ҒАЛЫМ ТҰЛҒАСЫ

ҒАЛЫМ ТҰЛҒАСЫ

 

   Жақын күндері Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің құрылғанына 70 жыл толмақ. Мұнайлы өлке тарихында айшықты орны бар оқу орны республика жоғары мектебі сапында сапалы мамандарды дайындауға өз үлесін қосып келеді. Университет бастау алған жылдары тарих-филология, физика-математика сияқты факультеттер маман даярласа, қазіргі кезде де аталмыш мамандықтар білім орнының ең жоғары ғылыми әлеуетін құрап отыр. 1980 жылдары білім алып, ғылым жолына қадам бастаған әріптестер арасында, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогика университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исенов Өтеген Ихсанұлының кәсіби тарихшы ретіндегі түлғасы жазуға да және айтуға да тұрарлық деп ойлаймыз. Әріптес ұстаз, тарихшы ғалымның өмірдеректеріне көз жіберсек ғалым-ұстаз тұлғасының қалыптасуының жарқын белестерінің Атырауға жақындығын аңғарамыз. Себебі біздер, осы жолдың авторлары сонау 1980 жылдары бір топта білім алып, студенттік қайнаған өмірдің ашысы мен тұшысын бірге татқан, қазірде ғылыми-азаматтық жолымызда бірге келе жатқан достардың тұлғасы сол жылдары қалыптасып еді.

   Исенов Өтеген Ихсанұлы 1959 жылы 25 желтоқсанда Ақтөбе облысы Алға ауданының  Бесқоспа елді мекенінде дүниеге келген.

   1977 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданының Бестамақ орта мектебінің 10 сыныбын тәмамдаған соң ауыл шаруашылығында шопан болып еңбек етті.

   1979-1981 жылдары Кеңес армиясының қатарында әскери борышын атқарды.

   1981-1986 жылдары Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны «тарих, қоғамтану және советтік мемлекеттік право мұғалімі» біліктілігімен аяқтады.

   1986-1992 жылдар аралығында Гурьев (қазіргі Атырау қаласы) облыстық тұтынушылар одағының кооперативтік-техникалық училищесінің оқытушысы қызметін атқарды. Студенттерге білім берумен бірге, ғылыми ізденіспен де табанды түрде айналысып, тарих ғылымдары бойынша өлкеміздегі алғашқы ғылым докторы Зұлхарнай Алдамжардың шәкірті ретінде тіркелді және Зұқаңның өмірінің соңына дейін қасынан табыла білді. Ғалымдық қана емес азаматтық асыл қасиеттер  ғылыми жетекшісінен дарыды десек артық емес.

   1992-1996 жылдары - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы.

   1996-2001 жылдары - Қостанай қаласындағы «Алдамжаров» атындағы  ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері.

   2001-2004 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Отан тарихы кафедрасының аға оқытушысы.

   Ө.И.Исенов 2004 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынде Қазақстан тарихы каферасының оқытушы-профессор қызметін атқарып келеді.

DSC_0018

   «Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы (XVIII-XIX ғғ)» атты жазған диссертацияны 2009 жылы 30 маусымда жерлесіміз, көрнекті ғалым Әбілсейіт Мұқтар жетекшілігімен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Біріккен Диссертациялық Кеңестің мәжілісінде 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ғылыми ізденіс өзегі болған тама Есет Көкіұлының батырлық, тархандық және тұтастай тарихи болмысын зерделеген Ө.Исенов батырлықты тек жеке адамның қасиеті деп қарастырмай қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына ықпал еткен саяси-әлеуметтік үрдіс деп қарастырады.

   Жерлесіміз, тәуелсіз қазақстандық тарихнаманың патриархы Көшім Лекерұлы Есмағамбетов (1938-2016): «Отандық тарих ғылымында қазақ батырларының елі мен жері үшін қан майданда жаулармен шайқасқан жанкешті күресін, оның халық тағдырындағы орнын көрсетуге әлі күнге дейін толық мән берілмей келеді. Бұл, ең алдымен, кеңес заманында батырларды «үстем тап өкілдеріне жатқызған» кеңестік идеология мен тарихнаманың салқыны болса, екіншіден, өзіміздің ұлттық идеологияны қалыптастырудағы салдыр-салақтығымыздың, «жайбасарлығымыздың» салдары екені анық», - деп жазған болса Өтеген Ихсанұлы тама Есет батыр негізінде қазақ халқының батыр ұлдарының елі мен жері үшін күрестегі тарихи тағдырларын зеделеуі ерекше ғылыми табыс болды. Оған дәлел Ө.Исеновке 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  бұйрығымен қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

IMG-20180828-WA0001

Исенов Ө.И. кафедралық ғылыми тақырыптардың жетекшісі

   Өтеген Ихсанұлы тарихи циклдың теориялық курсын әзірлеуге үлкен үлес қосты. Оның 300-ге жуық тарихи, әдістемелік, ғылыми мақалалары бар. 5 оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен монографияның авторы.  

   Профессор Исенов Ө.И. элективті пәндер бойынша: «Шетел қазақтарының дәстүрлі мәдениетінің теориялық-методикалық мәселелері», «Номадизм феномені», «XVIII-XIX ғғ. ұлт-азаттық қозғалыстарының теориялық-методикалық мәселелері» атты 4 авторлық бағдарламалар әзірледі. Жыл сайын Исенов Ө.И. жетекшілігімен диплом және курстық жобалар қорғалады.  

   Оқытушылардың аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларының пәндік секцияларының қазылар алқасының жұмысына белсенді қатысады.

   2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Қостанай облысының ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне» Қостанай облысының әкімінің Алғыс хаты табысталды.

   Өтеген Ихсанұлы 300–ге жуық тарихи танымдық, әдістемелік, ғылыми мақалалардың авторы. Сонымен қатар 2 монографиялық зерттеумен 5 оқу құралы және оқу-әдістемелік құралдарының авторы.

   Өтеген Ихсанұлы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «2014 жылдың үздік оқытушысының атағының иегері».

Изображение 064

   2017 жылы «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына сіңірген еңбегі үшін» төс белігімен марапатталды.

   2017 жылы қаңтар айында «2016 жылы телевидениедағы жыл адамы» атағы беріліп, «Телевидениедағы жыл адамы» статуэткасы табысталды.

   2019 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін» Алғысы білдірілді. Қазірде, ҚР тәуелсіздігін мерекелеу кезінде халқымыздың «Отан-от басынан басталады» деген нақыл сөзін жүйелесек кейіпкеріміз Өтеген Ихсанұлының ғалым-азамат болып қалыптасуындағы сенімді тірегі, жұбайы Гүлмаржан, ұл-қыздары Гаухар, Данияр, Әлиханның орындары ерекше.

20181107_213139

   Ұйымдастырушылық жұмысты ғылыми ізденіспен,қоғамдық қызметтермен әдемі үйлестіріп жүрген әріптесіміздің өмір деректері университеттің 70 жылдық мерекесінде орны бары анық. Себебі,осы жолдар авторларының өмірдеректері де университеттің даму, өсу кезеңдерімен тығыз сабақтасып жатыр. Бұл «тарихтағы ұрпақтар сабақтастығы» мен тұлғалар тарихын шынайы азамат келбетінде жазу тұрғысында да өзекті болмақ.

 

Лесқали Бердіғожин-тарих ғылымдарының докторы

Сайпола Сапанов-тарих ғылымдарының докторы

Қылышбай Сүндетұлы-тарих ғылымдарының кандидаты

Болат Нығметов-тарих ғылымдарының кандидаты

 

 

Теги исенов сайттайсойган тайсойғансайты