Замана көші алға жылжыған сайын ғасырлар тоғысындағы жаңа Қазақстанның бағыт-бағдары мен алға қойған басты мақсаты — әлемдік өркениет талаптарына толықтай жауап бере алатын, инновациялық жылдамдыққа ілесіп қана қоймай, өзіндік тың жаңалықтарын ұсынып, өмірлік тәжірбиеде қолданысқа енгізе алатын білімді де білікті қоғамды тәрбиелеу. Уақыт талабы мен қоғам сұранысы қазіргі уақытта тек білімді ғана емес, бәсекеде бәс тіге алатын білікті маман болуды талап ететіндігі баршамызға аян.
Қазақтың біртуар тұлғасы Абай Құнанбаевтың: «Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан болады» дегеніндей, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне ерекше үлес қосып отырған ұстаздар қауымы болса, осы ұстаздардың ұстазын дайындап отырған елімізде ерекше бір орта бар. Ол орта - Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Жоғары мектептегі оқыту мен білім беру әдістемесі» кафедрасы дер едік.
Қазіргі таңда дамыған елдерде білім беруші мекемелер саны мен білім беру мерзімі өзінің шарықтау шегіне жетіп, саннан сапаға ауысуда. Уақытпен қатар білім қаншалықты алға жылжыса, білімді ұрпақтарды даярлайтын ұстаздарға деген қажеттілік те күн санап артып келеді.
Елбасымыз XXI ғасырдағы ұлттық сананы өзгерту үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керектігін атай келіп, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап берді. Олар: бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат кұруы; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы.
Міне, осы тұрғыда білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші, кәсіби - педагогикалық шеберлігі жоғары педагогтар даярлау мәселесі бүгінгі таңда маңызды болып отыр. Бұл бағыттар - әрине, ең алдымен, педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын мекемелерге қойылатын талаптар.
«Мектептің тілеуі де, тірегі де - оқыта білетін мұғалім» деп қазақтың белгілі қоғам қайраткері А.Байтұрсынов айтқандай, өз кәсібінің шеберіне айналған мамандар жиған бұл кафедраның іргетасы ҚР БҒМ шешімімен 2012 жылдың қазанында қаланды.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген қанатты ойды қызметтеріне қанат етіп байлаған кафедраға т.ғ.к., доцент А.Ш.Тоқмағамбетов басшылық жасайды. Бүгінгі таңда кафедраның құрамын өз кәсіптерінің нағыз мамандары ф.ғ.д., профессор Екшембеева Л.В., п.ғ.д., доцент Сардарова Ж.И., доцент Абдығаппарова С.К., т.ғ.к., доцент Кұрманов Б.К., магистр, аға окытушы Ноғайбаев Е.О., аға оқытушы Портнягина И.А. магистр, аға оқытушы Байқоныс Ә., аға зертханашы Салихарова Н.А. құрайды. Кафедра ұжымы еліміздің бүгінгі даму үрдісіне және Елбасының белгілеп берген басым бағыттарына сәйкес келешекке сапалы кадрлар даярлау жолында еңбек етеді.
Казіргі білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер: білім беру парадигмаларының ауысуы, оқытудың тұлғаға бағытталған әдісін, дамытушы педагогикалық технологиялар моделін енгізуде өзіндік ізденістері мен ерекшеленетін кафедраның жетістіктері де аз емес.
«Жоғары мектептегі оқыту мен білім беру әдістемесі» кафедрасы - ең алдыменен, ЖОО педагогикалық мамандықтарының басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз көтеру бойынша қызмет атқарады, білім беру саласындағы кәсіби деңгейді көтеруде қолдау көрсетеді.
Сондай-ақ, өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік кабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, кәсіби ілімімен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандарды қалыптастыру мақсатында кафедрада лайыкты атмосфера қалыптасқан.
Біздерге, яғни ББЖ ҚБАРИ-ның 44-ші лек тыңдаушыларына «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи тәсілдер», «Білім беру нәтижелерін бағалау жүйелері» бағытында кафедра тарапынан «Мазмұндық модуль» бойынша оқу үдерісі мен студенттердің оқу жетістігінің жемісті болуын қамтамасыз ету мақсатында әсерлі стратегиялар мен әдістер, оқыту технологиялары ұсынылады. Оқытуда «дайын білімнің ұсынылуы» концепциясынан «білім - орнығу» концепциясына өтуді шынайылыққа айналдыратын инновациялық амалдар жөнінде тың дәрістерді тыңдадық. Бұл курста берілген дәрістер жаңартылған білім мазмұнымен тығыз байланысы бар, оқу үдерісінде аса қажетті болып табылатын өміршеңдегін танытуда.
Кафедра заманауи технологияға негізделген әдістемелік шаралар ғана емес, сонымен қатар, рухани-адамгершілік, патриоттық, имандылық, салт-дәстүрді ұлықтау мақсатында білім жетілдіруге келген ұстаздарға сан қилы іс-шараларды да өткізіп отырады. Осы орайда, кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мықты, шебер ұйымдастырушы бола білген оқытушы, п.ғ.д., доцент Жаннат Исмагуловна Сардарованы ерекше атап өтуге болады.
«Білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге кадам басқан еліміз үшін қоғам өміріндегі казіргі өзгерістер коғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейін ескере отырылып құрылған курстардың орны қашанда да ерекше. Соның бірі - педагогика ғылымдарының докторы, доцент Ж.И.Сардарованың жүргізген «Эмоционалды интеллект» пәнін айтуға болады. Эмоционалды интеллект - өзінің және өзге адамдардың эмоциясын түсіну, сондай- ақ өзгермелі коршаған ортаға және өзгермелі талаптарға эмоциялық бейімделу қабілетінен тұратындығын ескерсек, оның коғам сұранысына сәйкестігі мен көкейкестілігі сөзсіз.
Курс барысында кафедра доценті Ж.И.Сардарова «Эмоционалды интеллект» пәнінен білім мазмұнын терең меңгертумен қатар, ЖОО оқытушылары мен студенттерінің эмоционалды интеллектісін дамыту технологияларын игерте білді. Студенттің эмоционалды интеллектісін дамытуға мақсатталған практикалық сабақтар үшін тапсырмалар құру ерекшеліктерін танытты. Осы бағытта 2017 жылдың 10-карашасында ғалым-ұстаздың ұйымдастыруымен «Эмоционалдық интеллектіні дамытудағы тіл мәдениетінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткендігін атап өтуге болады. Бұл әдістемелік басқосуда республикамыздың түрлі жоғары оқу орындарынан келген профессор-оқытушылар қауымының асқан қызығушылығы оянып, өзіндік ой-пікірлері талқыға салынды.
Үнемі ғылыми-әдістемелік ізденісте жүретін ғалым-ұстаз кәсіби маман даярлау ісінде де, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес білім сапасын арттыру, жаңа әдістер мен оқу құралдарын енгізу мақсатында басқарушы және оқытушылық құрамы ұйымдастыратын шаралардың үнемі ортасында жүреді. Бар ісіне асқан жауапкерлікпен қарайтын маманның бойына тән ерекше бір қасиет - жауапкершігінің күштілігінде, алдына қойған мақсатына жету үшін тынбай ізденетін еңбекқорлығында.
Қоғам үшін қызмет әрбір адамның еңбегі оның халқына сіңірген ісіне қарап бағаланды. Сол себепті де жас ұрпаққа сапалы кәсіптік білім мен озык тәрбиелеу ісіне зор үлес болып қосылған ұстаздың абыройлы еңбегін ерекше атап өткен жөн. 2 монография, 5 оқу-әдістемелік құрал, 100-ден аса ғылыми мақалалардың авторы п.ғ.д., доцент Ж.И.Сардарованың еңбек жолы мен адами ұстанымы - өмірлік мақсат-мүддесімен қатар өрілген. Ғылыми-ұйымдастырушылық, педагогтік тәжірибесі арқылы өз ортасында үлкен мектептің қалыптасуына ұйтқы болып, өз сүлбелі үлесін қосуда десек, артық айтқандық емес.
Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, Көңілде жатса баспай тот», - деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Мұғалім - болашакты тәрбиелеуші ұстаз. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздарға тек қана жоғары сапалы білім мен тал бесіктен алған тәрбиені тыңғылықты ету жолында тынбастан ізденіп еңбек ету - «Жоғары мектептегі оқыту мен білім беру әдістемесі» кафедрасының абыройлы да басты мақсаты болып табылады.
Елбасымыздың жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің инновациялық-интеллектуальдық потенциалын арттыру жөніндегі жобасын негізге алған кафедраның алдағы уақытта да бағындырар шыңдары биіктей берері сөзсіз деп білеміз.
Б.А. Рахметова, филология ғылымдарының кандидаты,
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институтының доценті,
Ә.Ж. Ұлықпанова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік универсиетінің аға оқытушысы, п.ғ.м.
Білім times Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал. №3, 2017.