МАДИЯРЛАР ЖЕҢІСІ

МАДИЯРЛАР ЖЕҢІСІ

Ресейде өтіп жатырған әлем чемпионаты миллиондаған футбол жанкүйерлерінің назарын өзіне аударып отыр. Өз командасы жеңімпаз болса екен деген әркімнің арманы бар. Ойынды қарап отырып, 1956 жылы болған бір кездесу есіме түсті.

...Мельбурн олимпиадасына іріктеу ойындарының бірі болатын.1956 жыл КСРО құрама командасы үшін жеңісті жыл болып басталды. Яшин, Нетто, Стрельцов сияқты үздік ойыншылары бар бұл команда іріктеу ойындары барысында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген болатын. Дания мен Израильді одан соң Батыс Германияны жеңген КСРО футболшылары ендігі кезекте Венгриямен ойнауы керек болды. Венгрия командасы болса бұл маусымды сәтсіз бастады. Түркия, Чехославакия және Бельгия командаларынан жеңіліс тапты. Ендігі жерде оларға КСРО-ны жеңу ауадай қажет еді. Оның үстіне екі елдің қарым-қатынастары үзгелі тұрған болатын. Социализм лагерінен бөлініп шығып, капиталистік ел болуды аңсаған Венгрияда саяси ахуал өршіп тұр.

Футбол мамандары мен жанкүйерлер КСРО командасы жеңеді деп іштей шешіп қойған болатын. Ал мадиярлар болса қайткен күнде де орыстарды жеңеміз деп келді Мәскеуге.

Ойын Ленин атындағы Орталық стадионда өтті. Жүз екі мың жанкүйер жинаған бұл стадион осы жылы ғана берілген болатын. Матчты көруге шетелден де жүздеген мамандар мен журналистер келген екен.

4

Сөйтіп ойын басталды. Алаң иелері ау баста ойынды жоғарғы қарқынмен бастап кетті. Қорғаныста жүрген мадиярлар ыңғайлы сәтті пайдаланып қалып, Яшиннің қақпасына гол соғып үлгерді. Екінші таймда орыстар бірнеше мәрте шабуыл жасасағанымен еш өзгеріс болмады. Сөйтіп, осы маусымда КСРО құрама командасы бірінші рет жеңіліс таптты.

3

Ашылғанына бір ай толмаған халықаралық деңгейдегі стадионда алғашқы жеңіліс осылай болды. Бұл жеңіс әлем жұртшылығына да қатты әсер етті. Сөйтіп сол жылдағы сенсациялардың бірі болды. Тіпті бостандық сүйгіш мадияр халқының азаттық жолындағы алғашқы жеңісі сияқты болып көрінді бұл жеңіс. Еліне оралған кезде мыңдаған халық жеңімпаздарды аэропорттан күтіп алды. Орыстардың қақпасына соғылған жалғыз доптың авторы Золтан Цибор әпсәтте олардың ұлттық батырына айналды.

Алда тағы да бір рет жолдастық кездесу бар болатын. Екі жақ та дайындыққа кірісіп кетті. Бірақ, бәрінің тағатсыздана күткен бұл ойыны болмай қалды. Көп кешікпей Венгрияда көтеріліс болды. Будапешке басып кірген кеңес танкілері көтерілісті басып-жаншып коммунистік диктатураны қайтадан қалпына келтірді. Сол кезде шетелде ойнап жүрген мадияр футболшылары сол жақтан саяси баспана сұрап, өз елдеріне оралудан бас тартты. Сөйтіп, аңызға айналған Венгрияның футбол командасы бірнеше жылға көзден таса болды. Ал КСРО құрама командасы болса Мельбурнда өткен олимпиада ойындарында жеңімпаз болып алтыннан алқа тақты.

Спортты саясаттан тыс дегенменен кейде бұл екеуі егіз ұғым сияқты болып тұрады. Мұны осы айтылып отырған футбол тарихынан көруге болады деп ойлаймын.

   Амантай Мұхамбетқалиев,

Х. Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы,

"Жайық" спорт кешенінің директоры; Серікқали Даукенов.

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы