Итемген бейітінің Қаратоқай руына қатысы бар ма?!

Итемген бейітінің Қаратоқай руына қатысы бар ма?!

     Зерттеп, анықтайтын нәрсе көп. Мына Итемген бейітінің Қаратоқай руына қатысы бар-жоғын дәл білмедік. 1900 жылдардағы картаға енген екен. Бірақ мұндай Нарын құмы ішіндегі жерлерге жалғыз ақтайлағымызбен (уаз патриот) баруға қорқып қалғанбыз, далада қалып қоямыз ба деп. Өртендік, баттық, бұзылдық, суда қалдық талай рет.

453736245_2200609510303397_5131046799558070622_n

Жақын арада су жаңа ақтайлағымызды өзіміз арқалап келгендей болдық. Техникаға сенім болмайды, сондықтан арнайы бірнеше көлікпен баруды ұйымдастырған дұрыс болар деп кейінге қалдырып келеміз. Әйтпесе, жете алмай жүрген жерлеріміз аз емес.

Бір қызығы, бұл картада Бегіс руының батыры Пыштанайдың да бейіті деген белгі енгізіліпті және ол Итемген бейітіне жақын аумақта орналасқан екен. Екеуі де Атырау облысының Құрманғазы ауданы аумағындағы Нарын құмының ішінде.

138044601_2486939121601977_597610355723392694_n

Әрине, бұдан басқа да әлі де анықтайтын жерлер бар. Сәті түсіп, басына барылып жатырса, қосымша ақпаратпен назарларыңызға ұсынылатын болады. 

 

Ф.Байдәулет