ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚША!

ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚША!

     Биыл Атырау қаласындағы Шалабаева Әлия Бөлекқызы басшылық ететін №14 «Нұрай» балабақшасының жүздеген түлегі ыстық ұяларынан ұшып, мектеп есігін ашпақ. Осыған орай балабақша ұжымы мерекелік қоштасу кешін ұйымдастырған еді.

     Біздер осы бөбекжайда Жанбалаева Райхан Киікбайқызы тәрбиелеп жатқан «Күншуақ» тобының мерекелік шарасына қатысып, керемет көріністердің  куәсі болдық. Тәрбиеленушілер нақышына келтіріп тақпақтарын оқыды, әндер айтты, би биледі. Әсіресе кішкентай қыздардың әкелерімен билеген вальсі көңілді тебірентіп, ешкімді бей-жай қалдырмады. Тіпті орыс тілінде де көрініс қойды.

    Бұл бөбекжайдың бүлдіршіндері қала, облыс, республика аумағында өтіп жатқан көптеген шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Осының бәрі балабақшаның педагогикалық ұжымының еңбегі екені айта кеткен жөн. Балапандардың тәрбие алып өсіп-өнуіне аянбай тер төгіп жүрген бұл педагогикалық ұжымға ата-аналардың алғысы шексіз.

    Бөбекжай ұжымына әрқашан да биіктерден көріне берсін деп тілейміз.