СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫН СЫРТТАН АЛҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР

 

   МУСАҒАЛИЕВ Яуда, 1928-жылдың 1-қаңтарында Гурьев (Атырау) облысының Теңіз (Құрманғазы) ауданындағы Азғыр селосында дүниеге келген.     

   СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ (30.03.1971).

 

   Бала күнінен әке-шешесінен  ерте айрылып, апасы және інісі үшеуі туысқандарын паналайды.

   1945-жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауданындағы Жданов атындағы колхозға мүше болып кіріп, қара жұмыстарды атқарады.

   1948-жылы облыстық әскери комиссариат оны 3 жыл мерзімге еңбек армиясына (майданына) – Қарағанды қаласына жібереді. Сол қаладағы «Карагандауголь» комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеден жер асты транспортының жұмысшысы мамандығын алады. Сол қалада тау-кен жұмысшысын, одан кейін №64/83 көмір шахтасында үңгірлерді тазалаушы бригаданың бригадирін атқарады. Машинистер курсын бітіргесін жер асты электровозын жүргізуші болады.

   1959-жылы №64/83-ші шахта ұжымымен бірге жаңадан ашылған «Михайловская» шахтасына (1981-жылдан Т.Күзембаев атындағы) ауысып, элктровозын бұрынғыша жүргізеді. Бірақ ол, қоймастан жүріп жер асты көмір комбайнының машинисіне ауысады.

   Сегізінші бесжылдықта (1966-1970) еңбек өнімділігін үнемі арттырумен тек өз комбайнымен 38000 тонна көмір өндіріп, СССР Көмір өнеркәсібі министрлігі бойынша социалистік жарыстың жеңімпазы атанады.

   Бесжылдық жоспарын 48 айда орындап шыққаны және еңбек өнімділігін арттырудың жаңа үлгісін көрсетіп, оны өндіріске екпінділікпен енгізгені үшін көмір комбайншысы Яуда МУСАҒАЛИЕВҚА СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1971-жылдың 30-наурызындағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» Алтын медалімен марапатталады.

Musagaliev_Yauda_2

   1974-1980-жылдары ірілендірілген көмір өндіру бригадасына жетекшілік етеді.

   Зейнеткерлікке шыққанымен қол құсырып отыра алмай, 1981-1993-жылдары шахтаның көтеру учаскесінде электрослесарь болып жұмыс жасайды.

   Тоғызыншы шақырылған СССР Жоғарғы Советінің депутаты (1974-1979). Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне екі мәрте сайланады (1971-1976, 1976-1981).

   Ленин (30.03.1971), «Еңбек Қызыл Ту» (29.06.1966) ордендерімен, медальдармен, «СССР Шахтер даңқы» белгісінің үш дәрежесімен марапатталған.

   2000-жылы Қарағанды қаласында өмірден озған.

   Жыл сайын бұл қалада Яуда МУСАҒАЛИЕВТЫ есте  сақтау мақсатында жеңіл атлетикадан республикалық турнир өтіп тұрады.

 

Қорытынды

 

   Атырау облысында дүниеге келіп, Социалистік Еңбек Ері атағын оның сыртында алған 6 жерлесіміздің төртеуі (Ысмағұл Мырзабеков, Шарафий Ғұбашев, Қасым Асанов, Яуда Мусағалиев - Құрманғазы, екеуі (Нәби Бабаев пен Бақтыгерей Мұқсымов) - Махамбет аудандарының тумалары. Осы жерлестерді анықтау кезінде көзімнің жеткені - атыраулықтардың жалғыз Қ.Асановты ғана білетіндігі...

 

         Жұмабай ДОСПАНОВ,

«Алтын ғасыр», 2018-жыл

Теги сайттайсойган тайсойғансайты ЖЕҢІС75