ЖАҢАЛЫҚТАР

Жантерексайда "Алаш" отрядының командирі Әмірхан Тілеумағамбетовке (обер-лейтенант Әлихан Ағаев) ескерткіш тақта орнатылды
Жантерексайда "Алаш" отрядының командирі Әмірхан Тілеумағамбетовке (обер-лейтенант Әлихан Ағаев) ескерткіш тақта орнатылды

        Кеше Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр кентінің маңындағы Жантерексайда "Алаш" отрядының командирі Әмірхан Тілеумағамбетов (обер-лейтенант Әлихан Ағаев) денесі төрт жолдасымен көмілген тұсқа "Бәйтерек аясы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ескерткіш тақта қойылды.

АҢДАТПА.
АҢДАТПА.

Қадірлі ағайын!

Тамыз айында "Бәйтерек аясы" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, бүгінде "Ысық ата" тарихи мемориалдық кешеніне айналып отырған, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші - киелі орын "Оңай ата" қорымының басына қорғау тақтасы орнатылады. 

Сонымен қатар, Алла қаласа 28 тамызда "Алаш" отрядының командирі болған, қазақтың тұңғыш жоғары білімді агрономдарының бірі, алғашқы әскери кадрларымыздың бірі, руы Ысық - Майдан Әмірхан Тілеумағамбетовтың (Әлихан Ағаев) жерленген жеріне белгі қойылады. 

"Атырау облысының тарихы" атты үш томдық тарихтың тұсаукесері өтті
"Атырау облысының тарихы" атты үш томдық тарихтың тұсаукесері өтті

    Қазақстан тарихы алғаш рет 1943 жылы жазылған болатын. Оны құрастырушы- СССР тарихы институтының директоры,  академик Анна Михаиловна Панкратова (Ермахан Бекмахановтың ғылыми жетекшісі) болды. Сөйтіп еліміздің тарихы жазылған еді. Одан бергі жылдары Алматы, Түркістан, Тараз сияқты ірі қалалар мен кейбір облыстардың тарихы жазылып шықты.
Енді  жуырда жақсы жаңалықтың куәсі болдық.

МАРАТ ҚОРҚЫТҰЛЫ
МАРАТ ҚОРҚЫТҰЛЫ

Өмірдегі жандай досым, асыл азамат, елімізге белгілі геолог-барлаушы, аяулы жар, асқар таудай әке, сүйікті ата, Қазақстан Республикасының құрметті геолог-барлаушысы Марат Қорқытұлы Байзақов ұзаққа созылған сырқаттан соң бүгін таңда бақилық сапарына аттанды.