ТАРИХ. ӨЛКЕТАНУ

Пыштанай батыр туралы мақаламнан кейінгі пайда болған кейбір тұжырымдар
Пыштанай батыр туралы мақаламнан кейінгі пайда болған кейбір тұжырымдар

          Мен ұмытып кетіппін. Әйтмәмбет батыр қалмақтардың осы баланың атына арнап мұсылман мешітін салып жатқанын және ол жерде қалмақтарды қырылудан аман алып қалған қазақ батыры туралы мадақ сөз жазылатыны, ол мешітті көргенін, баланың аты мәңгілікке тасқа басылатыны туралы Пыштанай батыр естіп, өлерінде «оған да шүкір», деп өтіпті дүниеден.

Құпиялы Қырғынтөбе.
Құпиялы Қырғынтөбе.

     Жалпы төбешіктің «Қырғынтөбе» аталуын сол жердегі қалмақ пен қазақтар арасындағы қақтығыстарда жауынгерлердің көп қырылуымен байланыстырады. Қазіргі уақытта ол жерде XVII–XІХ ғасыр аралығына жататын «Дулатмола» деген үлкен қазақ қорымы бар. Тарих ғылымдарының докторы, белгілі энограф С.Әжіғалидың бұл аумақта 2004 жылы жүргізген зерттеу экспедицияның ғылыми есебінде «Дулатмола» жөнінде мынадай мәлімет келтіреді. Адай-Мұңал-Бейімбет руының 1936 жылы туылған жергілікті тұрғыны Мәжеков Дәрібаланың айтуы бойынша Қырғын-төбе бейітінде Асан Қайғының Дулат деген балаларының бірі жерленген. Бұл мәліметті Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауындағы: «Ақтөбе мен Қорғанша, Асан Қайғы бабаның қызыл тастан үй салдырып, он жыл тұтас отырып, әңгіме құрып кеткен жер» деген өлең жолдары бұл аймақта Асан Қайғының болғандығын қуаттай түседі. Өйткені, Ақтөбе мен Қорғанша қалашығының орны осы аудандағы Қаракөл ауылы маңында орналасқан.

XIX-XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕГІ МЕШІТ, МЕДРЕСЕЛЕР МЕН МЕКТЕПТЕР
XIX-XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ  АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕГІ МЕШІТ, МЕДРЕСЕЛЕР МЕН МЕКТЕПТЕР

2022 жылы Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының мамандары «Атырау өңіріндегі ескі мешіт, медреселер мен мектептер» тақырыбындағы жоба аясында зерттеу жұмыстарын қолға алды. Жоба аясында орталық мандары елімізде және Ресейдің қалаларында археографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Атырау облысының барлық аудандарының аумағында далалық зерттеу экспедициясын ұйымдастырды. Мақсаты, Атырау облысы аумағындағы ХІХ ғ.-ХХ ғ. бас кезіндегі ескі мешіт-медреселер мен мектептер туралы ақпарат жинау, орналасқан жерін анықтау, оларды және картаға орналастыру болатын. Археографиялық зерттеу жұмыстары Ресейдің Санкт-Петербург, Татарстанның Қазан, Башқұртстанның Уфа қалаларындағы және Алматы мен Атырау қалаларындағы мемлекеттік архивтерінде жүргізіліп, бірқатар мәліметтер табылды. Нәтижесінде, Атырау өңірінде архив материалдарынан көптеген мешіт-медреселердің болғанын көруге болады.

Пыштанай батыр Аңырайқай шайқасында
Пыштанай батыр Аңырайқай шайқасында

Пыштанай батыр 1693-1793 жылдар аралығында өмір сүрген, жүз жасаған аруақты батыр, қазақтың жері мен елін, Қазақ мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін сыртқы басқыншы жаулардан қорғаған даңқты батыр-қолбасшы. Жоңғарларға қарсы атақты «Аңырақай» шайқасында Әбілқайыр хан әскерінің мыңбасы әрі Ту ұстаушысы болған.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ НАУҚАНЫ: АШТЫҚ БОСҚЫНДАРЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ НАУҚАНЫ: АШТЫҚ БОСҚЫНДАРЫ

ХХ ғ. бас кезеңінде қазақ елі алуан түрлі, жан түршігерлік жағдайларды басынан кешірді. Сол кездегі саяси үрдістерді, соғыстарды, көтерілістерді, табиғат есібінен болды деген тұжырымға ие болған аштық кездерінен бөлек, 1929 жылдары орын алған ашаршылықтың басы Қазақстандағы кеңестік ұжымдастыру кезеңі өз құпиялылығымен ерекшеленеді.

КЕҢЕСТІК БИЛІК ТҰСЫНДАҒЫ 30-ШЫ ЖЖ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШТЫҚ: ШҰБЫРЫНДЫ БОСҚЫНДАР
КЕҢЕСТІК БИЛІК ТҰСЫНДАҒЫ 30-ШЫ ЖЖ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШТЫҚ: ШҰБЫРЫНДЫ БОСҚЫНДАР

Қазақ өртті, тасығын терең суды тілсіз жау дейді. Бұл апаттан сақтанса аман құтылуға болады. Қашып құтылмаса өзге ешбір лажы жоқ бір жау бар. Ол жаудың ең зұлымы, апаттың мейірімсіз ең күштісі, елге келген жаппай аштық.

ҚАЗЫ ТАРХАН СЫРЫМҰЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰРПАҚТАРЫ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША
ҚАЗЫ ТАРХАН СЫРЫМҰЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰРПАҚТАРЫ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША

Сырым батыр Датұлының ұлы Қазы би Сырымұлының ғұмырнамылық тарихына қатысты халық жадында сақталған фольклорлық деректерде: «Хан мен Қазы», «Шоқанмен Қазының әзілі», «Қазының төрелерге айтқан жауабы», тағы басқа әңгімелер бар. Қазы  би Сырымұлына әкесінің шешендік өнері сөз тапқырлығы дарыған. Қазы  биде сөзге шешен болған. Мақала арқауы, Қазы би Сырымұлының ғұмырнамасымен оның ұрапқтарының тарихы. Қазақ тарихындағы ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы тарихи тұлғалар тарихына қатысты өзекті тақырыптардың бірі – Сырым батыр Датұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметінің және одан тараған ұрпақтарының тарихы екендігі күмән туғызбайды. Ресей патша үкіметі 1787 жылдың 16 қарашасында Сырым батыр Датұлы мен Бөкенбай Тіленшіұлына ерлер жағынан мұраға кететін тархан атағын берді. Ресей патша үкіметінің Қазы  биге  қажырлы еңбегі мен әр жылдары атқарған ынталы қызметі үшін тархан атағы, шен-шекпен, төс белгілер, түрлі сыйлықтар бергенін архив құжаттары растайды.

АШАРШЫЛЫҚ ЖЫЛДАРЫНАН ЖЕТКЕН ӘҢГІМЕ
АШАРШЫЛЫҚ ЖЫЛДАРЫНАН ЖЕТКЕН ӘҢГІМЕ

...– Аштық жайын әжемнің аузынан естіп өстім, - деп бастады әңгімені Сералы. Атам Мыразбай мен әжем Бибилә Байсарықызы аштықтың зардабын тартып өскен кісілер еді. Әжем атамның басынан кешкен оқиғалары жайлы көптеген әңгімелерді айтып отыратын. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы елді жайлаған аштықтың куәгері болған атам туралы әжемнің айтқан әңгімелерінің бірін айтып берейін. Бұл әңгімені 2021 жылы Егемен Қазақстанның Қостанайдағы меншікті тілшісі Нұрқанат Құлабаев «Егемен Қазақстан» газетіне  10 қазан 2021 жылы жариялаған еді», - деп әңгімесін жалғастырды. Мырзабай ақсақалдың немересі Сералы Мырзабай...

ХХ Ғ. 20-30 ЖЖ. АУА КӨШКЕН БОСҚЫНДАР ЖАЙЫНАН
ХХ Ғ. 20-30 ЖЖ. АУА КӨШКЕН БОСҚЫНДАР ЖАЙЫНАН

Босқындар туралы архив құжаттарында «откочевниктер», – деп жазылды (Дұрысы босқындар. – Ө.И.). Босқындар ашаршылық салдарынан ата қоныстарын тастап жаппай жан сауғалап, аштан өлмеудің амалын табу мақсатында жұмыс іздеп, азық іздеп, босқандар. Ауа көшуге мәжүбір болғандар. Босқындар тарихы - өте өзекті және әлі күнге дейін зерттеліп келе жатқан тақырып. Сондықтан Қазақстанда оған арналған жыл сайын конференциялар ұйымдастырылады, онда әртүрлі ғылымдардың ғалымдары (тарихшылар, экономистер, әлеуметтанушылар, этнографтар және т.б.) және осы проблеманы әртүрлі позициялардан қарастырып баяндама жасайды. Біздің ортақ мақсатымыз, бұл мәселе жөнінде тек қана нақты фактілерге сүйеніп, мәселеге тарихи баға беру  және ақиқатын ашу.    

1921 ЖЫЛҒЫ АШАРШЫЛЫҚ : ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
1921 ЖЫЛҒЫ АШАРШЫЛЫҚ : ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

1921-1922 жылғы ашаршылыққа 100 жыл

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланды.

        Тарихи таным мен тағылым хақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек. Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс» деген болатын. Сонымен қатар 1921-1922 жылдардағы нәубеттің тарихына қатысты басты үш өзекті мәселге тоқталып өтті.