Белгілі жазушы Қалдыбай Мамытбектің "МЕН-ХАЛҚЫМНЫҢ БАУЫРЖАНЫМЫН" атты кітабынан үзінділер жалғасы..
Жазушы Өтепберген Әлімгереевтің күшті де мерген, ақылды да адал, өздігінен ешкімге тимеген, ешкімді нақақ өлтірмеген, бірақ аламын дегенін азуы алты қарыс билер мен байлар, аузымен құс тістеген әкім-қаралардан алған, халық жақтап, байлар қолдап, билер демеп, қазірет пен молдалар батагөйі болған, байтақ даланың тентек, тел өскен ерке ұлы, батыры туралы "ҚҰНЫСКЕРЕЙ" кітабын жариялауды жөн көрдік. Қабыл алыңыздар!.
Нұрберген Өтепұлы Балғымбаев-атақты мұнайшылар әулетінің жарқын өкілдерінің бірі болып табылады. Ол 1949 жылы Доссор кентінде дүниеге келді. Еңбек жолын бұрғылаушының көмекшісі болып бастаған Нұрберген Өтепұлы, ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің Сыртқы экономикалық байланыс басқармасы бастығының орынбасарына дейін әртүрлі деңгейде қызмет атқарды.
Әлемнің әр түкпірінде қызмет бабымен жүріп, түрлі адамдармен қарым-қатынаста болған Нұрекең өз әсерлерімен және естеліктерімен бөлісіп, жазба жүргізіпті. Естеліктері біздің сайтта «ЗАПИСКИ НЕФТЯНИКА» деген циклімен орыс тілінде жарық көрген болатын. Ұсынып отырған бұл жазбаларды назарларыңызға қазақ тілінде жалғастыруды жөн көрдік. Қабыл алыңыздар!
Осы жылдың 17 ақпаны күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың, Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтың иегері, жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев 62 жасқа қараған шағында дүние салды. Бүгін абзал ағамыздың туған күні еді. Осыған орай Рахымжан ағамыздың ұлы Ермерей Рахымжанұлының «Ана тілі» газетіне берген естелігін жариялап отырмыз.