Мақсат Тәж-Мұрат - әдебиеттанушы-ғалым, эссеист. Филология ғылымдарының кандидаты. 1959 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Төлес ауылында туған. ҚазҰУ-ды бітірген. Республикалық баспасөз құралдарында жауапты қызмет атқарған. Бірнеше кітаптың және мақалалардың авторы: «Шәңгерей: жасампаздық өмірі» (1998), «Батыс Алашорда: библиографиялык сөздік тәжірибесі» (2003). Алашорданың Батыс бөлімі туралы зерттеулер жұргізген. Алаш қайраткерлері А.Абылаевтың, Қ.Асановтың, Ғ.Әлібековтің, Ғ.Есшғұловтың, К.Жәлшовтің, А.Мәметовтің, Н.Ипмағамбетовтың, С.Қаратілеуовтің т.б. өмірбаяндарын жазған.
Жақын арада Атырау төрінде қаламгердің «Он бірінші ауылдың Павлик Морозовы» атты туындысының тұсауы кесіліп, көпшілікке жол тартқан болатын. «Менің жазушылық кредом – өмірден ғана алып жазу. Эссеист болғаннан кейін оның да элементтері болуы мүмкін. Бірақ, мен ойдан құрап жазуға көп жоқпын. Қандай оқиға болса да өмірден іздеймін" деген жазушының шығармалары өмірден алынып, жазбалары көпшіліктің көңілінен шыға білді.
Атырауға сапарында Мақсат Тәж-Мұрат Атырау телеканалының "Ашық әңгіме" атты бағдарламасында сұқбат берді. Сұқбат барысында ғалымның шығармашылығы мен қазіргі таңдағы ақын-жазушылық жолдағы кейбір мәселелері төңірегінде сөз қозғалған болатын.
Сұқбаттың толық нұсқасы телеканалдың ютуб желісінде жарияланды. Оны төмендегі сілтемеге өту арқылы танысуларыңызға болады.
https://www.youtube.com/watch?v=Yed_9KYc7hM