РУХАНИЯТ

ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК
ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК

   «Адамның бір бақыты достарынан» дейді ғой... Досымның марапаты өнертану саласында, ішінара, отандық музыкатану ғылымын бір марқайтып тастады.

   «Туған жерге туыңды тік» деген қанатты сөзді ұстанған музыкатанушы әріптесім Бақыт Жолдыбайқызы Тұрмағамбетова, Алматыдан туған жеріне қоныс аударып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ұстаздық қызметімен қатар, ғылым саласына елеулі үлес қосып келеді. Былтыр «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасының аясында басылып шыққан «Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының 1 томына «Батыс Қазақстан әндері» тарауын құрастырушы ретінде атсалысқан болса, жуырда Атырау облысының Жылыой ауданының құрылғанына 90 жыл толуына арнап, аудан әкімшілігінің қолдауымен «Ән қайнары – Кең Жылыой. Songs of Zhylyoi» атты қазақ-ағылшын тілдерінде еңбегі жарық көрді.

ҰСТАЗДЫҚ ҰЛЫҚ ЕМЕС,-ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ
ҰСТАЗДЫҚ ҰЛЫҚ ЕМЕС,-ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

   Жалпы, өнер дегеніміз – адамзатты жарқын болашаққа шақырған арман, өмір құбылыстарын шынайы түсінуге жетелейтін ой-толғаныстардың қайнар бұлағы. Өмірдің гүлі де, заманның шежіресін шертетін тілі де – өнер. Оразбай Фазылұлының өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде Атырау облысы ұстаздарына кеңінен таныс еді. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Оразбай Фазылұлының қатардағы ұстаздан  Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, музыка факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, «Музыка және өнер» кафедрасының доценті деңгейіне көтерді.

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ
ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

   Нариман Сиражев Алматы Ұлттық консерваториясын бітіріп, 1960 жылы жолдамамен Гурьев музыка училищесіне жұмысқа орналасқаннан бастап жастарға Атырау жерінде қобыз аспабынан дәріс берген алғашқы ұстаздардың бірі. «ҚР білім беру ісінің үздігі», доцент Нариман Сиражев қобыз-прима аспабы бойынша 1978 жылы «ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер» Раушан Нұрпейісовамен бірлесіп жасақтаған ҚР жоғарғы және арнаулы орта білім министрлігі бекіткен Типтік оқу бағдарламасының авторы. Бұл бағдарлама күні бүгінге дейін қолданыста. Соңғы білім беру стандартының талаптарына сай «Мамандық» және «Қобызда ойнауды оқыту әдістемесі» пәндеріне жұмыс оқу бағдарламасын жасақтап, толықтырулар енгізді.

БІЛІКТІ МАМАН, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, ӘДІСКЕР
БІЛІКТІ МАМАН, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, ӘДІСКЕР

   Жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, оларды білімді маман етіп тәрбиелеуде ұстаздың алатын орны зор. Сондай ұстаздың бірі Сәтім Сухашұлы Әжікен.

   Сәтім Сухашұлы, 1948-жылы Атырау облысы, балықшы ауылында дүниеге келген. 1963-жылы мектеп бітіргеннен кейін өнерлі жасөспірім армандаған  баян мамандығы бойынша музыка училищесіне түсіп, 1967-жылы (А.Т.Ивакиннің класынан) бітіреді. Училищеде оқыған кезінде талантымен, тиянақтылығымен көзге түскен Сәтім Сухашұлы оқу орнын бітіргеннен кейін осы мекемеде оқытушылық жұмысқа қалдырылады. Ұстаздық еңбек жолын өзі білім алған музыка училищесінде бастаған Сәтім Сухашұлы адал еңбек етіп, талай жетістіктерге жетіп, биіктіктерден көріне білді.
КҮЙ ҚАҒАНЫНАН ТӘЛІМ
КҮЙ ҚАҒАНЫНАН ТӘЛІМ

«Музыка және өнер» кафедрасына – 40 жыл

Биыл Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Музыка және өнер» кафедрасына 40 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында бұл оқу орнында талай талантты ұстаздар еңбек етті, тер төкті. Олардың талай дарынды шәкірттері өнер мен білімнің қара шаңырағынан түлеп ұшты.

   Мәселен, биыл сексен жасын тойлап отырған композитор Илья Жақанов ағамыздың жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесінің өзі бөлек әңгіме. Бұл «Музыка және өнер» кафедрасының студенттеріне Қазақстан Республикасының халық артисі Қ.Ахмедияров та бірнеше жыл бойы шеберлік сағаттарын беріп келді.

   Осы өнер шаңырағында ұзтаздық қызмет еткен белгілі тұлғалардың бірі профессор Рысбай Ғабдиев еді.
ДАЛА САЗЫНЫҢ АКАДЕМИГІ
ДАЛА САЗЫНЫҢ АКАДЕМИГІ

   Қазақстанның «Парасат» (2004), Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері (2004) композитор, публицист, өнер зерттеуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998), Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1994) ЖАҚАНОВ Илья Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылында 6 мамыр 1936 туған.

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...
ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

   РЫСҚАЛИЕВА Гүлнәр Түсіпқалиқызы, өмірдің айтулы белесі – 60 жасқа толып отыр. Гүлнәр Түсіпқалиқызы өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде Атырау облысы ұстаздарына кеңінен таныс. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Гүлнәр Түсіпқалиқызын қатардағы ұстаздан Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Музыка және өнер» кафедрасының доценті деңгейіне көтерді.

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР БАҒБАНЫ
ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР БАҒБАНЫ

   Бүгінгі жаңарған қоғамға өз бетінше дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, өзекті мәселелерді көре алатын және шығармашылық тұрғыда педагогикалық шеберліктерді пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді оңтайлы шеше алатын жаңа тұрпатты педагог қажет.

   Тәуелсіз жаңа Қазақстанның заман талабына сай, жоғары оқу орынында музыкалық білім беруде, музыка мамандарын даярлауға салмақты үлес қосып жүрген білікті мамандардың бірі - Тамара Мұқанқызы Суингарина.

ӨНЕР ӨРІНДЕГІ ЖАРТЫ ҒАСЫР
ӨНЕР ӨРІНДЕГІ ЖАРТЫ ҒАСЫР

   Айналасына классикалық өнерді насихаттап жүрген ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Мақыш Зәйітқызы Гайсина өз жанының қалауын, арманын, кәсібін ұштастыра білген аймағымыздағы майталман хор дирижері. Оның есімі еліміздегі және шетелдік кәсіби музыканттарға жақсы таныс. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы ол өз мамандығына адал еңбек етіп келе жатқан ұстаздың тәжірибесі бай. Ниеті мен тілегі болса болды, қай жастағы адаммен де талғамай жұмыс жасап, таңдай қағарлық нәтижеге қол жеткізеді. Хормейстер бірнеше рет аймақтық, республикалық, халықаралық шараларда 200 және 500 кісілік хорды, биылғы жылы 1500 студенттің хорын дирижерлады.

   Мақыш Гайсина Индер ауданының Өрлік ауылында дүниеге келген. Музыкалық қабілет деген анықтама бізге таныс болса, онымен қатар табиғи дауыс мүмкіндігі ерекше адамдар да болады. Міне, осындай табиғат берген вокалдық қабілетімен қоса ерекше полифониялық есту мен жадысы бар жас бала ән айтуға құмартты.

КАФЕДРЕ РУССКОЙ ФИЛОЛОГИИ-70 ЛЕТ!
КАФЕДРЕ РУССКОЙ ФИЛОЛОГИИ-70 ЛЕТ!

   Роль учителя всегда была важнейшей как в системе образования, так и в жизни каждого человека. Учитель – это одна из самых древнейших и важнейших профессий. Она сыграла огромную роль в истории человечества.

   Учитель — это не только человек, обучающий наукам, но еще и носитель духовности и нравственного начала. Учителя выполняют особую гражданскую миссию — образование и воспитание подрастающего поколения. Их знания и опыт, преемственность традиций и новаторство лежат в основе каждой начальной, средней и высшей школы.

   Те, кто по-настоящему сеет «разумное, доброе, вечное», преданные делу учителя всегда провозглашают целеустремленность, твёрдость, спокойный и постоянный героизм.