НАҒЫЗ ҚАЗАҚ!

НАҒЫЗ ҚАЗАҚ!

Бақтияр дос «қазақтың табанына кірген шөңгір менің маңдайыма қадалсын», дейтін алашшыл ер! Өзі нағыз қазақи мінездің адамы. Риза болғанда кеңкілдеп күлгеніне дейін қазақи. Қазаққа деген ішкі сезімінен қылау таппайсың. Ұлт мүддесі, ұлттық намыс туралы сөз қозғай қалсаң, жанары жарқ ете қалады.

ФОТО БАҚТИЯР ТАЙЖАН
Бүгін 36 жылдан бері сыйласқан ақкөңіл, ер мінез дос 56-ға толды. Отыз алты жылда талай минусымыз болған шығар, бірақ Бақтияр дос бір рет «Неге солай?» демепті. Аллаға шүкір, екеуміз 36 жылда бір-бірімізге «сен!» деп көрмеппіз. Бұл – ең алдымен Бақтиярдың даладай көңілінің арқасы.
Қайда жүрсе де тілеулестері алдынан шығатын кеңқолтық қазаққа осындай сәтте не тілеуге болады?! Алла Тағала бақытыңды баянды, деніңді сау, ғұмырыңды ұзақ қылсын! Алты алаштың ардақты ақсақалы болу маңдайыңа жазылсын! Ұрпағыңмен өсіп-өне бер!

 

ҚЫДЫРБЕК РЫСБЕК