Жантерексайда "Алаш" отрядының командирі Әмірхан Тілеумағамбетовке (обер-лейтенант Әлихан Ағаев) ескерткіш тақта орнатылды

Жантерексайда "Алаш" отрядының командирі Әмірхан Тілеумағамбетовке (обер-лейтенант Әлихан Ағаев) ескерткіш тақта орнатылды

       Кеше Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр кентінің маңындағы Жантерексайда "Алаш" отрядының командирі Әмірхан Тілеумағамбетов (обер-лейтенант Әлихан Ағаев) денесі төрт жолдасымен көмілген тұсқа "Бәйтерек аясы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ескерткіш тақта қойылды.

   Әлихан Ағаев – Қызыл Армияның атты әскер взводы командирі, 1941 жылы қараша айында Москва түбіндегі шайқаста немістерге тұтқынға түскен. Түркістан легионында қызмет еткен Ә.Ағаев ОКВ-ның сеніміне кірген соң, 1944 жылы әдейі «Алаш» деген атты сұрап алған. Әлихан Ағаев Германиядағы жалған аты. 1943 жылы Италия жеріне барғанда, 1944 жылы Гурьев (Атырау) аумағына түскенде Иранов болып келген. Өзінің ата-анасының азан шақырып қойған аты Әмірхан Тілеумағамбетов. Туған жері Атырау облысының Қызылқоға өңірі. 

    WhatsApp Image 2024-08-29 at 16.45.12 WhatsApp Image 2024-08-29 at 16.40.09 (1) WhatsApp Image 2024-08-29 at 16.40.09