Ағартушы Ы.Алтынсарин жерленген Балғожа бидің қорымы тарихи деректердің мәліметіне және куәгерлердің сөзіне сүйене келе Қостанай қаласының астында қалған деп түйіндеуге әбден болады. Бұған ағартушының үйінде түрлі мәселемен болған оның замандастары Ф. Соколов, Ә. Балғымбаев, Х. Сәбитовтердің деректері, Алтынсаринның жақын туысқаны, белгілі ақын М. Хәкімжановалардың жазбалары дәлел.
Атырау облысының, Қызылқоға ауданының, Қаракөл ауылынан 10-12 шақыр ым жерде елге белгілі Мәтен қожа әулиенің зираты бар. Ол осыдан 250-300 жыл бұрын қазақ даласына Сауд Арабиясы елінен дін тарату үшін келген. Мәтен қожа әулие атаның ұрпағы Қазақстанның әрбір облысында өмір сүріп жатыр. Мәтен атаның зиратынан шамамен 4 шақырымда «Атаның майы» деген жер бар. Кезін да Мәтен ата өлген кезде, денесін жуындырған орында ағаш үйдің аумағындай жерден мұнай шығады. Жер бетінен 25-30 сантиметр тереңдікте.
Жұбан молда Жүрдібекұлы – тарихи тұлға, Бөкейлікте діни-ағартушылық қызметімен елге танымал болған адам. Ол 1834-1923 жылдар аралығында қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмында өмір сүрген. Бүкіл өмірінде мешіт ұстап, медреседе бала оқытып, халықтың рухани ағартушылық қызметін атқарған адам.
Нарын құмы – Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан, әкімшілік тұрғыдан Атырау облысының Құрманғазы, Махамбет, Индер және Исатай аудандары және Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігін қамтиды. Орта есеппен теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Тұрақты ағатын өзен-жылғалары болмаса да жер астының тұщы су қоры мол, құдықтар мен шұрайлы жерлері көп қасиетті мекен. Сондықтан да, сан ғасырлар бұрын халықтардың көп шоғырланған жері болып есептеледі. Қазірдің өзінде Нарын құмы алқабы шөбі шүйгін мал шаруашылығын дамытуда ең қолайлы аймақ саналады.
Жәңгір ханның төрт әйелі болған.Үлкен әйелі Қазима руы арғын. Онан 1819 жылы Ескендір, 1822 жылы Зұлқарнайн деген ұлдары дүние есігін ашады. «Астраханский листок»-газеті 1898ж. Ескендір ерте қайтыс болған сияқты, тіпті екеуі бір адам болуы да мүмкін.Тарихтағы атақты қолбасшы Ескендір Зұлқарнайн бір адам ғой.Зұлқарнайн Орынбордағы Неплюев кадет корпусын 1851 жылы бітіріп, беріш руының сұлтаны болған.
Өткен тарихымызға көз салсақ, тағдырдың талай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп халқымыздың сан қилы қиындықтарды бастан өткергенін білеміз. Халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының нағыз азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген және қоғамның бүгінгі рухани жаңғыруы кезеңінде де жеке тұлғалардың құбылысы ерекше орын алады. Сондай тұлғалардың бірі де бірегейі – Халел Досмұхамедов.
Жуырда Қазақстанның орталық архиві Орынбор қаласынан алғаш көшірілген жылдары оның ғылыми қызметкері болған атақты әскери тарихшы, өлкетанушы Александр Федорович Рязановтың «Қазақ халқының ұлттық тәуелсіздігі үшін қырық жыл күресі (1797-1838 жж.)» атты еңбегін қайта оқып шықтым. 1926 жылы Қызылорда қаласында орыс тілінде басылып шыққан еңбектің түпнұсқадағы тақырыбы «Сорок лет борьбы за национальную независимость казакского народа (1797-1838 гг.): очерки по истории национального движения Казакстана: в 2 частях (по материалам Центрального архива Казакстана)» деп аталады.
Далалық зерттеу жұмыстарымыз өлке тарихын толықтыратын жаңалықтардың ашылуына себепші болуда. Биылғы жылы да екі мәрте кешенді ғылыми-зерттеу экспедициясын жүргізгенбіз. Алғашқысы облыс аумағынан өтетін ортағасырлардағы керуен жолдары бойын зерттеу болса, келесісі Тайсойған құмының тарихи-мәдени ескерткіштерін анықтау болатын.
Бұл этноархеологиялық бағыттағы зерттеулер кезінде археологиялық ерте темір дәуірлердің кургандары мен тұрақтары табылып, ХІХ ғасырдан бергі уақыттағы ата-бабамыздың қабір бастарына қойылған ескі араб әріпімен жазылған құлпытастары оқылды. Нәтижесінде, құлпытастардағы жазулар бұған дейін белгісіз болған бірқатар ақпараттар берді десе болады.