ҒАЛЫМ БЕРІК АТАШ

ҒАЛЫМ БЕРІК АТАШ

Аташ Берік Мұратұлы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай селосының орта мектебін 1988 жылы тамамдағаннан кейін, Ақтоғай селосында құрылыс цехында қызмет етіп, 1988-1990 жылдар аралығында, Москва қаласында Совет Армиясы қатарында қызмет етті. 1991 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университеті филология факультетіне түсіп, 1996 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1996-1999 жылдары аралығында Атырау университеті жанындағы әлеуметтік философия мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды.

Отбасы жағдайы: әкесі – Аташев Мұрат 1941 жылы дүниеге келсе, анасы Аташева Мария 1946 жылы туған. Үш қыз бен үш ұлдың ішінде ол ұлдардың ортаншысы.  Әкесі ҚазҰУ-нің филология факультетін бітірген, өмірінің көп жылдарын мектептерде мұғалімдік қызмет атқарумен өткізген, ал кей жылдары аудандық газеттің редакторының орынбасары қызметін атқарса, зейнеткерлікке шығар алдында 3-4 жылдай ауыл әкімі болып жұмыс жасаған.

Кезінде, қазіргі Қазақстанға танымал ғалым, саясаткер Н. Оразалинмен достық қатыста болған, А. Қыраубаева сынды филология ғылымдарының докторымен бір группада оқыған, М. Отаралиев, М. Шаханов сынды ақындармен дастахандас болып, талай рет ой бөліскен.

 Анасы Атырау мемлекеттік университетінің биология факультетін тәмамдап, зейнеткерлік жасқа дейін мектеп мұғалімі болып қызмет атқарған. Атырау облысы Ақтоғай ауылындағы мектеп-интеранттың көп жылдар бойы  меңгерушісі қызметін атқарған.     

Жастайынан алғыр, зерек болған Б.М. Аташтың мінезі кейде тұйықтау, көп жағдайда өзімен өзі ойланып жүретін. 3 жасында әкесі басқа көрші ауылға мектеп директорлығы қызметіне шақырылып, анасы және туыстарымен туған ауылында қалған сәттерінде әкесін қатты сағынған ол ауыл сыртындағы өзеннің бойына жалғыз өзі барып, көкке қарап ойланып тұрған сәтінде аспаннан өтіп ұшып бара жатқан құстарды көз шалады. Сол кезде  ол құстарға қарап: «Ау, құстар, папама сәлем айтыңдар!» деп айқайлап тұрыпты. Немерем қайда кетті екен деп іздеп жүрген әжесі оның үнін естіп, үйіне алып барған екен. Қазақ дүниетанымында жалғызсыраған адамның табиғатпен тілдесуі, әсіресе, тау мен суға, құстарға тіл қатуы жалпы көрініс тауып отыратын мотив. Махамбет ақын: «Ау, қызғыш, қызғыш құс...», Қыз жібек жырындағы «Әуелеп ұшқан алты қаз..» т.б. Ендеше, бұл да А. Беріктің ұлттық дүниетанымдағы архетиптік көріністерін қайталап тұрғандығын көрсетеді.

10 сыныпта өткізілетін «Қоғамтану» пәнін жүргізіп тұрған мұғалім диалектиканың мүмкіндік пен шындық категориясын дұрыс түсіндіре алмай, «мен осылай  түсінем, сіздер қалай ойлайсыздар» деген сәтінде Б.М. Аташ оны барынша үздік оқушы деңгейінде толықтай талдап берген еді.

Аташ

Философия ғылымына мектеп табалдырығында оқып жүрген кезінде-ақ қызығушылық танытқан ол Д. Кішібековтың  қоңыр түсті 1991 жылы баспадан шыққан «Философия» атты оқулығын өз бетінше оқып алған. Бірақ Атыраудан Алматы қаласына философия факультетіне оқуға түсуге мүмкіндігі болмаған соң, ол Атырау мемлекеттік университетінің филология мамандығына оқу түседі. Ол кездерде, философиялық пәндер бойынша барлық мамандықтардың 2 курстары жалпы философияны, 3 курстары этика-эстетиканы, 4 курстары логиканы, 5 курстары саясаттануды оқитын еді. Осы пәндер бойынша студенттердің олимпиадасына қатысып, жүлделі орындар алып, еңбектері Республикаға да жіберілген болатын.

5 курсты аяқтаған кезінде оның бақытына орай, Атырау қаласында философия мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімі ашылады. 1996 жылы сол аспирантураға түсіп, ұлттық дүниетанымды зерттеуге ден қойып, «Қорқыт ата мұрасындағы халықтық дүниетаным»  атты қорғалмаған тың тақырыпты таңдап алып, жетекшісі ретінде Атыраулық жергілікті ғалым философия ғылымдарының докторы, профессор Қ. Ермековты бекітеді. Үлкен ізденіс үстінде жүріп, тынбай еңбек етіп, 1 жыл 6 айда 120 беттік жұмысын аяқтап бітеді де, 3 жылдық аспирантураны аяқтамай жатып, 2 жыл бес айда кандидаттық диссертациясын ҚР БҒМ БК философия және саясаттану институтының жанынан құрылған кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалатын кеңесте 09.00.03-философия тарихы  мамандығы бойынша сәтті қорғап шығады.

1999 жылы Атырау мемлекеттік университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына оқытушы, одан соң 1 жылдан кейін аға оқытушы қызметін атқара жүріп, тек философия ғана емес, логика, саясаттану, әлеуметтану, этика-эстетика пәндері бойынша ұстаздық етеді.  Сол жылдары философияны студенттерге оңтайлы түсіндірудің жолдарын іздестіріп, ақыры «Философия пәнін электрондық негізде оқыту» атты көмекші оқу құралын жариялайды.

2003 жылы Атырау қаласында қоғамның әр тарапты әлеуметтік саласын тәжірибе жүзінде зерттейтін «Заңғар» атты үкіметтік емес ұйым ашып, бірнеше мемлекеттік жобалар бойынша жұмыс жасайды. 

Біржола ғылым жолына түсуді мақсат ете отырып, докторлық диссертация жазуға кірісуді ойластырып, аса бір күрделі тақырыпты таңдауды мақсат етіп, «Бейболмыс ұғымының тарихи-философиялық негіздері және оның танымдық маңызы» атты тақырыпты ғылыми кеңесшісі философия ғылымдарының докторы, профессор Жаһан Жамболұлы Молдабековпен ақылдаса отырып,  ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтының ғылыми кеңесінде 2006 жылы арнайы бекітеді.

3 жылдай ғылыми кеңесшісімен ақылдасып, тиянақты жұмыс жасаған Б.М. Аташ 2009 жылы жұмысын аяқтап, барлық талаптарға сай ғылыми жарияланымдарын шығарып, Атырау университетінен аға ғылыми қызметкерлікке шығып, Алматы қаласына қорғауға келеді. Осы жылдар аралығында  докторлық диссертациясын қорғауға дайындала жүріп, Қазақ Бас Сәулет құрылыс Академиясында философия пәнінен дәріс оқиды. 

2010 жылы шілде айында ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтында «Бейболмыс ұғымының тарихи философиялық негіздері және танымдық маңызы» атты тақырыпта докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қорғағаннан кейін де ғылыммен үздіксіз шұғылдануды мақсат етеді де, Алматы қаласын ғылыммен айналысуға қолайлы деп таңдап алып, осы шаһарға қоныс аударады.

2010-2011 жылдары дінтану мәселелеріне де қызығушылық танытып,   Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің дінтану кафедрасында студенттер мен магистранттарға: дінтану әдіснамасы, еркін ой сана тарихы, ғылым мен дін, дін мен мораль, ислам дінінің тарихы т.б. көптеген дінтану ілімінің пәндері бойынша дәріс береді. Осы университеттерде ұстаздық қызмет атқара жүріп, ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтының қазақ философиясы бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды, бұл мекемеде ұлттық философия саласы бойынша бірнеше мақалалар жариялап, бірнеше жобаларға қатынасып, қазақ эстетикасы, қазақ руханияты, Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы мәселелері бойынша ұжымдық монографиялар жариялайды.  Кейіннен, бұл ғылыми мекемемен байланысын үзбестен, жобалар бойынша бірігіп жұмыс жасап келеді.

2011-2012 жылдары  Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасында ұстаздық қызмет етіп, әлеуметтану мен әлеуметтік жұмыс пәндеріне де қызығушылық танытып, әлеуметтану мамандығында оқитын студенттер мен магистранттарға: әлеуметтік зерттеулердің жаңа технологиялары, менеджмент әлеуметтануы, әлеуметтанудағы іскерік этика, индустриалды-инновациялық технологияның әлеуметтік негіздері, әлеуметтік сауалнманың қазіргі заманғы технологиялары, әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыру т.б. әлеуметтану пәндері бойынша дәріс берген болса, әлеуметік жұмыс мамандығына;  халықтың әр түрлі топтарымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс, қатттармен жүргізілетін әлеуметік жұмыс т.б. пәндерден дәріс оқиды.

Гендерологиялық мәселелермен де айналысуға бет бұрып, осы жылдары  аталған оқу орны жанынан құрылған «Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институтында  бас ғылыми қызметкер  қызметін табысты  атқарады.  Гендерологияға қатысты 20-ға жуық ғылыми мақалалар жариялап, гендер бойынша 2 ұжымдық монография дайындауға қатынасады. Осы институт ұйымдастарған гендер бойынша атқарылатын, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер сияқты қоғамдық іс-шараларға да белсене қатысты. 

2012-2013 жылдары Алматы энергетика және байланыс университетінің қоғамдық пәндер кафедрасында саясаттану саласын да игергісі келіп, осы пәннен де дәрістер  жүргізеді. 

2013-2014 жылдары  Абай атындағы Қазақ Педагогикалық университеті магистратура және PhD докторантура институты әлеуметтану және саясаттану кафедрасында қызмет етіп, дінтану және философия мамандығындағы магистранттарға осы салалар бойынша арнайы пәндерден дәріс оқыды.

2014 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің философия кафедрасында ұстаздық қызмет атқарып келеді, онтология, диалектика және таным теориясы, сыни ойлау, философиялық ойлау мәдениеті, ғылым тарихы мен философиясы, ғылыми таным философиясы т.б. пәндерінен дәріс береді.

Ғылыми шығармашылық жұмыспен үздіксіз айналысқан ол бүгінгі күні ғылыми салада жарық көрген барлығы 150-ге жуық ғылыми мақалалары, оның ішінде жақын шет елдерде 4 мақаласы, ККСОН бекіткен журналдарда 30-ға жуық мақаласы  мен 3 оқу құралын, 5-6 монографиясын баспадан шығарған.

Б.М. Аташтың бұрын айналысқан жән айналысып жүрген бағыттары: жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелері, логика, этика, эстетика, ғылыми таным, өнер философиясы, оның ішінде бейнелеу өнері, футурология, дінтану, түркітану, спорт филоофиясы, гендерология, қазақ философиясы, философияны оқыту әдістемесі, тарих философиясы т.б. Осы салалар бойынша мынадай іргелі еңбектері жарық көрді.

Логикадан Асқар Л.Ә, Аташ Б.М. Өрісті логика. -Алматы: Қазақ университеті, 2014.-88 б. (монография); Аташ Б.М., Аскар Л.А. Место логического учения в философии Аль-Фараби //Әл-Фараби және қазіргі заман ІІ Халықаралық форум материалдары. 4 бөлім. 416-426бб.; Аташ Б.М., Асқар Л. Ә. И. Кант философиясындағы ойлау мәдениетінің ерекшеліктері мен логикалық ой түзілімі //Вестник КазНУ: Серия: Философия. Культурология. - № 2. - 2016. - 40-48 бб.; Аташ Б.М. Асқар Л.Ә. Өрісті ойлау мәдениетіндегі бейәдептік тәсілдер мен қисынсыздық және заманауи зияткерлік //Вестник КазНУ: Серия: Философия. Культурология. - № 2. - 2016. - 12-18 бб; Аташ Б.М., Асқар Л.Ә. Өрісті логиканың әдістемелік негіздері: практикалық нұсқаулықтар. -ҚазҰУ Хабаршысы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы. №2 (51). -2015. -12-20 бб.

IMG-20200530-WA0003

Спорт философиясынан Таңжаров М.И., Аташ Б.М. Қазақ спортындағы ұлттық идея.-Алматы: Сагаудтинова, 2016.-173б. (монография); Аташ Б.М., Ахметов И. Спорт психологиясы //Жантану журналы.-№1.-2015.-қаңтар-ақпан.-  24-25бб.

Тарих философиясынан, Аташ Б.М., Толысбай К. Тарихты зерттеу әдіснамасының кейбір тұстары //Вестник КазНУ: Серия: Философия. Культурология. - № 2. - 2016. - 178-186 бб. Тарих философиясынан,    Адамзат эволюциясы мен арғытарихты обьективтілік тұрғыдан түйсінудің кейбір мәселелері //Kultur Evreni Universe of culture.  Вселенная культуры. Ежеквартальный международный журнал общественных наук.  -№14.  -2012.  -62-69  бб.

 Жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелері бойынша, Нұрышева Г.Ж., Аташ Б.М. Ғылыми таным философиясы.-Алматы: Қазақ университеті, 2016.-428 б. (Оқу құралы); Аташ Б.М. Ештеңе және Вакуум – бейсызықтық ғылыми түсініктердің тұғыры: аналогиялық талдау. (Ұжымдық монография) //Қазақ философиясы: өткені, бүгіні, болашағы.-А.:Қазақ университеті.-2016 г.-2014б.; Бейсызықтық ғылыми түсініктегі вакуум және метаонтологиялық ештеңе тұғырларының концептуальді негіздері //Қазіргі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелері: дамуы мен болашағы. -Монография. -Алматы:, 2013. -252б. -6-15 бб.

Дінтану саласынан, Аташ Б.М. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары.-Алматы, 2013.-88 б. (көмекші оқу құралы); Аташ Б.М., Бекебаев Ж. Шамандық пен сопылықтағы психологиялық транс жағдай//Дінаралық диалог және Қожа Ахмет Яссауи мұрасы.-А., 2015.-95-100бб.; Әл-Киндидің  креационистік қағидасының діни-философиялық  негіздері//«Исламтану және араб филологиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті,  Алматы: Нұр-Мүбарак баспасы, 2012.-Т.8 - 1 қараша.-323 б. -119-130 бб.; Дәстүрлі және исламдық құндылықтар: бірігуі мен кірігуі //Әл-Фараби. Философиялық-саясаттанулық және рухани-танымдық журнал, №1(37), 2012.-64-73бб.; Ислам діні: минустер мен плюстер – кеше, бүгін, ертең //Қазіргі заман: Пікірлер әлемі. Философия альманахы.-№3-4.-2012-130-138бб.; Дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің моральдік-психологиялық келбеті //Қазақ тілі және елтану. Біліми-танымдық журнал-№3(23).-2012.-28-31бб.; Түпшаманизм мен алғашқы діни сенімдердің кірігуі//«Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі»: халықаралық ғылыми конференция материалдары.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.-448б.-200-203бб.; Қазақ даласындағы шаманизмнің генезистік құрылымдық функционалдық мәні мен тарихи- әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық мағынасы// Әдіскер Методист. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал.- № 1 (39).- 2011.-25-27 бб.; Діни зайырлылық пен ауытқушылық:дихотомиялар, верификациялар, критерийлер//Қоғам және дәуір. Ғылым-сараптамалық журнал.-№4(36).-2012.-105-113бб.; Мұсылман әйелдерінің киім үлгісі және оның психоәлеуметтік астарлары// Әйел және дін.-Халықаралық форум материалдары.-4 наурыз 2013.-119-125бб.; Еліміздегі діни таным аймағын реконструкциялау бағдарлары //Влияние религии на современный мир. Материалы международной научно-практической конференции.-Алматы: ИФПР КН МОН РК, 2013.-406с.-26-33бб.; Шаманизмнің құрылымдық-функцоналдық негіздері және бақсы тұлғасының ерекшеліктері //Тамыр. Искусство, культура, философия-№1(34).-2013.-94-103бб.; Ғұмар Қараштың дін философиясы// Поиск/Ізденіс.Гуманитарлық ғылымдар сериясы-№4.-2013.-25-29бб.; Ғұмар Қараштың  шынайы сенім мен екіжүзділік туралы тебіренісі //Қазіргі заман: пікірлер әлемі. Философия альманахы.-№3-4(55-56).-2013.-73-80бб.

Этикадан, «Қылмыс-жаза» құрылымындағы метагуманизациялық үдерістер //Қылмыстық саясатты ізгілендірудің өзекті мәселелері. Заң ғылымдарының докторы, профессор Жекебаев Үзіке Сүйкінбайұлының 85 жылдығына арналған   халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.- Астана қаласы.- 25 ақпан.-2012.-142-144бб.

Түркітанудан, Аташ Б.М.,  Құранбек Ә. А., Тұрғанбеков С.Жаһандану дәуіріндегі түркілік рухани құндылықтарды жаңғыртудың өзекті мәселелері//Вестник КазНУ Серия востоковедения №1 (79) 2016. -40-48 бб.; Түркілік рухани құндылықтарды сараптаудың ғылыми алғышарттары //Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі: халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары.-17 қазан.-2012.-Алматы: Қазақ университеті, 2013. -448 б. -141-144 бб.; Жаһандану аясындағы жалпытүркілік рухани құндылықтарды  қайта жаңғыртудың өзекті мәселелері //Ұлттық тәрбие. Республикалық ғылыми-көпшілік журнал.-№6 (14).-2012. -57-61бб.; Түркілік рухани құндылықтарды репрезентациялау: ретроспектива-интроспекция-перспектива //Kultur Evreni Universe of culture. Вселенная культуры. Ежеквартальный международный журнал общественных наук -№13. -2012. -88-95 бб.; Түркі халықтарындағы елдік Рух негіздері //Bilimsel Ekzen. Scientific Axis.Научный меридиан. Ежеквартальный международный журнал общественных наук -№8.-2012. -22-29 бб.; Түркілік рухани құндылықтарды  қайта жаңғыртудың заманауи мәселелері //«Заманауи түркі әлемінің рухани құндылықтары» атты философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаевтың 65 жасқа толуына арналған дөңгелек үстел материалдары. -23 сәуір 2013. - Алматы: Қазақ университеті, 2013. -203 б. - 49-55 бб.

Гендерологиядан, Аташ Б.М. Этногендерологияның теориялық-әдіснамалық негіздері //Этногендерология (Ұжымдық еңбек: оқу құралы).-2015.-224б.;Аташ Б.М. Отбасылық ажырасу: себептері мен алдын-алу жолдары (Стенд.баяндама) //«Қазақстан дамуының қазіргі кезеңіндегі отбасы және отбасы құндылықтары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция.- 2016.- 20 мамыр.;Аташ Б.М., Құранбек Ә.Қазақ әйелінің мәртебесі //Ақжүніс.-№1-2.-2015.-10-14бб.; Феминизм-гендерология-неогендерология-постгендерология эволюциясы //Ақиқат журналы. -2016. -№; Гендер мәселесін зерделеудің теориялық-әдіснамалық түйткілдерінің кейбір заманауи тұстары //Қоғамды әлеуметтік модернизациялаудың гендерлік аспектілері атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы.-Алматы: ҚазМемҚызПУ, 18 мамыр. - 2012.-35 6б. -88-91 бб.; Дәстүршілдік пен жаңашылдық  ұстанымын қазақ отбасында қолданудың ерекшеліктері //Әйел және отбасылық құндылық: дәстүрлі отбасылық саясаттың тәжірибесі атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы.-Алматы: Қыздар университеті, 2013.-300б.-233-238бб.;Феминизм проблемаларының психоаналитикалық  астарлары: сыни көзқарастар //Жантану.Республикалық ғылыми-әдістемелік, психологиялық журнал-№2(28). -2014. -5-8 бб.; Д.Ж. Нөкетаева, Г.Н. Абдықалықова, М.С. Бекбосынова, З.М. Қодар, С.И. Оспанов, С.Б. Булекбаев, Б.М. Аташ, М.С. Юнусова, К.Ж. Тайшикаова, Ж. Баймухметов, Тлуекенова, Г.Қ Аймағамбет, Г.Қ Бектұрғанова, М.Қ. ӘміроваГендерологиялық мәселелер //Алматы: Қыздар университеті, 2014.-226б

Футурологиядан, Аташ Б.М. Футурологиялық зерттеулер: теориясы мен практикасы.-Алматы, 2017 (монография) (баспада терілуде); Аташ Б.М., Таңжаров М. Адамзат қоғамының болашақтағы рухани-адамгершілік келбеті //Қазақстанның рухани өмірі: тарих және қазіргі заман атты ғылыми тәжірибелік конференция материалдары.-А., 2015.-246-257бб.; Футурологиялық зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы мәселелерін жүйелеудің кейбір мәселелері //Философия ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ш. Шүлембаевтың 75 жылдығына арналған «Шүлембаев оқулары» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. -2-3 наурыз.- 2012.-Алматы: КазНПУ им. Абая.- 407 б. -118-123 бб.; Қазақстандағы футурология ілімін өркендету мәселелері және ғылым дамуының футурологиясы //Шет тілдер және іскерлік карьера университеті/Ғылыми педагогикалық журнал. «Тәуелсіздігінің 20 жылында Қазақстандағы ғылыми түсініктер және жүйелер» атты Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары -№15. -Алматы, 2012. -271 б. -127-131 бб.; Футурология ілімінің жалпы теориялық-әдіснамалық мәселелері //Қайнар университетінде өткізілген Тәуелсіздік талаптары контексіндегі отандық білім: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.- 20-21 желтоқсан, Алматы: Қайнар университеті, 2011-350 б. -12-16 бб.;Өркениет пен прогресс аясындағы футурологиялық мәселелер //Академик Ш.Ч. Чокиннің туғанына 100 толуына орай өтетін «Қазіргі жағдайдағы энергетика, телекоммуникациялар және жоғары білім» атты 8-ші Халықаралық ғылыми-техникалық конференцияның баяндама тезистері. -27-29 қыркүйек.- Алматы, 2012 .-187б. -164б.; «Ақыр заман»  түсінігін зерттеудің теориялық-әдіснамалық мәселелері //Адам әлемі. Философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал. -№4 (54).  -2012.  -106-116  бб.

фото

Қазақ философиясынан, М.А. Нуриев, Б.М. Аташ, С.Мошанов, Н.Б. Маханова  Қазақ философиясы.-Алматы: АГУ, 2013. -(оқу құралы) Оқу құралы.- Алматы:Абай атындағы ҚазҰПУ, 2014.-135 б.; Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы //Монография.-Алматы, 2014. -250б.; Аташ Б.М. II тарау. Ғұмар Қараштың ұлттық рух философиясы //(Ұжымдық монография) Қазақ философиясы тарихы: Ежелгі дәуірден бүгінгі заманға дейін-Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2015. -388 б. -326-378 бб.; Аташ Б.М. Қорқыт дүниетанымындағы адам мен әлем бірлігі//Адам әлемі. -№1-2 .-2015. -200-212б.; Аташ Б.М., И. Ахметов. Ұлттық идеяның мәдени-тарихи және саяси-әлеуметтік негіздері//Саяси ғылым: Ерекшеліктері мен проблемалары. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы Р.Б. Әбсаттаровтың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -А, 2015. -11-12 желтоқсан. -91-95 бб.; Аташ Б.М., Бекебаев Ж. Ұлттық идеяның тарихи-cаяси негіздері: танымдық бағдарлар //Саяси ғылым: Ерекшеліктері мен проблемалары. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы Р.Б. Әбсаттаровтың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.-А, 2015.-11-12 желтоқсан -95-98бб.; Аташ Б.М., Ақсериков Г. «Жерұйық» пен «Мәңгілік ел» концепттерінің  саяси-әлеуметік қырлары: тарихи  ұстындары мен көкжиегі. //Саяси ғылым: Ерекшеліктері мен проблемалары. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы Р.Б. Әбсаттаровтың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.-А, 2015.-11-12 желтоқсан -86-91бб.; Аташ Б.М. Асқар Л.Ә. Абай әлемі //«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газет.-2016.-№240 (25 желтоқсан).-8б.; Нұрышева Г., Аташ Б.М. Этносаясаттану мектебінің негізін қалаушы Раушанбек Әбсаттаров туралы бірер сыр //Президент және халық республикалық қоғамдық-саяси газет.-2015.-№49.-7 б.

Айқын.-№240 (2871).-25 желтоқсан.-2015.; Аташ Б.М. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру бүгіннен басталады//Заң газеті.-2016.-№21.-3б.;Түркілік дүниетанымдағы «Дала философиясы» және оның қазіргі отансүйгіштікпен сабақтасуы //Жастар. Руханилық. Интеллектуальды ұлт» атты философия ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Ағын Хайроллаұлы Қасымжановтың 80 жылдығына арналған Ү Қасымжанов оқулары: халықаралық ғылыми теориялық конференция материалдары. -   Алматы: Қазақ университеті, 2011.- 19 қазан.-236б.- 105-110бб.; Қазіргі заманғы қазақ азаматы тұжырымдамасы: өзектілігі, құрылымы, негізгі бағдары //Қазіргі кезеңдегі Қазақстаның инновациялық саясатының басымдық бағыттары мен технологиялары атты ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.-27 наурыз.- 2012.-250 б.-196-201бб.;Ұлттық идея аясындағы тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негіздерінің заманауи түйткілдері //ҚызМемПУ хабаршы/Ғылыми журнал. Педагогика сериясы.-№4.(40)-2012.-78-81бб.; Ахмет Байтұрсыновтың поэтифилософиясындағы ұлтты рухтандырушылық тетіктер//«Түрік әлемін  зияландығандар: Мехмет Акиф Ерсой,  Ахмет Байтұрсынұлы» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанының 20 жыл және Түркия Республикасының әнұранына 90 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.//Ғылыми-педагогикалық журнал, №13, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті,.-Алматы, 2012.- 278б. – 185-188бб.; Дәстүрлі қоғамдағы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың қазақ руханиятын қалыптастырудағы маңызы мен ролі //Қазақ руханияты: тарихи-философиялық және этномәдении негіздер. Ұжымдық монография.-Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2013.-375б.-196-215бб.;Ұлттық идея және жат бағыттағы ислам ағымдарының идеологиясы //Қазақстандағы конфессия аралық келісімді нығайтудағы дәстүрлі діндердің орны.Халықаралық ғылыми-теориялық конференция  материалдары.-Алматы, 2013. -264 б. -36-41 бб.; Қазақ әфсаналарының философиялық мазмұнын ашып көрсете оқытудың негіздері //Қазақ тілі және Елтану.Біліми-танымдық журнал-№1(25).-2013.-12-18бб.;А. Яссауидің саяси-әлеуметтік көзқарастары //Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Хабаршы «Әлеуметтік және саяси ғылымдар» сериясы.- №4(44). -2013. -3-15 бб.; Қорқыт ата мұраларындағы оғыз-қыпшақ ұлысының саяси-әлеуметтік келбеті //Ұлттық педагогикалық университеті Хабаршы «Әлеуметтік және саяси ғылымдар» сериясы.- №2 (42). -2013. -77-90 бб..

 Өнер философиясы, оның ішінде бейнелеу өнерінен, Бейнелеу өнері туындыларын талдау мәселесінің теориялық-әдіснамалық бағдарлары //ҚР  ҰҒА  Х абарлары Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы, №6 (279),  2011, қараша-желтоқсан.   -114-118бб.; «Бақсы» туындысының көркемдік-философиялық ерекшеліктері //Ұлттық қоғамдық-саяси журнал. -№11. -2012 қараша. -134-136бб.; Ш. Сариевтің «Мінажат» атты туындысының көркемдік-философиялық ерекшеліктері Қазақ тілі және Өлкетану. Біліми-танымдық журнал. --№4 (24). -2012. -4-7 бб.; К.Дүйсенбаевтың «Тастар» туындысының көркемдік-философиялық ерекшеліктері //Университет Қайнар. Қазақ өркениеті.. - 2011. - №3 (44).- желтоқсан . -5-10 бб; О.Таңсықбаев шығармашылығындағы «Көшіп келу» туындысының көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері //Орта Азия сәндік-қолданбалы өнері: кешегі, бүгінгі, ертеңгі. «BAKHYT» сәндік-қолданбалы бейнелеу  орталығына 15 жыл және Халықаралық бизнес Академиясына 25 жыл толуына байланысты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға арналған материалдар.-30 қараша, 2013,.-Алматы .-13-18бб..

 Философияны оқыту әдістемесінен, Аташ Б.М. Студенттерге «Онтология» пәнін оқытудағы Бейболмыс мәселесін ұғындырудың тетіктері //«Философияны оқыту: мәселелері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция. -А., 2016. -25-28 бб.; Аташ Б.М., Танжаров М. Ғылым тарихы мен философиясы пәнін МӨОЖ өткізудің продуктивті ойлауға бағдарланған жолдары //«Философияны оқыту: мәселелері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемөлік конференция. -А., 2016.-28-30 бб.; Аташ Б.М. Дінтану мамандығындағы магистранттарға құрылымдық-функционалдық талдау әдісін үйретудің тетіктері //«Философияны оқыту: мәселелері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемөлік конференция. -А., 2016. -30-33 бб.; Аташ Б.М., Сүлейменов П. Магистранттардың креативті ойлауын өркендетудің әдістемелік бағдарлары //Пофессор Ф.С. Ташимованың 60 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби және қолданбалы психологияның қазіргі заманғы мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік конференцияның материалдары», 2016. -175-179 бб.; Аташ Б.М., Саурбаева Р. Барлық мамандықтағы ғылым тарихы мен философиясы пәні бойынша МОӨЖ өткізудің инновациялық тетіктері //ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Нұрпейіс оқулары аясында өтетін «ХХІ ғ. Қазақстандық ғылым: өзекті мәселелері мен келешегі» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Алматы, 11 Наурыз. -2016. -188 б. -166-168 бб.; Аташ Б.М., Асқар Л.Ә. Магистрантардың ғылыми-шығармашылық ойлауын дамытудың инновациялық-продуктивтік тетіктері //ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Нұрпейіс оқулары аясында өтетін «ХХІ ғ. Қазақстандық ғылым: өзекті мәселелері мен келешегі» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Алматы, 11 Наурыз. -2016. -188 б. -97-110 бб.

Әлеуметтік жұмыс бойынша, Аташ Б.М., Күленбек А. Қазіргі кездегі қарт адамдардың көңіл-күйі мен әлеуметтік белсенділігінің кейбір мәселелері //ҚазҰПУ Хабаршысы. Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. -№4 (52). -2015. -69-72 бб.

Онтология саласы бойынша, Аташ Б.М. Бейболмыс философиясы.-Алматы, 2014.-332б. (монография); Аташ Б.М., Асқар Л.Ә., Құранбек А. Әл-Фараби философиясындағы «Бейболмыс» мәселесі //Әл-Фараби және қазіргі заман ІІ Халықаралық форум материалдары. 4 бөлім 426-432бб.

Әлеуметтік философия бойынша, Ажырасқан жастарға көз үйрене бастады //Класс/Тайм. -24 сәуір, 2013.-№17(65). -12б.; Жанұялық ажырасу: себептері, қайшылықтар, алдын-алу жолдары //Ізденіс.Поиск. Гуманитарлық ғылымдар сериясы -№2. -2013. -107-112 бб.

Қазіргі таңда, сыни ойлау, трансгуманизм, трансгендеризм, шаманизм, бейнелеу өнерінің философиялық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп келеді.

Амантай Мұхаметалиев, Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің магистры,

"Жайық" спорттық-мәдени кешеннің директоры

Теги АГУ70 сайттайсойган тайсойғансайты