БАЛАЛАР КҮНІНЕ

БАЛАЛАР КҮНІНЕ

Атырау мұнай және газ университеті балалар арасында спорттық ойындардың жеті түрі бойынша жарыс өткізді. Жарыс соңында жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар тапсырды. Салауаттылық өмір салтын насихаттау мақсатында бұл университет мұндай шараларды жиі өткізіп келетінін айта кеткен жөн. Наурыз айында халқымыздың «амал» дәстүріне арнап, ұлттық ойындарының фестивалі өткен болатын. Профессор Еркін Төлегенов басшылық ететін «Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы» мүшелері бұл фестивальға кеңінен ат салысты. Нәтижесінде осы университеттің көптеген студенттері жүлделі орынға ие болды.