Шынымен де тарих ғылымы саласында табандай отыз жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан тарих ғылымдарының докторы Ұзақбай Шаукерұлы Исмағұловтың еңбек жолына назар аударып, оның азаматтық келбеті, тұлғасы жайында ой толғағанымызда жоғарыда келтірілген жәйттің құр босқа еместігіне көзіміз жеткендей болады.
Бұл қолжазбаны 1996 жылы Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылында тұратын Түзелбайдың қызы Хамзақанымнан туған жиені, Сейталиев Ғалым (1942) ағаның үйінен көріп, ксерокөшірмесін түсіріп алып едім. Теңел ақсақалдың өз қолымен жазған «Құныскерей» және «Жезде» деректі әңгімелерін 2019 жылы жарық көрген: «Бәйтерек. Кіші жүз, Он екі ата Байұлы, Ысық руының шежіресі» кітабына енгізіп жарияладым. Енді осы әңгімені 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «TAISOIGAN.KZ» сайтының оқырмандарына ұсынғалы отырмын.
Марат Жұмағұлов