Жақында «Атырау қаласының тарихы» атты монография жарық көрді. Бұл еңбек Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеттің негізін қалаған профессор Хисмет Табылдиевтің монографиясы болатын. Т.ғ.д., профессор Хисмет Бозанұлы Табылдиев өмір бойы Атыраудың тарихын зерттеп өткен ғалым. «Атырау қаласының тарихы» атты монография оның 1973 жылы қорғалған кандидаттық диссертациясының негізінде дайындалған. Монографияға т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі М. Қойгелдиев пен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры т.ғ.д., профессор З.Е.Қабылдинов ғылыми пікір беріпті. Ал монографияны баспаға дайындаған және оның ғылыми редакторы болған т.ғ.д., профессор Жәмиға Таңатарова екенін айта кеткен жөн.