның қабағы тұнжыраған мұңлы күзі. Мұңлы болса да тәтті еді-ау сол күз. Ауыл сыртындағы құмдауытқа біткен қызыл қурай мен бұйрабас түзгіндер ара-тұра күздің өкпек желі шайқап өткенде ызыңдап, сыбызғы үніндей бір әуен шығаратын. Көк жүзінен жыл құстарының қанатты керуені оқтын-оқтын қиқулап өтіп жатады. Ал күзгі ауадан ауылдың өзіне ғана тән бір сүйкімді иіс сезілуші еді.
Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің «Үстірт пен Үйшік, Азау арасы» кітабынан үзінділер жалғасы.
... Біз алдыңғы түстен бері тау жағалап келеміз. Туғалы топырағын баспаған өңірдің тауы қайсы, тасы қайда, біліп жатқан біріміз жоқ. Жергілікті жандардан сұрайын десең қыбырлаған тірі қарға кездессейші, атамаңыз! Тіпті, әдеттегі ауыл маңын жайлап, қозы көштен әрі аса алмайтын қой-ешкіні былай қойғанда, 20-30 шақырымды артқа тастап, 5-6 күндік шалғайдағы ащы шөпті қуалап тебіндейтін дала кемелері-түйенің де ілуде бір қарасы көрінбейді. Керек десеңіз, жуық маңда жүріп өткен жалпақ табанды ізі де жоқ. Соған қарағанда мынандай елсізде жалғыз жортқан түз тағысы - қасқыр да сирек шығар...