СЫҢҒЫРЛА, АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!

СЫҢҒЫРЛА, АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!

1-қыркүйек  –«Білім күніне» орай  оқушыларға еліміздің мыңдаған мектеп есіктері айқара ашылды. Қасиетті білім ордасының  табалдырығын алғаш аттаған балғын шәкірттер мен келесі сыныпқа көшкен  оқушыларға арнап қоңырау соғылды.  Сондай игі шара Атырау қаласының жалпы білім беретін №28 орта мектепте де өткен болатын.

IMG-20180901-WA0017

Мерекелік безендірілген мектеп ауласына жазғы демалыста жақсылап тынығып, бұл күнді асыға күткен форма киген оқушылар мен ата-аналар жиналды. Шәкірттердің қолдарында ұстаған шарлар мен гүл шоқтары бар. Ұйымдастырылған шара өте тартымды өтті.

IMG-20180901-WA0019

Салтанатты шара мемлектеміздің әнұранымен ашылды. Сөз алған мектеп басшысы Досжан Болатбекұлы жиналғандарды жаңа оқу жылымен құттықтап, былтырғы мектеп көрсеткіштерін мақтанышпен атап өтті. Жаңа оқу жылында болатын  білім берудегі өзгерістерге тоқталды. Қалалық білім беру бөлімінен келген әдіскер де шәкірттерге ақ жол тілеп, конкурс жеңімпазын бағалы сыйлықпен марапаттады. Оқушылар ән салды, бірінші сынып оқушылары тақпақтарын нақышына келтіріп оқыды. Ата-аналарға сөз берілді. Болашақ мектеп түлегі мен білімге алғаш қадам басқан бүлдіршін алғашқы қоңырауды салтанатты түрде соқты.

IMG-20180901-WA0018

Сөйтіп, білім күніне арналған мерекелік шара өз мәресіне жетті. Жаңа оқу жылы бәрімізге құтты болсын! Оқушыларға ақ жол тілейміз!

 

                                                                                                       

                                                                                                                Қабибек Мұхитов