АГУ70

ҒАЛЫМ БЕРІК АТАШ

Аташ Берік Мұратұлы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай селосының орта мектебін 1988 жылы тамамдағаннан кейін, Ақтоғай селосында құрылыс цехында қызмет етіп, 1988-1990 жылдар аралығында, Москва қаласында Совет Армиясы қатарында қызмет етті. 1991 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті филология факультетіне түсіп, 1996 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1996-1999 жылдары аралығында Атырау университеті жанындағы әлеуметтік философия мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды.

ҒҰМЫРЫ КЕЛТЕ ҒАДІЛШЕ

Қадірлі ағайындар, мына сілтеме 29.05.2020 ж. еліміздің бас газеті Егемен Қазақстанға шыққан, Қызылқоғаның тумасы, белгілі журналист, жазушы, теледокументалист, теле жүгізуші Қосшиев Назарбектің «Ғұмыры келте Ғаділше» деген, тарихи-танымдық, зерттеу мақаласы. (Назарбек Тоғызбай-Базар ұрпағы, өзі осы топта бар). Бұрын-соңды екінің бірі білмейтін, осы Қызылқоға өңірінің тумасы, Қамыстыкөл мектебінің (қазіргі Ғ.Сланов ат.мектеп) негізін салған, ағартушы Науанов Аяпбергеннің баласы Ғаділше туралы деректі зерттеу мақаласы. Бұл терихи зерттеу мақала Қызылқоға ауданының өлкетану тарихына қосылған үлкен еңбек екені даусыз. Аяпберген де, баласы Ғаділшеде саяси қуғын-сүргін құрбандары, жазықсыз жапа шеккендер. Бірақ өлке тарихына алтын әріппен жазылатын тұлғалар. Назарбектғң өлке тарихына қатысты мақалалары мен кітаптары бұрыннан да аудан оқырмандарына таныс екенін білеміз. Назарбек ініме шығармашылық табыс тілеймін.

 

Марат Жұмағұлов, тарихшы-өлкетанушы

МАЙЛЫБАЕВ ЖӘДІГЕРЕЙ МАЙЛЫБАЙҰЛЫ
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде көп жылдар бойы еңбек еткен ұстаздардың бірі Майлыбаев Жәдігерей Майлыбайұлы болатын. Жарты ғасырлық өмірін осы университетте өткізген Жәдігерей Майлыбайұлының өмірбаянын ұстаздың қызы физика-математика ғылымдарының кандидаты Айман Жәдігерейқызы Майлыбаевадан алдық.
ҚАРСЫЛАСУ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАҺАРМАНЫ ҚҰНЫСКЕРЕЙ

   

   Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген халық санасының рухани жаңғыруы және бұрын зерттелмеген тарихи тұлғаларды зерттеу өзекті мәселе. Сондай тұлғалардың бірегейі Құныскерей Қожахметовтың тарихи тұлғасы болмақ.

   Құныскерей Қожахметовтың қазақ әдебиетіндегі бейнесі, қазақтың халық жазушысы Хамза Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» (1967), «Жүнісовтер трагедиясы» (1970), жазушы Марат Мәжитовтың «Құмдағы із», «Құныскерей» (2002) романдарының, жазушы, өлкетанушы Өтепберген Әлімгереевтің «Құныскерей» (2003, 2018) және Қаратөбелік өлкетанушы Қайыржан Хасановтың «Қос батырдың хикаясы» (2000) кітаптарында жан-жақты суреттеліп, бас кейіпкері болған қаһарман тұлға.

ҰСТАЗДЫҚ ЕҢБЕК-ҚЫЗЫҒЫ МЕН ҚИЫНДЫҒЫ МОЛ ЕҢБЕК
Ұстаздық еңбектің қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мен қырық жылға уақыт Атамбаев мектебінде ұстаздық қызмет атқарғанымның қалай зымырап өткенін байқамайда қалдым. 1982 жылы 5 желтоқсанада Талшын досым мен басқа мектепке кетіп бара жатырмын, сен менің орныма №8 мектепке барасыңба деген еді. Мен қуана-қуана келістім.
ЖІГІТТІҢ ЖАМПОЗЫ ЕДІ
Шахманов Жетіс Ғилымұлы 1949 жылы 22 қыркүйекте Индер ауданындағы бұрынғы Ленин орденді «Передовик» колхозында Шахманов Ғилым отбасында дүниеге келді. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, Ғилымдай әкенің алтын тәрбиесін көріп өскен бала жастайынан жақсылыққа құмар болды. Ал анасы Бектенғалиева Альфия ұлының маңдайынан шертпей, ертеңі үшін алаңдап, қатарынан кем қылмай өсірді.
ҚОС АРЫС
Әркімнің өлшеулі ғұмырында бұл табиғат заңы. 
Бойындағы бар білгенін, рухани нәрін шәкірт санасына құйып, оларды аялап, жанымен сая болып өткендер университетіміздің бір кездегі қос  арысы – Алдабергеновтер: Нұрғожа Қобыланұлы  мен Мәкім Жүнісбекқызы еді.
АДАЛ ЕҢБЕК ҚАНА АБЫРОЙҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Болмысынан бірбеткей, біртоға кейіпімен танылып, адал еңбегімен абыройға бөленген жан Болат Амангелдіұлы Ермековтың есімі туып, өскен ортасы киелі Қызылқоға өңірі мен мұнайлы Мақат ауданына етене таныс. Болат сол ортада есейді, еңбекпен шыңдалды, рухани толысып, бүгінде адами тұлғасын қалыптастырған азамат.
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ-ТАРИХШЫ

Шынымен де тарих ғылымы саласында табандай отыз жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан тарих ғылымдарының докторы Ұзақбай Шаукерұлы Исмағұловтың еңбек жолына назар аударып, оның азаматтық келбеті, тұлғасы жайында ой толғағанымызда жоғарыда келтірілген жәйттің құр босқа еместігіне көзіміз жеткендей болады.

ИБАТ КӘМЕШҰЛЫ ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАУ
Біз, кім туралы ой қозғап отырмыз. Осы барша халықтың көпшілігі жүрегімен сезініп отырғанына кәміл сенемін. Ол-халқымыздың ардақтысы, өлкеміздің асыл перзенттерінің бірі, университетіміздің өркендеп дамуына зор үлес қосқан, өзіндік орны бар - ИБАТ ҚАМЕШҰЛЫ демекпіз.