Ардагер геолог-барлаушы «Құрмет» орденінің иегері Бисенбай Бисенғалиев (Бәкөн әл-Сағыз) ағамыздың өмірден өткен қимас досы Марат Қорқытұлы Байзақов турыл естелігін сайт бетіне жариялап отырмыз. Естеліктің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуларыңызға болады
М.Қ.Байзақов- Қазақстан Республикасының Минералдар Қоры Академиясының мүше-корреспенденті, Бүкіләлемдік инженер-мұнайшылар қоғамының қазақстандық секторының вице-президенті(SPE). 1984-1992 жылдар аралығында «Қазақ Геологиялық Барлау Ғылыми Зерттеу Институтында» бұрғылау бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары, ал 1993-2004 жылдары осы институттың Директор-Президенті болып еңбек еткен. 2001 жылдың 04 маусымынан 2002 жылдың 04 маусымына дейінгі аралықта «Адай Петролеум компаниясы» (Американдык ’’Ферст Интернешл Ойл Корпорейшн ЛТД’’ пен ’’Роснефть’’ Бірлескен Кәсіпорнының) Бас директоры, ал 10 .02.2004 - 29.12.2012 аралығында «Компания Аташ» ЖШС («ҚазМұнайТеңіз» МҰК Акционерлік Қоғамы мен «Лукойл Оверсиз ЛТД» Бірлескен Кәсіпорны) Бас директоры, 2012-2016 ж.ж «Қазақ Ғылыми Зерттеу және Жобалау институтының» Зерттеу Орталығының директоры.
Қазақстан Республикасы минералдық ресурстары Академиясының корреспондент-мүшесі. 80-нен астам ғылыми мақалалардың, 2 монографияның, 20 ғылыми еңбектің авторы және серіктес авторы.
Ұзақ жылдардағы абыройлы еңбегі үшін, мұнай-газ кешенін дамытудағы ел алдындағы ерен еңбегі үшін «Құрмет» орденіне, «Қазақстан мұнайына 100 жыл» төс белгісіне ие болды. Атырау облыстық әкімі мен мәслихатының Құрмет грамотасының, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің, «Қазмұнайгаз», «Лукойл Оверсиз ЛТД», «ҚазМұнайТеңіз» Акционерлік қоғамдарының Құрмет грамоталарының, «Құрметті геолог-барлаушы» атағының иегері. Ұлдарын ұяға ұшырып, немере сүйіп отырған, елге сыйлы азамат еді.