САРБАЗДАР КЕЗДЕСУІ

САРБАЗДАР КЕЗДЕСУІ

Сонау 1988 жылы Мәскеу қаласында № 1593 әскери бөлімшесінде әскери борышын өтеген 40 сарбаз 30 жылдан кейін Қазақстанын түкпір-түкпірінен Шымкент қаласына отбастарымен, балаларымен, немерелерімен 100 адамдай жиналып, тамаша еске алу шарасын өткізді.     

               Алдын-ала хабарласып, ақылдасып жоспарланған бағдарлама бойынша кездесуге Шымкент қаласы тандалды. 18 жасында киген әскери киімді жігіттерге Мәскеу қаласынан арнайы тіктіріп әкелді. Жастары 50-ге таяған  жігіт ағалары үстеріне әскери киімдерін, аяқтарына кирза етік киіп, жастық шағын мәз болып еске алды.   PHOTO-2018-07-29-16-46-31

 

             Шымқаланың  қонақжай  жігіттері құшақ жая карсы алып, меймандардың аяқтарын жерге  тигізбеді.  Олар 2 күн бойы Қарасу ауылындағы тау етегінде, бұлақ жағасында орналасқан тамаша демалыс үйлерінің бірінде бас қосты. 30 жылдан кейін қайта танысып, жастық шақты еске алды. Жігіттер таза ауада даланы тамашалап, тау аясында таң атырды. Әсіресе бағдарлама бойынша, жас сарбаздардың бөлімше командирлерінің алдында әзіл ант қабылдау сценасы қызықты  болды. Өмірден өткен сарбаздарды еске алды.  Альбом жасалды, бейнебаяндар көрсетілді. Кешкісін барлық қонақтар «Париж» мейрамханасында жиналып, сапқа тұрып, старшина Самиғолла Қисметовтың бұйрығымен жүгіре мейрамханаға кірді. Кеш өте әсерлі болды. Көпшіліктің айтуынша, егеменді Қазақстан тарихында әскери бір бөлімшенің жаппай бас қосуы  алғаш рет  өткізілуде.

PHOTO-2018-07-29-16-46-26

Кездесудің есте қалардай өтуіне ат салысқан Аблалиев Сәтжан, Наренбаев Нұрмағамбет, Самиғолла Қисметов, Берікбай Кадіров, Байдыбек Рахышев, Ержан Бердиев, Уалихан Кукенов, Сапар Есенов сияқты жігіттердің еңбектері ұшан-теңіз. Бұл, біріншіден, Қазақстан халықтар достығын нығайты. Екіншіден, кешегі сарбаздардың бір-бірімен достығы арта түсті. Үшіншіден, әрі  ең бастысы- Қазақстан азаматтарының ауызбіршілігі нығая түсті.

PHOTO-2018-07-27-14-06-54

 

 

 

 

Байдыбектің төрінде қонақтадық.

Уалиханның төрінде жамбастадық.

Сапардың құшағын қия алмадық.

Жүз адам Ержанның арқасына мініп алып,

Күні-түні Шымқаланы сайрандадық

 

 

Жас сарбаздан өттіңдер,

Қарт сарбазға келдіңдер,

Аман болып барлығың

Шал сарбазға жетіңдер!

PHOTO-2018-07-29-16-46-30

 

Келесі бас қосуды асыға күтеміз! Көңілдеріңіз қартаймасын, сарбаздар!

 

 

Амантай Мұхамбетəлі,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті

Спорттық-Мәдени орталықтың директоры,

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының магистрі,

футбол жаттықтырушысы