Туған ауылым - Таңдайдан поезд жолымен есептегенде 7 мың шақырым қашықтағы Моңғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батор қаласында Отан алдындағы әскери борышымды өтеп жүргенмін. Алдымен батальон, 31-бригада штабтарынан өтіп, 1971-жылдың наурызында 39-жалпыәскерлік армия штабының ерекше бөліміне (особый отдел) қабылданғанмын. Совет Одағы құрып кеткендіктен, мына әскери құпияны айта аламын.
Басқаға қалай екенін білмеймін, өзіме, жүрегіме ауыр тиетін бұл мақаланы алғаш рет осыдан 10 жыл бұрын, одан кейін де бірнеше рет жазбақшы болғанымда – қолым жүрмей, кейін қала берген. «Мүлде жазбайтын шығармын» деген ой да келген...
Бірақ, 2011-жылдан бері туған ауылым - Таңдай, совхозым - «Бақсай» туралы энциклопедиялық қомақты кітапты дайындау барысында - әлемге әйгілі жерлесім туралы дербес жазба қажеттігін сезіндім. Сезіндім де, оны туғанының 85 жылдығына арнамақшы болдым. О, ғажап, үш сөзден тұратын тақырыбын қойдым да, тарыдай шашылып, тырақайланған ойымды жинай, мақсатыма бейімдей алмастан тағы қиналдым. Шынымды айтар болсам – бұл шығармамен көкірегімде, көз алдымда әлі тірі жүрген асыл адамымды бір жола өзім жерлегендей күй кешетінімді түсінетінмін де, содан тайсақтай беретінмін. Мамыр айынан бері Атырауда тұратын Құбайдолла ШОЛАҚ құрдасым: «Давай, басқа шаруаңды жасамасаң да, Нұрмұхан ағамыз жөнінде жаз! Осыдан тағы қалдырсаң – тіптен жазбайтыныңды сеземін!» деумен мені көрген сайын қажап-қамшылаған.
Дұшпан танктерінің тегеуріндеріне төтеп бере алмаған біздер амалсыздан Ловать өзенінің жағалауына шегінуге мәжбүр болдық. 1-екпінді армия өкілі полковник Т.Н.Назаренко мен танк снаряды жарықшағынан екінші рет жараланған Рахымжан Қилыбаевты (1936-жылы Алматы қаласында Фрунзе ауданы құрылғанда – аудандық партия комитетінің тұңғыш бірінші секретары, Ж.Д.) өзеннің арғы бетіне алып өтуді өз бөлімшемдегі екі жауынгерге міндеттедім. Сөйтіп, ол екі офицерді аман сақтап қалдық.
Ал, біздердің мына қым-қиғаш қырғынды ұрыстан кейін ішуге де, жеуге еш тәбетіміз, дәлірек айтқанда жағдайымыз жоқ еді. Біздер тіпті сөйлей де алмадық. Жүйкеміз шектен шығудың сәл-ақ алдында. Контузиядан басым шайқалып, жүрегім айнып, көз алдым бұлдырап әбден берекетім кеткен. Бар киімдеріміз қар астындағы құнарлы жұмсақ та ылғал топырақпен адам көргісіз күйде былғанған, оның үстіне жыртықтан сау жеріміз және жоқ, жалбырап тұр, өрт түтітіні мен оқ-дәрі тозаңдары бетімізді адам танымастай айғыздап, қап-қара етіп күйелеген, бейне шахтадан шыққан көміршілер тәріздіміз. Контузияның салдары, құлағымнан жылыстап аққан қан әлі тыйыла қоймапты.
Мен - Совет Армиясы қатарына 1940-жылдың 19-мамырында шақырыпдым. Әскери қызметті Орта Азия әскери округінде, Чарджоу қаласында, 100-ші Қызылтулы полктың аға лейтенант Қаби Мұғинов басқаратын 4-ші ротасында, оның құрамындағы Ермозовтың бөлімшесінде (отделение) өткердім. 1940-жылдың қыркүйегіндегі бір түні, сағат 2 шамасында, қару-жарақ қоймасы күзетінде тұрғанымда менің постыма диверсанттар шабуыл жасады. Мен оларды дер кезінде байқап қалдым да, бұйрығыма жауап бермегесін, туралап оқ атқанымда - олар қараларын батырды. Ертесіне әскери бөлім басшылығы олардың біреуі ауыр жараланғанын - қанның көптеп аққанынан анықтаған. Әскери міндетімді атқаруда қырағылық танытқаным үшін 100-ші полк алдында оның командирі майор Корсин алғыс жариялады. Әскери өмірім осылай басталған-ды.
Кейінгілерді айтпағанда, қазақтың ақ басты алдыңғы буынына өткендердің көпшілігі Қазақ ССР-інің еңбегі сіңген артисі, белгілі домбырашы Ғалым ҚОЙШЫБАЕВТЫҢ Ұлы Отан соғысына қатысқаны мен ондағы ерліктерінен бейхабар екендері анық.
Ол 1919-жылы Қызылқоға ауданының Тайсойған өңірінде руы Ысық жай шаруаның жанұясында дүниеге келген. 7 жасында – анасынан, 12 жасында – әкесінен айрылады.
Биылғы 22-наурызда Қазақстанда бірінші болып құрылған 5 қой өсіруші совхоздың бірі – №14 Бақсай «Овцевод» совхозына және оның орталығы Таңдай селосында жедел салынып, 1-қазанда білім беруді бастаған мектепке – 90 жыл.
Мәскеудегі СССР Совхоздар халық комиссариатына, оның «Овцевод» тресіне тікелей бағындырылған совхоздың төрт түлік малы ішінде тек қой басының саны 82 мыңнан асып кеткесін, 1932-жылдың 3-мамырында бұл шаруашылықтан №5 «Бақсай» және №8 «Гурьев» қой (кейінірек қаракүл) совхоздары құрылады. 1957-жылға дейін бүкіл Гурьев облысы ауылшаруашылығында тек қана осы екі совхоз болған еді. Әттең, Бүкілодақтық дәрежедегі, есімдері өзге республикалар түгілі, кейбір сырт елдерге танылған асыл тұқымды атанған, 1300-ден астам адамды еңбекпен қамтыған қос мемлекеттік шаруашылық Қазақстанда 1994-жылы ауылшаруашылығы қолдан күйретілген кезде – жойылып тынды.
Аяқталғанына 68 жыл толған Ұлы Отан соғысының халық таныс емес сырлары әлі миллиондап саналады. Кеңес Одағының тарауына байланысты, ол соғыстың беймәлім ақиқаттары соңғы 20 жыл ішінде көптеп ашылып, айтылуда, жазылуда.
Қазақстаннан да Кеңес Одағын фашитстік Германия шапқыншылығынан қорғап, жау қолындағы аумақтарды азат ету үшін соғысқа 1 миллион 196 мың адам аттанса, солардың әрбір бесіншісі - 410 мыңы кері оралмаған. Ұлы Отан соғысындағы асқан ерліктері үшін 499 қазақстандық – Кеңес Одағының Батыры, және 110 жерлесіміз – «Даңқ» орденінің толық иегері атанған.
МУСАҒАЛИЕВ Яуда, 1928-жылдың 1-қаңтарында Гурьев (Атырау) облысының Теңіз (Құрманғазы) ауданындағы Азғыр селосында дүниеге келген.
СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ (30.03.1971).
Бала күнінен әке-шешесінен ерте айрылып, апасы және інісі үшеуі туысқандарын паналайды.
1945-жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауданындағы Жданов атындағы колхозға мүше болып кіріп, қара жұмыстарды атқарады.
1948-жылы облыстық әскери комиссариат оны 3 жыл мерзімге еңбек армиясына (майданына) – Қарағанды қаласына жібереді. Сол қаладағы «Карагандауголь» комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеден жер асты транспортының жұмысшысы мамандығын алады. Сол қалада тау-кен жұмысшысын, одан кейін №64/83 көмір шахтасында үңгірлерді тазалаушы бригаданың бригадирін атқарады. Машинистер курсын бітіргесін жер асты электровозын жүргізуші болады.