1995 жылы Республиканың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 2000 жылы ағартушылық, қоғамдық, саяси-әлеуметтік салалардағы еселі еңбегі үшін, егемен қазақ елінің Конституциясының 5 жылдығына орай Құрмет грамотасыман марапатталған.
1955 жылы Гурьев педагогикалық институтын, физика-математика факультетін бітірген.
1955 жылы Мақат жұмысшы жастарының кешкі орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі болып алғашқы еңбек жолын бастаған.
1955-1957 жылдар аралығында Отан алдындағы борышын өтеп, Совет әскері қатарынан оралған соң, Ракуша орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі қызметін жалғастырған.
1960 жылы Гурьев педагогикалық институтынына физика кафедрасының аға лаборанты қызметіне қабылданған.
Сол 60-жылдары институттың оқу-материалдық базасының нығаюымен, құрылыстың дамуымен, оқу-құралдарымен толығуымен, оқытушылардың ғылыми өсуінің белсенділігі артуымен және оқу үрдісінің жетілуімен қатар студенттер ұйымдарының қызметіне, студенттердің өзін-өзі басқаруға, еңбек тәрбиесіне, көркем өнердің дамуына ерекше мән берілді. Алғашқы студенттердің құрылыс отряды 1963 жылы ВЛКСМ Орталық Комитетінің жеті жылдықтағы комсомолдың еңбек істері кітабына енгізілді. Құрылыс отрядының командирлері Сейталиев Қадыржан, Мұқашев Мақсот әріптестерімен Майлыбаев Жәдігер Маңғыстауда Ерәлі колхозында, Сам елді мекендерінде институт студенттерінен құрылған құрылыс отрядін басқарып, ерен еңбектің үлгісін көрсетті.
1964 жылы физика кафедрасының ассистентіне тағайындалып, 1966 жылы аға оқытушылыққа ауыстырылған. 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап физика кафедрасының академиялық доценті. Өзінің қажырлы еңбегінің арқасында, институттың қоғамдық жұмыстарына, оқу процесіне белсенді араласқаны үшін бірнеше дүркін алғыс пен мақтау қағаздарымен марапатталған.
Майлыбаев Жәдігер Майлыбайұлының барлық саналы өмірі Атырау мемлекеттік университетімен тығыз байланысты. Өзінің дәріс алған ортасында 40 жылдың үстінде қызығы мен қиындығы мол ұстаздық қызметте абыорйлы еңбек еткен. Еңбекке, ғылымға деген ынта-жігерін, қиындықтарды жеңудегі табандылығы мен талап қоя білу қасиетінің жоғары екендігін көрсете білген ұлағатты ұстаз. Бірнеше ғылыми мақалалардың авторы. 2001 жылы «Физика. 7-8 сыныптарға физикадан программаланған жаттығулар» атты оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.
Жәдігер Майлыбайұлының тәрбиелеген сан мыңдаған шәкірттері бүгінде еліміздің әр саласында жемісті еңбек етіп жүр.
Жәкең, ғалым ұстаз ғана емес, сонымен қатар білімді маман, ақылды педагог, жүрегі жомарт азамат. Өз жаңұясында жұбайы Испусинова Қалима Жаймұханқызымен 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеген.