ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАУЫНГЕРЛЕР ШЕЖІРЕСІ
ЖАУЫНГЕРЛЕР ШЕЖІРЕСІ

Жуырда «Ауған соғысындағы Атыраулық жауынгерлер шежіресі» деп аталатын жинақ жарық көрді. Бұл жинаққа Ауғанстанда интернационалдық борышын атқарған 500-ге жуық атыраулық жауынгерлердің өмірбаяны енгізіліпті. Жинақтың авторы- филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Ермекова бүгінгі таңда Атырау мұнай және газ университетінде доцент болып қызмет атқарады. Автор бұл жинақпен шектеліп қалмайтынын, «Қара майор» деген атпен кеңінен танымал болған ауған соғысының батыры болған гвардия полковнигі Керімбаев Борис Төкенұлы туралы және т.б. батырлар туралы документалды фильмдер түсіру жоспарында бар екенін бізбен бөлісті. Айта кететін жайт, мұндай энциклопедиялық еңбек елімізде тек қана атыраулық жауынгерлер жөнінде жарық көрген екен. Жас ғалым әрі жазушы Айгүл Ермековаға шығармашылық табыс тілейік.

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Жақында  «Атырау қаласының тарихы» атты монография жарық көрді. Бұл еңбек Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеттің негізін қалаған профессор Хисмет Табылдиевтің монографиясы болатын. Т.ғ.д., профессор Хисмет Бозанұлы Табылдиев өмір бойы Атыраудың тарихын зерттеп өткен ғалым. «Атырау қаласының тарихы» атты монография оның 1973 жылы қорғалған кандидаттық диссертациясының негізінде дайындалған. Монографияға т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі М. Қойгелдиев пен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры т.ғ.д., профессор З.Е.Қабылдинов ғылыми пікір беріпті. Ал монографияны баспаға дайындаған және оның ғылыми редакторы болған т.ғ.д., профессор Жәмиға Таңатарова екенін айта кеткен жөн.

НҰРЛАН-ЧЕМПИОН!
НҰРЛАН-ЧЕМПИОН!

   Жуырда Въетнамдағы ХО ШИ МИН қаласында таеквондодан Азия чемпионаты өткен болатын. Бұл жарыста еліміздің құрама командасынан екі спортшы жеңімпаз болды. Солардың бірі Асан Қасаев пен Асқар Тоқтабаев баптаған атыраулық Нұрлан Домбаев. Ол паратаеквондодан екі рет сайысқа шығып, алтыннан алқа тақты. Айта кететін жәй, Нұрлан Домбаев өткен жылы Азия мен әлем чемпионатында жеңімпаз болған болатын. Биыл күзде Азия ойындары өтеді. Бұйыртса, жерлесіміз сол ойынға қатысып, жеңімпаз болады деген үміттеміз!

ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚША!
ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚША!
 Биыл Атырау қаласындағы Шалабаева Әлия Бөлекқызы басшылық ететін №14 «Нұрай» балабақшасының жүздеген түлегі ыстық ұяларынан ұшып, мектеп есігін ашпақ. Осыған орай балабақша ұжымы мерекелік қоштасу кешін ұйымдастырған еді.
1 2 3 4 5 6