ТАРИХ. ӨЛКЕТАНУ

30-ШЫ ЖЫЛДАРДА ҚОНЫС АУДАРҒАН ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЙЫНАН
30-ШЫ ЖЫЛДАРДА ҚОНЫС АУДАРҒАН ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЙЫНАН
   Кеңестік дәуірде, байларға қарсы күрес, большевиктер партиясының жасанды отырықшыландыру және күштеп ұжымдастыру саясаты, республикадағы қазақтардың қолындағы малдарының бірін қалдырмай тартып алып,  ұжымшардың меншігі етіп біріктіру науқаны, сондай-ақ нан және ет дайындау шаралары бұрын-соңды болмаған мал басының жойылуына алып келді. Солақай саясаттың салдары адам қырғынына ұшыратқан ашаршылыққа әкеліп соқты. Сол уақытта Қырғызстан басшылығы астық пен ет беруден үзілді-кесілді бас тартты, сол арқылы республика азаматтарының өмірі құтқарылды. Қазақстанда болған аштық 1932-1933 жылдардағы Украинадағы аштықпен салыстырылып отырды.
ЖАПАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ТАЛ: БАҺАДҮР ӘБІЛҚАЙЫР ХАН
ЖАПАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ТАЛ: БАҺАДҮР ӘБІЛҚАЙЫР ХАН

Әбілқайыр хан – Қазақ хандығы тарихында жасындай жарқыраған тұлға. Қазақ жерін жаудан қорғау, тұтастығын сақтауда үлкен атақ-абыройға ие болған жауынгер батыр, билеуші. Оның тағдыры трагедиялы түрде аяқталды. Ханды ақсүйек қандасы Барақ сұлтан 1748 жылдың тамыз айында қастандықпен өлтірді. Оқиға Торғай даласының Өлкейлік өзені бойында өтеді. Әбілқайыр хан, оның күні бұрын айтқан өсиеті бойынша, сол қайтқан жеріне жерленген. Әбілқайыр жерленген жерде кейін үлкен қорым пайда болып, хан бейітінің аяқ жағына тал өсіп шығады. Жапан далада жалғыз талдың бой көтеруі  халық арасында тылсым құбылыс ретінде танылып, жұрт оны әулие қатарына балайды. Хан қорымында мәңгілік өмірге пана табу құрмет-қадірге ие болады.

Белгілі ғалым Алмасбек Әбсадықтың танымал Abai.kz порталында жарияланған «Жапандағы жалғыз ағаш» атты мақаласы атақты ханның тарихи қызметі мен оның халық жадындағы бейнесін астастыра отырып баяндауға құрылған. Қазақстанның батыс өлкесіне аса танымал Әбілқайырдың бейнесіне тағы тарихи-филологиялық тұрғыдан көңіл бөлген мақаланы «Тайсойған» сайтына да жариялауды жөн санадық. Автордың рұқсатымен тақырыбын "Жапандағы жалғыз тал" деп өзгерттіп отырмыз.

 

Редакциядан

ОРЫНБАСАР ҚЫСТАУБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ХИКАЯЛАРЫ
ОРЫНБАСАР ҚЫСТАУБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ХИКАЯЛАРЫ

   1971-жылдың жазында Орал қаласынан біз күтпеген қонақ келе қалды, аяқ астынан. Ол 1933-1936-жылдары Таңдайда, №8 «Гурьев» қой совхозы саяси бөлімі бастығының комсомол бойынша көмекшісі, бастықтың орынбасары, әрі партбюро секретары болған Григорий Андреевич Бойнов болатын. Жасы 64-те екеніне қарамастан «Москич-412» машинасын өзі жүргізіп келген. Омырауында Социалистік Еңбек Ерінің «Орақ пен Балға» алтын жұлдызды медалі жарқырайды. Оның ауданға келгендегі бірінші кездескені – Зейнеш Сауықов («Бақсай» совхозының 1936-1948-жылдардағы директоры, Ж.Д.). Сосын екеуі менің үйіме келіп, қонақ болды, қонып шықты. Ұлты мордвин Бойнов әңгімесінің барлығын тап-таза қазақ тілінде айтып отырды. Әңгімесі тамаша, ауызымды ашып тыңдай бердім. Сол естігендерімінің кейбірін Г.А.Бойновтың естелігі ретінде айтып берейін.

БАҚСАЙ-ТАҢДАЙДА БОЛҒАНДАР МЕН ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕР
БАҚСАЙ-ТАҢДАЙДА БОЛҒАНДАР МЕН ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕР
   Бұл мақалада Бақсайда еңбек еткен немесе болған танымал тұлғалар туралы жазылған. Олардың ішінде: екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Пельше Арвид Янович, Социалистік Еңбек Ері Бойнов Григорий Андреевич, 1-ші дәрежелі "Отан соғысы", "Қызыл Жұлдыз" ордендерімен марапатталғандар Виноградов Трофим Михеевич пен Баев Федор ТрофимовичСССР, Украина Жазушылар одақтарының мүшесі (1952), Совет Одағына танымал ақын, драматург, сценарийші Компаниец Лидия Александровна мен Лепесов Камалиден сияқты атақты адамдар бар.
ЖҮЗІ ӨЗГЕ - ЖҮРЕГІ БІР, ТІЛІ БАСҚА – ТІЛЕГІ БІР
ЖҮЗІ ӨЗГЕ - ЖҮРЕГІ БІР, ТІЛІ БАСҚА – ТІЛЕГІ БІР

 

Қазақтың украин ұлтты соғысты көрген келіні

   Кешегі Кеңес заманында 130 ұлттың Қазақстанда тату-тәтті тұруымен әлемді қайран қалдырған қазақ халқы - қарапайымдылығымен, қонақжайлығымен, бауырмалдығымен өзгелерден ерекшеленген-ді. Сол дәстүр осы күнге дейін жалғасып келеді. Осы ұлттардың көпшілігімен қыз алысып, қыз беріскен қазақтардың олармен мың жылдық құдалығы мемлекетіміздегі ұлтаралық татулықты ғасырлап берік ұстауына септігін тигізері сөзсіз.

ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ АТАСЫ
ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ АТАСЫ

   Тек қазақтың ғана емес, бүкіл Қазақстан боксының атасы, оның негізін қалаушы саналатын Шоқыр БӨЛТЕКҰЛЫНЫҢ есімі Ұлы Отан соғысы басталардан 4 жыл бұрын естілген еді. Ол өмірге 1916 жылдың 29 қазанында Маңғыстау облысының Жармыш ауылында дүниеге келген.

ЖАНТӨРИНМЕН ЖЕТІ ЖҮЗДЕСУ
ЖАНТӨРИНМЕН ЖЕТІ ЖҮЗДЕСУ

   1990-жылдың қаңтарында Гурьев облыстық кәсіподақтар советінен оның секретары Орынбасар Еркіновтің бастауымен бір топ жауапты қызметкер - Алматы жоғары партия мектебіне ай жарымдық курсқа келгенбіз.

   Наурыздың екісінде лекцияда отырғанымызда куратор кіріп келді де:

   -Тез жиналып, түгелдеріңізбен үлкен залға келіңіздер. «Бейбарыс сұлтан» фильмінің премьерасы көрсетіледі. Оған басты рөлде ойнаған актер Нұрмұхан Жантөрин келіп, түсірілу жайын баяндайды. Айтпақшы, сұрақ берулеріңізге болады,- деп жылдам кетіп қалды.

ЖАНТӨРИНМЕН ЖЕТІ ЖҮЗДЕСУ
ЖАНТӨРИНМЕН ЖЕТІ ЖҮЗДЕСУ

   1988-жылдың маусымы, Фрунзе қаласының әуежайы. Атыраудан Алматыға бағыт алған ұшақты біздің астанада ауа райы қолайсыз - қатты жел, бұршақты толассыз жаңбыр болғандықтан Қырғыз ССР-інің астанасы Фрунзеге қондырған. Атыраудан бірге ұшып шыққандардан танитындарым арасында Серік ӘБДІРАХМАНОВ, Роберт БЕРДІҒОЖИН бар, өтпелі (транзиттік) жолаушылар әуежай залында уақыт өткізіп, әрі-бері әңгімелесіп жүргенбіз.

ЖАНТӨРИНМЕН ЖЕТІ ЖҮЗДЕСУ
ЖАНТӨРИНМЕН  ЖЕТІ ЖҮЗДЕСУ

   1981-жылдың мамыр айының басы. Туристік сапармен Мәскеуге барғанмын. Тоқтаған орынымыз - Ломоносов атындағы МГУ-дің 15 қабатты «Университетская» қонақ үйі. Алдыңғы жылы Олимпиадалық ойындар өткен атақты «Лужники» стадионында футболдан СССР кубогының финалына тұспа-тұс келген екенбіз. Екі күн бұрын билет алғанымыз жөн болып шықты, жиналған жанкүйер санын «Советский спорт» газеті ресми түрде 81 300 деп берді. СССР-дің сол кезде 10 дүркін чемпионы атанған Мәскеудің «Спартагы» мен Дондағы Ростовтың СКА-сы. «Советский спорт» матч алдында жанкүйер қауымды бір қыздырып қойған-ды. Бұдан дәл 10 жыл бұрын, 1971-жылдың финалында «Спартак» пен тап осы СКА - бақ сынасып, бірінші кездесу 2:2 есебімен тең аяқталғасын, екінші кездесу (переигровка) өткізіліп, онда 1:0-мен мәскеуліктер ұтып, СССР кубогын 9-шы рет иеленген. Бұрынғы жұмыстасым (Гурьев құрылыс материалдары комбинатының бас инженері, кейін бір банктің Маңғыстау облыстық филиалы директоры болды) Владимир Николаевич Ли екеуіміз стадионға ертелетіп тартып кеттік.

 

 

БАТАЛЬОН КОМАНДИРІ-ҒАЛЫМ-МИНИСТР-РЕКТОР ҚАРЫНБАЕВ СИБАҒАТОЛЛА РЫСҚАЛИҰЛЫ
БАТАЛЬОН КОМАНДИРІ-ҒАЛЫМ-МИНИСТР-РЕКТОР ҚАРЫНБАЕВ СИБАҒАТОЛЛА РЫСҚАЛИҰЛЫ

   Ол 1910-жылдың 1-наурызында бұрын Гурьев аталған қазіргі Атырау қаласында дүниеге келеді.

   Әкесі Рысқали Қарынбаев Гурьев қаласында ұстахана және Жаманқала (кейіннен Бақсай, Махамбет аталды) ауданының Бақсай селолық советіне қарасты Көздіқара ауылында 5 бұзаулы сиыр, 2 бие және 50 шақты қой-ешкі ұстағаны үшін 1928-жылы конфискацияның бірінші толқынына ілініп, Башқұрт АССР-іне жанұясымен жер аударылғалы жатырғанында жүрек талмасынан дүние салады.