РУХАНИЯТ

КІШІ ПРОЗАНЫҢ КІШІПЕЙІЛ ӨКІЛІ
КІШІ ПРОЗАНЫҢ КІШІПЕЙІЛ ӨКІЛІ

Кіші прозаның кішіпейіл өкілі ретті-ретсіз пәлсәфа соқпайды, шығарманың шырайын ашатын идеяны алтын діңгек ұстанады. Кейбір күрделі ойларды ым-ишарамен, тұспалдаумен, меңзеумен жеткізеді. Көбінде мазмұнның шешімін оқушының өз төрелігіне қалдырады.

Шағын да шымыр, көнбіс ат секілді Отыншы аға қаламгерлікке бірден, сатылап емес, ауыл тракторшысы мен қарапайым мектеп мұғалімдігінен келді. Мұндай күтпеген жерден келіп, әдебиетке олжа салуы, шынайы таланттардың «тосын қылық» танытуы орыс және әлем әдебиеті өкілдерінде жиі кездеседі. Өнер туындысын жасауға өлердей сақтықпен, жіті жауапкершілікпен қарайтын ол жазу машығына кіріскеннен жасық шығарманың қалжасына қарық болуды қаламады. Бір бет жазса да бірегей дүние туғызуды мақсат қылды. Адамның психологиялық, әлеуметтік қатпарларын зерттеп, рухани есейіп-толысуын әңгімелерінің негізгі арқауына айналдырған Отыншы Көшбайұлы тұңғыш прозалық жинағының («Қайран менің жеңешем». 2002 жыл) өзінде ұлттық-психологиялық, жергілікті эмоциялық ерекшеліктерді, эстетикалық дәстүрлерді, тілдік қолданыстағы говорлық айырмашылықтарды қаламгерлік құштарлықпен, перзенттік іңкәрлікпен, сұңқардай ұшқырлықпен қапысыз, дәл жеткізді. Қасиетті кең түбектің намыс таптатпаған батырлары, күйші ақындары, ғашықтары, жүрекке жақындары туралы оқиғаларды Отыншы өзінше баяндап, өзінше өрнектеді.

БҮГІНГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ АЯСЬІНДА КӘСІБИ ӨРЛЕУ
БҮГІНГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ АЯСЬІНДА КӘСІБИ ӨРЛЕУ

   Кафедра заманауи технологияға негізделген әдістемелік шаралар ғана емес, сонымен қатар, рухани-адамгершілік, патриоттық, имандылық, салт-дәстүрді ұлықтау мақсатында білім жетілдіруге келген ұстаздарға сан қилы іс-шараларды да өткізіп отырады. Осы орайда, кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мықты, шебер ұйымдастырушы бола білген оқытушы, п.ғ.д., доцент Жаннат Исмагуловна Сардарованы ерекше атап өтуге болады.

БӘРІ ДЕ СЕРІККЕ ЕЛІКТЕУДЕН БАСТАЛДЫ
БӘРІ ДЕ СЕРІККЕ ЕЛІКТЕУДЕН БАСТАЛДЫ

   Пролетар көшесіндегі Сатыбалды Қабдоллаевтың шарбағы маңайындағы балаларға күннен-күнге сыр шертісетін, кейде «шекісетін» орынға айналып барады. Өңшең қара сирақтар бүгін тағы жиналған. Тамыздың бірі болса да, шілденің шіліңгір ыстығы қаһарынан таяр түрі жоқ. Шекені шаңқан ыстық тесіп барады. Бірақ әңгіме қызығына түскен балалар иранбақтың саясында тұрғандай ешнәрсеге көңіл аударар емес. Бәрінің әңгімесіне ортақ арқау- өздері пір тұтып жүрген Серік Қонақбаев пен кубалық Хосе Агилардың арасындағы жартылай финалдық жекпе-жек. Біразы Серіктің шалт қимылы мен төзімділігін мақтан тұтса, екіншілері Агилардың жойқын соққыларының күштілігіне тамсанады. Бұл мешін жылы Мәскеуде өткен олимпиялық ойындардағы қоңыраулы додалардың, жанкүйерлер қауымының делебесін қоздырған шағы болатын.

ӘКЕМ ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАУ
ӘКЕМ ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАУ

   Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығындағы «Әкенің жақсылығы-қырық жыл азық» деген сөзі тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні-әке жолымен жүру. Мен саналы өмірін жастарды оқытып, тәрбиелеу жолына арнаған, ардақты ұстаз-аяулы әкем жайлы айтқым келіп отыр.

   Менің әкем-Есқалиев Оңай – 1935 жылдың 1 қаңтарында Новобогат ауданы, (қазіргі Исатай), Қамысқала ауылдық округіне қарасты Кетешағыл колхозында колхозшы жанұясында дүниеге келген.
ЖАҚСЫНЫ КӨРГЕН-КӨРЕГЕН, ТАНЫҒАНЫ-ТАҒЛЫМ
ЖАҚСЫНЫ КӨРГЕН-КӨРЕГЕН, ТАНЫҒАНЫ-ТАҒЛЫМ

«Биік мансап-биік жартас, екпіндеп ұшып қыран да шығады, өрмелеп жорғалап жылан да шығады» деген философиялық тәмсіл әркез жадымыздан шықпайды. Киікбай інімнін өнегелі өмір жолына үңілгенде сол афоризмді еріксіз қайталайсын. Ол биік мансапқа, ғылым докторлығы дәрежесіне қырандай шарықтап жетті. Елу бес жасқа келгенде осындай биікке әбден пісіп-толысып жетуі заңды: ерте де емес, кеш те емес, дер шағы.

Киікбай Мыңбайұлы 1965 жылдың жаймашуақ сәуір айында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының «Сағыз» атты кеңшарында дүниеге келді. 1982 жылы ауылдың орта мектебін үздік тәмамдаған соң, жалынды жас сол кездегі еңбекке жұмылған патриоттардың үндеуіне қосылып, ауданда құрылған "Жас дәурен" атты комсомол-жастар бригадасында шопан боп еңбекке араласты. Бір жыл бойына қайнаған еңбек ортасында болған жас жігіт жоғары оқу орнында оқып білім алуға талпыныс жасап, 1983 жылы Гурьев мемлекеттік педагогика институтының тарих-филология факультетіне оқуға түсті. 1984-1986 жылдары Отан алдындағы әскери борышын  өтеді. 

ҒАЛЫМ БЕРІК АТАШ
ҒАЛЫМ БЕРІК АТАШ

Аташ Берік Мұратұлы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай селосының орта мектебін 1988 жылы тамамдағаннан кейін, Ақтоғай селосында құрылыс цехында қызмет етіп, 1988-1990 жылдар аралығында, Москва қаласында Совет Армиясы қатарында қызмет етті. 1991 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті филология факультетіне түсіп, 1996 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1996-1999 жылдары аралығында Атырау университеті жанындағы әлеуметтік философия мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды.

ҒҰМЫРЫ КЕЛТЕ ҒАДІЛШЕ
ҒҰМЫРЫ КЕЛТЕ ҒАДІЛШЕ

Қадірлі ағайындар, мына сілтеме 29.05.2020 ж. еліміздің бас газеті Егемен Қазақстанға шыққан, Қызылқоғаның тумасы, белгілі журналист, жазушы, теледокументалист, теле жүгізуші Қосшиев Назарбектің «Ғұмыры келте Ғаділше» деген, тарихи-танымдық, зерттеу мақаласы. (Назарбек Тоғызбай-Базар ұрпағы, өзі осы топта бар). Бұрын-соңды екінің бірі білмейтін, осы Қызылқоға өңірінің тумасы, Қамыстыкөл мектебінің (қазіргі Ғ.Сланов ат.мектеп) негізін салған, ағартушы Науанов Аяпбергеннің баласы Ғаділше туралы деректі зерттеу мақаласы. Бұл терихи зерттеу мақала Қызылқоға ауданының өлкетану тарихына қосылған үлкен еңбек екені даусыз. Аяпберген де, баласы Ғаділшеде саяси қуғын-сүргін құрбандары, жазықсыз жапа шеккендер. Бірақ өлке тарихына алтын әріппен жазылатын тұлғалар. Назарбектғң өлке тарихына қатысты мақалалары мен кітаптары бұрыннан да аудан оқырмандарына таныс екенін білеміз. Назарбек ініме шығармашылық табыс тілеймін.

 

Марат Жұмағұлов, тарихшы-өлкетанушы

МАЙЛЫБАЕВ ЖӘДІГЕРЕЙ МАЙЛЫБАЙҰЛЫ
МАЙЛЫБАЕВ ЖӘДІГЕРЕЙ МАЙЛЫБАЙҰЛЫ
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде көп жылдар бойы еңбек еткен ұстаздардың бірі Майлыбаев Жәдігерей Майлыбайұлы болатын. Жарты ғасырлық өмірін осы университетте өткізген Жәдігерей Майлыбайұлының өмірбаянын ұстаздың қызы физика-математика ғылымдарының кандидаты Айман Жәдігерейқызы Майлыбаевадан алдық.
ҚАРСЫЛАСУ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАҺАРМАНЫ ҚҰНЫСКЕРЕЙ
ҚАРСЫЛАСУ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАҺАРМАНЫ ҚҰНЫСКЕРЕЙ

   

   Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген халық санасының рухани жаңғыруы және бұрын зерттелмеген тарихи тұлғаларды зерттеу өзекті мәселе. Сондай тұлғалардың бірегейі Құныскерей Қожахметовтың тарихи тұлғасы болмақ.

   Құныскерей Қожахметовтың қазақ әдебиетіндегі бейнесі, қазақтың халық жазушысы Хамза Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» (1967), «Жүнісовтер трагедиясы» (1970), жазушы Марат Мәжитовтың «Құмдағы із», «Құныскерей» (2002) романдарының, жазушы, өлкетанушы Өтепберген Әлімгереевтің «Құныскерей» (2003, 2018) және Қаратөбелік өлкетанушы Қайыржан Хасановтың «Қос батырдың хикаясы» (2000) кітаптарында жан-жақты суреттеліп, бас кейіпкері болған қаһарман тұлға.

ҰСТАЗДЫҚ ЕҢБЕК-ҚЫЗЫҒЫ МЕН ҚИЫНДЫҒЫ МОЛ ЕҢБЕК
ҰСТАЗДЫҚ ЕҢБЕК-ҚЫЗЫҒЫ МЕН ҚИЫНДЫҒЫ МОЛ ЕҢБЕК
Ұстаздық еңбектің қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мен қырық жылға уақыт Атамбаев мектебінде ұстаздық қызмет атқарғанымның қалай зымырап өткенін байқамайда қалдым. 1982 жылы 5 желтоқсанада Талшын досым мен басқа мектепке кетіп бара жатырмын, сен менің орныма №8 мектепке барасыңба деген еді. Мен қуана-қуана келістім.