Төрткүл дүние көз тігіп отырған әлем чемпионаты атыраулық жанкүйерлердің де назарынан тыс қалмауда.
20 маусымда Қазан қаласында Испания – Иран құрамаларының арасында кездесуі өткен болатын. Иран құрамасы-Азиядағы ең мықты құраманың бірі еді. Бүған дейін Иран-Азияның 3 дүркін жеңімпазы болған. Ойыншылардың көбі Иран біріншілігінде, Европаның орта қолды командаларында ойын көрсетеді. Ал Сердар Азмук деген талантты шабуылшы Қазанның «Рубин» клубының ойыншысы. Азмук үшін бұл стадион өзінің екінші үйі десе де болады. Ал Испания құрамасы ойыншыларының барлығы дерлік әлем жұлдыздары. Айта кетсек, Коста, Карвахаль, Пике, Рамос, Альба, Иньеста, Бускетс, Силба, Иско т.б. жанкүйерлерге кеңінен танымал ойыншылар.
Ойын басталды. Испанияның ойын тәсілін ешкім қайталай алмайды. Осыны ескеріп, Иран құрамасы ойында қорғану тактикасын ұстанды. Допты иелену статистикасына допты иелену пайызы Испанияда 70%, ал Иранда 30% болып отыр. Бұл ойында Иско, Силба, Иньеста сынды испан ойыншылары жақсы ойын көрсетті. Испандықтар қанша шабуылдаса да ирандықтар өте жақсы қорғанды. Иран командасының бас жаттықтырушысы португалдық маманы Карлуш Кейрон, жақсы ойын тактикасын қолданды. Ойын барысында Иньестадан доп алған Диего Коста қақпаға дәл соғып, есеп ашты. 2-ші таймда Иран командасы өте жақсы ой көрсетіп, жие қауіпті шабуылдар жасады. 1 гол соғылған болатын бірақ қапталдағы төреші оны есепке алмады. Ирандықтар әлемнің ең мықты командасымен лайықты ойнай алатынын дәлелдеді десек болады. Сөйтіп, бұл ойынды 1:0 есебімен Испания құрама командасы ұтып кетті. Ендігі жерде ирандықтарға келесі топқа көтерілу үшін Португалияны ұту керек. Парсы құрлығынан келген ойыншыларға жеңіс тілейміз!
Амантай Мұхамбетқалиев
Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы, «
Жайық» спорт кешенінің директоры