Ардагер геолог-барлаушы «Құрмет» орденінің иегері Бисенбай Бисенғалиев (Бәкөн әл-Сағыз) ағамыздың естеліктер жалғасы. Б.Бисенғалиев Ардагер геолог-барлаушы «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «Құрмет грамотасы», «ІХ бес жылдықтың социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісі, «Қазақстан мұнайына 100 жыл»,«Маңғыстау мұнай-газ барлау» кешенді экспедициясына 50 жыл», «Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы», «Еңбек ардагері» төсбелгілері сияқты отан наградаларымен, ақшалай-заттай сыйлықтармен, аудандық әкімшіліктің алғыс хаттарымен марапатталды. Басшылық қызметке тағайындалғанға дейін ұзақ жылдар бойы қоғамдық жұмыс ретінде ұжымдық кәсіподақ ұйымына жетекшілік жасады. Қоғамдық жұмысты да абыройлы атқарғанының дәлеліндей сол кездегі Кеңес Одағының Орталық Кәсіподақ комитетінің(ВЦСПС)бірнеше дүркін, республикамыздың, облысымыздың Құрмет грамоталарына, Алғыс хаттарына, сыйлықтарына ие болды. Есімі «Ел ардақтылары-Бұрғышылар» жинағына, «Незабываемое: страницы истории Мангистау» энциклопедиясына, «Олар алғашқылардың бірі болды. Они были первыми» деген кітапқа енген. Туған ауылын мәңгілік есте қалдыру жобасының жетекшісі, идея авторы, «Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі» энциклопедиялық жинағының, «Студенттік естеліктер» кітабының авторы. Ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан немере-жиен сүйіп отырған абыройлы ардагер.
...Далянь қытайдың солтүстік шығысындағы Ляодун деген Сары теңіз жағасындағы жарты аралдағы ірі қала. Ертеректе қытайлардың балықшыларының кішкене ғана ауылы екен, содан 1898 жылы орыстар сол жерден өздеріне Дальний деген портты қала салыпты. Орыстарды жапондар жеңгеннен кейін, қала 1904 жылдан 1945 жылға дейін жапондардың қол астында болады. Кеңес армиясы 1945 жылы жапондардан азат етіп өздеріне қайтып алады да, 1950 жылы қытайларға басыбайлы сыйға тартады. Бұлардың барлығын неге жазып отырмын? Далянь қаласында орыстардың қытайлардың, жапондардың қала салу мәдениеттерін, ұлттық архитектураларын көруге болады. Қаланың халқының саны 6 миллион адам. Қытайлардың жобасы бойынша орташа қала болып есептеледі...
Ардагер геолог-барлаушы, «Құрмет» орденінің иегері Бисенбай Бисенғалиев (Бәкөн әл-Сағыз) ағамыз бірнеше авторлармен бірігіп, 2017 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінің 80 жылдық мерейтойына арнап журнал дайындаған еді. Әр түрлі себептермен баспа жарыққа шықпаған болатын. Журнал басшылығының рұқсатымен осы туындыны сайт бетінде жариялауды жөн көрдік.
Әр ауылдың өз айтқыштары мен Қожанасырлары болатыны белгілі. Біздің Сағызымыз да ондайлардан кенде болмаған. Бұл бөлімде біз кезінде ауыл арасында кең тараған, әзілі мен шыны аралас айтылған хикаяларды топтастырдық. «Аузында әзілі жоқтың, қолында шоқпары бар» деген бар. Ауылдастарымыздың айтқандары ешқандай зілі жоқ әзілдер, бүгінгі ұрпаққа үлгі болатындай қазақы қалжыңдар болатын. Бүгінгінің арзанқол анекдоттарындай емес, өмірдің өзінен алынған әдемі әзілдер мен халықтық қалжыңдардың нағыз үлгісін назарларыңызға ұсынғымыз келді.
Бисенбай Бисенғалиев (Бәкөн әл-Сағыз)