Белгілі жазушы Қалдыбай Мамытбектің "МЕН-ХАЛҚЫМНЫҢ БАУЫРЖАНЫМЫН" атты кітабынан үзінділер жалғасы, басы осында
ҚҰРҚОЛ ҚАЙТТЫМ
Амандық- есендiк сұрасқан соң, Баукең:
-Қайсымыз сөйлеймiз?- дедi.
-Сiз.
–Әнеукүнi хи-хи деп күлiп үйiме Әзiлхан келдi.
-Бауке, бiр қой тауып едiм. Сiздi сол қойдың басына шақырып отырмын. Үйде қонақ болыңыз?
-Тағы кiмдердi шақырасың?
-Дмитрий Федорович Снегиндi әйелiмен.
-Тағы кiмдi?
-Сапарғали Бегалин ағамызды. Ол кiсi жақында 85 жасқа толды ғой..
-Дұрыс. Ол кiсi жас жағынан бәрiмiздiң ағамыз. Тағы кiмдер болады?
-Басқа ешкiм болмайды, Бауке.
-Ал онда көп сөйлемей тыңда. Сен тыңдай бiлетiн жiгiтсiң ғой,- дедiм бiраз ойланып.- Митя менiң қарулас досым. Сапекең, жаңа айттым ғой, ағам. Ол кiсiлермен үйiңде отыруға болады. Бiрақ көлiктi өзiң табасың, үйден өзiң алып кетiп, өзiң әкелiп саласың. Көшеден машина iздеп, ары-берi жүгiретiн жайым жоқ. Мен ол жастан өтiп кеткем. Кәрiлiкке қоса бiр жағынан ауру мазамды алып жүр.
-Жарайды, Бауке, көлiк дайын.
-Сағат нешеге шақырып отырсың?
-Кешкi сағат алтыға.
Ішiмнен:,, Неге тұске шақырмаған? Бiздi ха-халап еркiн отырсын дей ме? Оған шамамыз жете ме?,,- деп ойладым.
Әзiлхан ертесiне сағат төрт жарымда келдi. Киiндiк. Қарасам, Күләнда әпкем де киiнiп алыпты. Үйден шыққанда ол кiсiге жүр демедiк. Содан өкпесi бiр емес, екi қара қазандай болды. Әзiлхан ,,жүрiңiз,, демеген соң, бiз не деймiз? Оның өз жоспары бар ғой.
Жеңгең екеумiз бардық. Ойпырмай, Әзiлханның үйi кең сарайдай екен. Бiрiнiң үстiне бiрi қойылған кiтап толы шкафтар. Дастархан кең, тойға әзiрленген бе деп қаласың. Төрт-бес сағат отырып, қайттық. Іштей таң қалғаным/олар кiнәлi ме, әлде алжиын деген мен кiнәлiмiн бе?/ үй иелерiнен бiр сабақ ала алмай, құрқол қайттым…
КҮМӘНДІМІН
-Дер кезiнде келдiң, отыр.
Мен үйреншiктi орныма тез жайғастым.
-Әзiлханмен соңғы жолыққанымдағы әсерiмдi айтайын. Мен одан қатты шаршадым. Неге десеңшi?
-Неге?
-Әрине, ол жөнiнде бұрын да күмәнданушы едiм. Күмәнданғаныңмен сене қоймайсың ғой. Бұл жолы анық көзiм жеттi.
Үстiмiзге жеңгей ендi.
-Мына жердi жинайын деп едiм.
-Қажетi жоқ. Ойымды бөлесiң.- Жеңгей бөлмеден ашуланып шығып кеттi.
-Ашулансаң ашулан. Абайдың ,,Ойыңа ой қосады ақылдассаң,, деген дана сөзi бар. Мұхаң оны әйелге байланысты айтқан деп түсiндiредi. Я с этим обсолютно не согласен.
Калининде оқып жүрген кезiм. Мәскеуге барып едiм, Мұхаң кездестi. Сәбит үшеумiз мейрамханадан тамақтандық.
-Мұха, Абай жарықтықтың ,,Ойыңа ой қосады ақылдассаң,, дегенiн сiз әйелге байланыстырып қойыпсыз, бұл дұрыс емес,- дедiм. Мұхаң сұп-сұр боп кеттi. Қатты ашуланып қалды. Ашуланса, мұрнын сауатын әдетi едi. Сол әдетiне басты.
Сәбит пых-пых деп күлiп қуанып қалды. Екеуi бiр-бiрiне iштей қарсы ғой.
-,,Ойыңа ой қосады ақылдассаң,, деген бүкiл адамзаттық сөз. Ол, менiңше, жыныс жағына ғана қатысты айтылған емес. Бұл, Мұха, Абайдың ойынша достықтың шыңы, ойымыз да, ниетiмiз де бiр жерден шықты деген сөз,- дегенiмнен кейiн ғана Мұхаң көңiлденiп, бастапқы байсалды қалпына көштi.
Баукең көзiн жұмып, ұйқыға енген сыңай танытты.
-По-моему Азилхан- делец,- дедi әлден соң басын көтерiп.- Көзiн жұмғаны-ойланғаны екен.-Әрине, ол еңбеккер, кейбiр жақсы жазған туындылары бар. Бiрақ азаматтығы жағынан ақсаулы. Александр Бек, Александр Кривицкий туралы бұлай дей алмаймын. Бауыржан Момышұлына да қояр кiнәм жоқ. Ол өзi жазды ғой.
Әзiлхан жоғарыдағы авторларды түзеймiн, жақсартамын дедi ме, бiлмеймiн, айтқандарыма өзiнше жамау жамапты. Онысы бадырайып көрiнiп тұр.
Баукең сұқ саусағын шошайтып:
-Әй, шырағым, жазушы туралы жазу оңай ма?- дедi маған қабағын түксите қарап.
-Оңай емес.
-Оны мен түсiнемiн. Мен жазушымын. Өтiрiк пе?
-Рас.
-Атағы әйгiлi батыр туралы жазу оңай емес. Оған да мен түсiнемiн. Неге десең, ол туралы басқалар да жазды ғой. Тағы халық бiледi.
-Әзiлхан жоғарыдағы үш авторға түзету енгiзем деп ойлапты.
Түзету жасай алсаң, оған қарсылық жоқ, дәлелдi жаса. Оны жасай бiлу керек қой. –Баукең қолын сермей берем деп, стол үстiндегi стаканды жерге ұшырып түсiрдi.
-Е, мейлi құлай берсiн, сына берсiн! Қазақта азаматтық деген сөз бар. Бұл сөздiң тамыры тереңде жатыр. Соғыстағы азаматтық, әдебиеттегi азаматтық, өнердегi азаматтық, аталық-аналық жолындағы азаматтық дегендер бар. Бұлардың бiрiнен бiрi кем емес. Бұларды тең бағалау керек.
Мен жиырма жасымда Чернышевскийдiң ,,Азаматтық деген не?,, деген еңбегiн оқығам. Мұны неге еске алып отырсыз деп маған сұрақ қой.
-Мұны неге еске алып отырсыз?
-Мен Әзiлханды соңғы жолыққаныма дейiн азамат деп ойлап келiп едiм. Ендi оған күмәндiмiн…
ЖҮРЕГІМНІҢ ТӨРІНДЕ
…Баукеңнiң үйiмде қонақ болып жатқанына бүгiн үшiншi күн.
-Сен қазiр жеңгеңе телефон соғып, бөлмелердi улап бiтiп пе, бiл. Бiтсе, мен үйге қайтамын. Үш күннен берi саған масыл болғаным жетедi.
-Ой, аға.
-Ой-пойды қой.!
Мен лаж жоқ, тез киiнiп, тысқа шықтым. Көше жиегiндегi телефон-автомат арқылы/ ол кезде үйiме телефон желiсi тартылмаған едi/ жеңгеймен тiлдестiм.
-Улап бiттiм. Бүгiн есiк-терезелердi ашып, бөлмелердiң ауасын тазартам. Ағаңды үйге ертең алып кел.
-Мақұл.
Пәтерiм бес қабатты тас үйдiң бесiншi қабатында едi. Баукеңе тезiрек жетсем деп баспалдақтармен жоғарыға қарай жүгiре көтерiлiп, iшке енген бойда:
-Же-ең-гей-мен сөй-лес-тiм,- деп айналдырған екi сөздi ентiгiп, әзер айтсам бола ма? Мұны өзiм мүлде күтпегем.
Баукең таң қала қарап:
-Әй, саған не болған?! –дедi ашуланып.
-Төменнен жоғарыға жүгiрiп шығам деп ентiгiп қалғаным.
Баукең мырс етiп күлдi.
-Сендердi нәуетек етiп жiберген екенбiз. Мен сенiң жасыңда Алатаудың етегiне секiрiп түсiп, басына қайта қарғып шығатынмын.
-Ентiгем деп ойламаппын.
ЕРІКСІЗ СҮЙСІНДІМ
Әңгiме арасында Баукең әскери киiммен түскен үлкен суретiне назар аудартты.
-Ендi мұны мына суретпен салыстырайық. Қалай қарайсың, екеуiнiң де негативi бiр емес пе?
-Бiр.
-Айырмашылығы бар ма?
-Сырт қараған адамға айырмашылығы жоқ та секiлдi.
Шынында екi суретте де Баукең қабағын түйiп, сәл төмен қараған күйi терең ой құшағына енген. Сұсты, байсалды өңiне папахасы ерекше рең сыйлағандай, Бiрақ бiрiншi суретте гимнастеркасының, шинелiнiң түймелерi, екi иығындағы погонының полковниктiк үлкен үш жұлдызы, кең кеудесi белiне дейiн толық көрiнген. Ал екiншi суретте олай емес, онда кеудесiнiң жоғары және екi иығының жарым-жартылай көрiнiсi ғана бар. Полковниктiк дәрежесiн бiлдiретiн үш жұлдызы да толық бенеленбей қалған. Басы әдеттен тыс үлкейтiлiп, қабақ түйiп, ойға енгенi көзге бiртүрлi ерсi көрiнедi.
-Негативi бiр осы екi суреттен екi жағдайды аңғарамыз. Екеуi де бiр затқа творчестволықпен қалай қарай бiлу керегiн түсiндiредi. Сен творчество адамысың, шығарма жазғанда мұны ескерсiн деп әдейi айтып отырмын. Адамды жырлағанда тек басын ғана емес, оның иығын, бойын, ойын, мүмкiндiк болса, айналасын, қоршаған ортасын толық көз алдыңа елестетерлiктей етiп жырлаған жөн. Беталды ,,жасасын өмiр!,, дей бермей, өмiрдiң iшкi-сыртқы қасиеттерiн ашып көрсету керек.
Баукеңнiң негативi бiр екi суреттiң екi түрлi әсерi арқылы өнерге деген көзқарасын қарапайым түрде шебер түсiндiре алғанына ерiксiз сүйсiндiм.
ЕСІ КІРЕР ЕМЕС
-Қалайша екенiн бiлмеймiн, бiр ,,туысым,, баяғыда бiр
мекеменiң бастығы болды. Соған әлi таң қаламын. Жүрген,
тұрған жерiнде:
-Баукең екеумiз ағайынбыз, - деп оттайтын көрiнедi. Бұл,
бiлсең, менi сыртымнан сату ғой.
Бұдан екi күн бұрын үйге телефон соқты.
-Жақында мен лауреат боламын.
-Әй, ондай сөздi лауреат болғанда айтарсың, - деп тастадым.
Сол ,,туысым,, кеше үйiме кеп:
-,,Қазақ әдебиетi,, газетiнiң редакторына телефон шалсаңыз,
сiздi тыңдайды,- дей бастап едi, мен естiмеген болып, сөздi
басқа тақырыпқа бұрып жiбердiм. Ойы- сол кiсiмен сөйлесiп,
менi қызметке алдырсаңыз демек. Алдында облыстағы
жұмысынан босап қалды деп естiгем. Өзi берекесiз бiреу
болыпты. Айтқаны-өтiрiк. Онда қандай қадыр болсын.
Ойы-Алматыға кеп өспек. Қайдан қандай қолдаушы табылады деп тiмiскiленiп жүр.
Есiңде болсын, бұған сенiм арту қиын. Бұл ұятқа қалдыратын, абырой әпермейтiн жiгiт. Оны бiлетiнiм, Рақымжан Қошқарбаевқа жолығып /ол тауда демалып жатыр екен/, ,,Алматы,,қонақүйiнен люкс бөлме алып, композиторларды, ақын-жазушыларды шақырады. Олар iшiп-жеп түн ортасында тарқайды. Жалғыз қалған соң:
-Менi тастап кеттiңдер,- деп ыдыс-аяқты жан-жаққа лақтырып, айнаны, есiк- терезенi қиратады. Қонақ үйдiң қызметкерлерi Рақымжанға телефон соғады.
-Не iстеймiз? Милиционер шақырайық па?
-Жоқ, шақырмаңыздар, ұйықтап тұрсын. Сынған, бүлiнген заттарға акт жасаңыздар. Төлесiн. Төлеген соң ,,шық!,, деп шығарыңыздар,- дейдi.
Ертеңiне Рақымжан маған телефон соқты.
-Бауке, ,,туысыңыз,, өстiдi.
-Бiр елден екенiмiз рас, соны малданып жүрген көрiнедi.
-Е, бәсе, мен оны сiздiң ет жақын туысыңыз екен деп сыйлап, аяп жүрсем,- дедi. Ол, түсiнсең, кешiрiңiз деген сөз ғой, ә?
Сөйтiп, бұл ,, туысым,, Алматыда менiң де атымды былғап жүр. Маңдайы тасқа тимей есi кiрер емес…
Жалғасы бар, осында