ҰСТАЗДЫҚ ЕҢБЕК-ҚЫЗЫҒЫ МЕН ҚИЫНДЫҒЫ МОЛ ЕҢБЕК

ҰСТАЗДЫҚ ЕҢБЕК-ҚЫЗЫҒЫ МЕН ҚИЫНДЫҒЫ МОЛ ЕҢБЕК

Абдрахманова Марфуға Смағұлқызы  09.03.1961 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында туған.

      Қызылқоға ауданының Мұқыр селосында 1-сыныпқа қабылданып, 1978 жылы Мұқыр орта мектебін аяқтады. 1978 жылы Гурьев педогогика институтының тарих факультетіне тусіп, 1982 жылы тарих қоғам тану мамандығы бойынша жоғары білім алды. 1982 жылы қыркүйек айынан желтоқсанға дейін Ы.Алтынсарин мектебінде  ұстаздық қызметін атқарды. 1982 жылдың желтоқсан айынан осы уақытқа дейін Атырау қаласындағы №8 Ө.Д. Атамбаев атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі . Ө.Д. Атамбаев мұражайының меңгерушісі.

Жетістіктері: Республикалық, Обылыстық, қалалық  білім болімінің I,II,III дәрежелі дипломдарымен, мақтау қағаздарымен марпатталған. Қазақстан мемлекетінің қайраткері қаржыгер Ө.Д. Атамбаевтың 100 жылдығына арнап, «Өмірін еңбегімен өрнектеген» кітабы шықты.

МАРФУҒА

       Жанұялық жағдайы: Жолдасы – Мұқашев Ризабек Ғылыми зерттеу институты «Каспиймұнайгаз» мекемесінде техникалық қауіпсіздік инженері болып қызмет жасайды. Ұлы Артур Интергаз компаниясында заңгер. Келесі ұлы Алібек Шеврон мұнай газ  зауытында инженер. Қызы Лаура «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» компаниясында кадр бөлімінің маманы. Артурдан немерелері Дамир 10 сынып оқушысы. Адель 3 сынып оқушысы. Томирис 5 жаста. Ұлы Алібектен немерелері Алихан 5 сыныпқа көшті. Шынар 7 жаста, Аиша 2 жаста.

 

Ұстаздық еңбек қызығы мен қиындығы мол еңбек

 

   Ұстаздық еңбектің қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мен қырық жылға уақыт Атамбаев мектебінде ұстаздық қызмет атқарғанымның қалай зымырап өткенін байқамайда қалдым. 1982 жылы 5 желтоқсанада Талшын досым мен басқа мектепке кетіп бара жатырмын, сен менің орныма №8 мектепке барасыңба деген еді. Мен қуана-қуана келістім. Мені мектеп директоры Ғизатуллина Алевтина Каримовна қарсы алды. Оқу ісінің меңгерушісі болып Мустағалиева Ғайша апай болатын. 5-11 сыныпқа дейінгі аралықтағы оқушыларға тарих пәнінен және қоғамтану пәнінен сабақ бердім. 7 сыныпқа сынып жетекшісі болдым. Сол ұстаздық еңбектің қызықтарыда көп болды. Ол уақытта оқушыларды сапқа тұрғызып, Абай даңғылына дейін саппен келеміз. Қолымызда саяси бюроның портреттері, демонстрацияға шығамыз. Ол біткеннен кейін қолымыздағы портреттерді Абай мектебіне тастаймыз. Оқушылармен бірге жасаған жұмыстың қиындығыда көп болады. Сабаққа келмейтін балалардың үйіне барып, не себепті келмегенін білу үшін неше түрлі жағдайларға кездесесің. Көшенің қабатын иттері болатын, содан қорқатынмын, соған қарамастан баратын едім. Бұл да есте қалатын оқиға десекте болады.

Марфуға..

   Ұстаздық еңбектің жемісі тарих факультетіне түсіп, әртүрлі мамандық иелері болған оқушыларымыз жетерлік. Қабделова Жания кеден саласында бас маман. Есмұқанова Нағима тарих пәнінің мұғалімі 21 мектепте. Дюсенов Беркін, Жолжанова Венера кәсіпкер. Ұстаздық жолды таңдап өзіммен бірге әріптес болып жүрген оқушыларымдыда мақтанышпен айтуға болады. Тумышева Гүльнафис, Андалова Маржан, Шаншилова Алмагүл, Татебаева Жанар, Жұмабаева Жанаргүл. Уақыттың көк жиектегі сағымдай алыстап кеткенінде байқамайда қаласың. Өз сыныптарымнан бітірген оқушыларымда әр салада еңбек етуде. Оқушыларым бірнеше рет республикалық, халықаралық, олимпиадалардың жүлдегерлері болды. 2019-2020 жылғы оқу жылында халықаралық «Золотое руно» олимпиадасында І Дәрежелі Дипломмен Темирханов Асқар марапатталды. Республикалық қашықтық олимпиадаларының жүлдегерлері Гумарова Зарина, Жұмабаев Даулеткерей, Инатденова Айдана, Адам және қоғам құқық пәнінен Дюсембаева Нұрсауле, Мажитова Гүлім.

   Қалалық пән олимпиадасында Зейнуллин Ербұлан, Пайзоллаева Алина ІІІ Дәрежелі Диплом иегерлері. Өзімнің де жетістіктерімде тоқталатын болсақ көңіл қуантады. Менің мұражайым 2015 жылы 12 ақпанда Республикалық сырттай байқауда жүлдеді орын алды. Келесі 2016 оқу жылында облыстық байқауда 3 орынға ие болды. 2017 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталдым. 2019-2020 оқу жылында Дарын Онлайнның «Кемеңгер ұстаз» 1 дәрежелі дипломмен, Республикалық «Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы пәні бойынша Ұстаз тілегі. Ғылыми әдістемелік орталығының» 1 дәрежелі дипломмен марапатталдым.

   Бұл жетістіктерім менің алдымдағы білім берген ұстаздарымның, ата аналарымның тәрбиесінен қалыптасқан деп ойлаймын.

Абдрахманова Марфуға Смағұлқызы

Теги АГУ70 сайттайсойган тайсойғансайты