ЖАҢАЛЫҚТАР

СӘБИ СЕКІЛДІ ЖАН ЕДІ... немесе РЕДАКТОРДЫҢ ҮЙІНЕ ОТЫН ҚАЛАЙ ТҮСІРІЛДІ?..
СӘБИ СЕКІЛДІ ЖАН ЕДІ... немесе РЕДАКТОРДЫҢ ҮЙІНЕ ОТЫН ҚАЛАЙ ТҮСІРІЛДІ?..
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетініде белгілі қаламгер, Атырау журналистерінің ұстазы болған Теңдік Жауыровты еске алуға арналған шара өтті. Шараға қатысқандар Теңдік ағаны еске алып қыл қалам шеберінің өмірінен кейбір қызықты тұстарын айтып берді.
ЖАНКҮЙЕР ШОЛУЫ
ЖАНКҮЙЕР ШОЛУЫ
Төрткүл дүние көз тігіп отырған әлем чемпионаты атыраулық жанкүйерлердің де назарынан тыс қалмауда. 20 маусымда Қазан қаласында Испания – Иран құрамаларының арасында кездесуі өткен болатын.
АҢСАҒАН МҰСТАФА: «СӨЙЛЕ, СУРЕТ!»
АҢСАҒАН МҰСТАФА: «СӨЙЛЕ, СУРЕТ!»

Дарынды қылқалам шебері Аңсаған Мұстафа- жұртшылыққа  танымал есім. Туындылары ғаламтор  арқылы дүние жүзіне әйгілі болып, көрмелер ұйымдастырылуда. Сондай шараның бірі Орал қаласында «Сөйле, сурет!» деген атпен өтуде. Бұл жаңалықпен суретші Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында  оқырмандарымен бөлісті.

Талант иесіне қаламы ұшталмасын деп тілейміз!

АЛАШЫМ!!! АЛАШЫМ!!! АЛАШЫМ!!!
АЛАШЫМ!!! АЛАШЫМ!!! АЛАШЫМ!!!

15-маусым күні Мәскеуде оқып жатқан қазақ студенттері болып қала төңірегінде орналасқан қорымға барып тағзым етіп, құран бағыштадық. Бұл қорымға алаш қозғалысының белсенділері З.Әбенов, Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожанов жерленген болатын. Рәсімге Сұлтанбек Қожановтың немере келіні мен шөбересі келді.

Көзі тірісінде қазақ зиялыларының ел үшін, жер үшін жан аямай сіңірген еңбегі орасан зор болатын. Бұл аруақтарды әрбір қазақ жадында сақтап, олардың өмір тарихын жатқа білуі тиісті деп ойлаймын. Сөздің шындығы керек, бұл есімдерді өмірде естіп көрмеген жандар бар.