«Атырау» газетінің биылғы (2018 –ред.) жылдың № 48 санында Г. Ниетқалиеваның «Тарихи факті неге бұрмаланады?» атты мақаласы жарияланды. Осы мақалада З.Е.Қабылдинов, Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бейсембаеваның авторлығымен 2018 жылы «Атамұра баспасынан шыққан 8-ші сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығына енгізілген Т.Окуневаның «Кіші жүз қазақтарының көтерілісі» атты картасында Махамбет Өтемісулы «Жем езені бойында қазаға ұшырады» деп көрсетілгендігі және мұның республикамыздағы барлық 8-ші сынып оқушылары үшін қате тұсінік екеңдігі сыни тұрғыдан дұрыс жазылған.
Ширек ғасырдай окушыларға «Қазақстан тарихы» пәнінен сабақ берген тарихшы мұғалім ретінде жоғарыда көрсетілген оқулықтағы «Бөкей ордасы қазақтарының 1836-1838 жылдардағы көтерілісі» атты 24-25 параграфтар туралы өз пікірімді білдіргім келеді. Шыңдығыңда, 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігін қамтыған халық-азаттық көтерілістің рухани көсемі М.Өтемісұлы оқулықта көрсетілгендей Жем өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасында емес, Жайық өзенінен шығысқа қарай 50 км жерде «Қарой» деген жазықтықта 1846 жылы қаза болған. Қазіргі мезгілде Махамбет зиратына биік кесене тұрғызылған. Бұл кесене біздің ауылдық округ аумағына қарайды.
Махамбет кесенесіне жақын орналасқан біздің мектебіміз М. Өтемісұлының атымен аталады. Ал, оқулықтағы картада Махамбеттің қаза тапқан жерінің қате көрсетілуі біздің мектептің оқушылары мен мұғалімдерін өте ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Оқушылар: «Ағай, мына оқулықтағы картада, «Махамбет опат балған жер» деп Жем өзені бойын көрсетіп қойыпты» дегенде, оқулық үшін мен қатты ұялдым.
Жоғарыда көрсеткеніміздей оқулықтағы 24-25 параграфтың тақырыбы: «Бөкей ордасы қазақтарының 1836-1838 жылдардағы көтерілісі» деп берілген. Тарихи-философиялық ұғымдардың мән-мағанасына келсек бұл тақырыптан сол кездегі қазақ шаруаларынан құрылған тобырдың бас көтеруі сияқты мағына беріп тұр. Кез келген тарихи оқиғаның басыңда көсемдері, бастаушылары болады. Егер сол тарихи кезеңдегі қазақ кедей-шаруаларының басын біріктіріп ортақ мақсат-мүддеге тоғыстырып, ұлт-азаттық күреске И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы ұйымдастырмаса көтеріліс болар ма еді? Болса да кең аймақты шарпып үш жылға созылған ұлт-азаттық қозғалысқа ұласуы мүмкін бе еді?
Атырау қаласындағы «Атырау-Ақпарат» баспаханасынан 2003 жылы жарық көрген, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Атырау облыстық әкімдігі, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Х.Досмүхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті бірігіп шығарған «М. Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Махамбет — ерлік пен елдіктің өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары» жинағындағы ғалымдардың еңбектері М. Өтемісұлының көтеріліс көсемі И.Тайманұлының оң қолы, көтерілістің рухани көсемі болғандығын дәлелдейді.
Сондықтан, оқулықтағы тақырыпты «И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс» деп атаса дұрыс болған болар еді. Қазақстан тарихында батыс өңірі алі де толық зерттелінбей, зерттелінген еңбекгер оқулыққа далел-дәйектеме ретінде алынбай жүр. Осы жерде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғалымдарының құнды еңбектері неге оқулық жазғанда пайдаланылмайды деген пікір айтқым келеді. Мысалы, соңғы 10 жылда университеттің тарихшы-ғалымы, исатайтанушы А.Шамғоновтың «Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс (1836-1838)» атты Қазақстанның барлық оқу орындарына арналған картасын сабақта пайдаланып келеміз. Біздің пікірімізше, осы картада ғана Исатай-Махамбет көтерілісі нақты көрсетілген. Сондықган, баспасөз бегінде сыналған Т.Окуневаның М. Өтемісұлының қаза тапқан жері туралы оқушыларға мүлде қате мәлімет беріп тұрған картасы қолданыстан дереу алынып тасталуы керек.
Қоныс ЖАНАЛИСОВ,
Махамбет атындағы орта мектептің
жоғары санатты тарих пәні мұғалімі,
Индер ауданы.
«Атырау» газеті, 21.12. 2018.