Қырық жылдан астам өмірін киелі Маңғыстауды зерттеуге арнаған өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Отыншы Көшбайұлының 2006 жылы жарық көрген «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау» кітабынан үзінділерді жалғастырамыз
Оның салынған жылы туралы екі түрлі пікір бар: 1. Білікті, бұрынғы облыстық деңгейдегі басшы азамат, өлкетанушы С. Мұқашевтың тұжырымы бойынша 1885 ж. тұрғызылған (С. Мукашев. Летопись города Атырау.1640-2001». Ал., «Өнер», 2001 г., с.21); 2. Атырау облыстық архиві шығарған «Атырау (бұрынғы Гурьев) қаласының тарихи жерлері (тарихи-анықтамалық жинақ» (Ал., «Асем-систем», 2008 ж., 87-б.) кітабында басқа уақыт - 1883 ж. көрсетілген. Бұл пікірді «Атырау» энциклопедиясы (359-б.) да растайды.