Қазақстан тарихы алғаш рет 1943 жылы жазылған болатын. Оны құрастырушы- СССР тарихы институтының директоры, академик Анна Михаиловна Панкратова (Ермахан Бекмахановтың ғылыми жетекшісі) болды. Сөйтіп еліміздің тарихы жазылған еді. Одан бергі жылдары Алматы, Түркістан, Тараз сияқты ірі қалалар мен кейбір облыстардың тарихы жазылып шықты.
Енді жуырда жақсы жаңалықтың куәсі болдық.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылыми-кеңес залында "Атырау облысының тарихы" атты үш томдық тарихтың тұсаукесері өтті. Бұл кітапта өлкеміздің тарихы толық қамтылған екен. Айта кететін жәйт- аталған кітап өлкеміздің тарихы жазылған алғашқы кітап еді. Бұл үш томдық тарихты құрастырушы- өзіміздің ағамыз, Тоғызбай Ысық ұрпағы Болат Жұмағұлов (өзіміздің бауырымыз Марат Жұмағұловтың ағасы) болды. Болат ағамыз бүгінгі таңда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің профессоры болып қызмет атқарады.
Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеп, жылы лебіз білдірген ғалымдардің бірі Бақтыбек Жұбандықұлы Таубаев ағамыз кітаптың құндылықтарын атап берді. Кітаптың тұсаукесер лентасын көп жылдан бері осы университеттің ректоры болған академик Асхат Сәлімұлы Иманғали қиды. Бұйыртса, кітап жуық арада оқырмандардың қолына тиеді.