1-қыркүйек –«Білім күніне» орай оқушыларға еліміздің мыңдаған мектеп есіктері айқара ашылды. Қасиетті білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған балғын шәкірттер мен келесі сыныпқа көшкен оқушыларға арнап қоңырау соғылды. Сондай игі шара Атырау қаласының жалпы білім беретін №28 орта мектепте де өткен болатын.