Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай, облыстағы мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасы жалауын көтерді.
![]()
20 маусым күні бастау алған сайыс үш күнге жоспарланған. Оған облысымыздың түкпір-түкпірінен мемлекеттік қызметшілер қатысып отыр.
![]()
Облыстық спартакиаданың алғашқы күні Орталық жүзу бассейнінде 50 мертге еркін әдіспен жүзуден сайыстар өтті. Одан бөлек үстел теннисі мен дойбыдан бәсекелер өткізілді.
![]()
Ертең, жарыстың екінші күні жеңіл атлетика, мини-футбол, волейбол, дойбы, үстел теннисі, шахмат, баскетбол, тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі ертең сағат 18:00-де "Судоремонтик" стадионында жоспарлап отыр.
Қабибек Мұхитов, Атырау мұнай және газ университетінің доценті