Предлагаем вашему вниманию воспоминания ветерана-нефтяника Тулегена Байзакова. Тулеген Байзаков родился в 1944 году в селе Талкайран Гурьевской области в семье рыбака. После окончания средней школы два года работал слесарем по ремонту нефтяного и бурового оборудования на месторождении Карсак НПУ Байчунас. В 1962 году поступил в Грозненский нефтяной институт, который окончил в 1971 году. Между учебой проходил службу в Группе советских войск в Германии. С 1971 по 1987 годы прошел путь от бурового мастера до начальника Балыкшинского управления разведочного бурения. С 1987 по 1997 годы начальник производственного отдела БУРБ и ПО Эмбанефть, начальник УПНПиКРС, Вице-президент по бурению ПО Эмбанефть. С 1997 по 2008 годы генеральный директор Совместного предприятия «Матин».
Алматы - менің жастығым ... .
Бұл 1969 жыл болатын. Алматыға В.И.Ленин атындағы Политехникалық Институттың мұнай факультетіне оқуға түсуге келдім. Қияндағы Гурьевтің , Мақат ауданындағы Сағыз деген мұнай кәсіпшілігінен мұнайшы болам деген арман жетегінде Мақаттан тіке Алматыға тарттым. Интернаттағы үш жыл біраз нәрсеге үйретті ғой, көпшіліктің ортасында қалай өмір сүру керек екенін біршама білемін. Бірақ бір қырсығы орысшаға шорқақпын ... .2012 жылы «Ақ Жайық» баспасында көрнекті мұнайшылардың бірі Байзақов Төлеген Байзақұлының «ЦЕЛЕУСТРЕМЛЕННОЕ УСЕРДИЕ-ОҢҒАРЫЛҒАН ТАЛАП» атты екі тілде кітабы жарық көрген болатын. Саналы өмірін жер асты байлығын ел игілігіне пайдалануға арнаған көрнекті мұнайшының болашаққа айтары аз емес. Бұл туынды оқырман қауымның көңілінен шығады деген сенімдеміз.
Ардагер геолог-барлаушы «Құрмет» орденінің иегері Бисенбай Бисенғалиев (Бәкөн әл-Сағыз) ағамыздың естеліктер жалғасы. Б.Бисенғалиев Ардагер геолог-барлаушы «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «Құрмет грамотасы», «ІХ бес жылдықтың социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісі, «Қазақстан мұнайына 100 жыл»,«Маңғыстау мұнай-газ барлау» кешенді экспедициясына 50 жыл», «Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы», «Еңбек ардагері» төсбелгілері сияқты отан наградаларымен, ақшалай-заттай сыйлықтармен, аудандық әкімшіліктің алғыс хаттарымен марапатталды. Басшылық қызметке тағайындалғанға дейін ұзақ жылдар бойы қоғамдық жұмыс ретінде ұжымдық кәсіподақ ұйымына жетекшілік жасады. Қоғамдық жұмысты да абыройлы атқарғанының дәлеліндей сол кездегі Кеңес Одағының Орталық Кәсіподақ комитетінің(ВЦСПС)бірнеше дүркін, республикамыздың, облысымыздың Құрмет грамоталарына, Алғыс хаттарына, сыйлықтарына ие болды. Есімі «Ел ардақтылары-Бұрғышылар» жинағына, «Незабываемое: страницы истории Мангистау» энциклопедиясына, «Олар алғашқылардың бірі болды. Они были первыми» деген кітапқа енген. Туған ауылын мәңгілік есте қалдыру жобасының жетекшісі, идея авторы, «Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі» энциклопедиялық жинағының, «Студенттік естеліктер» кітабының авторы. Ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан немере-жиен сүйіп отырған абыройлы ардагер.
2014 жылы «МҰНАЙ МЕН ГАЗДЫ БАРЛАМА БҰРҒЫЛАУ - БАРША БАЙЛЫҚ БАСТАМАСЫ» (Қазақстандағы мұнайды барлама бұрғылау ісінің және Балықшы барлама бұрғылау басқармасының қысқаша тарихы) атты энциклопедия жарық көрген.
Бұл еңбекте Қазақстандағы мұнайды барлама бұрғылау ісіне қысқаша шолу жасалады және Балықшы барлама бұрғылау басқармасының құрылу, даму тарихы баяндалады. Сондай-ақ, энциклопедияға Басқармада әр түрлі кезеңдерде жұмыс жасаған бұрғышы мұнайшылардың ғұмырнамалары берілген. Қазақстандық Бұрғышылар әлемінің шежіресіндей болатын осынау салалық энциклопедияда жинақталған мақалалар мен шолу материалдардың оқырманға берер танымдық-тағылымдық мәні маңызды.
Бар болғаны 500 данамен шыққан шығарманы сайт бетінде жариялауды жөн көрдік. Кітаппен мына сілтеме арқылы танысуға болады.