ақпаната

АҚПАН АТАНЫҢ МӘҢГІЛІК ТЫНЫМ АЛҒАН ЖЕРІ
АҚПАН  АТАНЫҢ  МӘҢГІЛІК  ТЫНЫМ  АЛҒАН  ЖЕРІ

Қазақ  тарихында  қилы-қилы  кезеңдер  көптеп  кездеседі. Солардың  бірі – Қазақ  жерінің  батысын  ежелден  мекендеген Кіші  жүз  жұртының  «Ақтабан  шұбырынды, Алқакөл  сұлама» заманынан  300  жылдай  бұрын  оңтүстікке  қоныс  аудару жайы, мұның  себебін, қазіргі  ғылым  әлі  түсіндіре  алмай  отыр. Қалай  болғанда  да, біздің  бұрынғы  ата-бабаларымыз 18-ші  ғасырда «Қайың  сауып», «Сауран  айналып»,  баяғы  қара  орман жұртына  оралады. Жоңғар  шапқыншылығынан  қорғанған аталарымыз әлгі  айтылғандай  азапты  жолдардан  өтіп, Атырау-Жайық-Маңғыстау  өңіріне 1751-ші  жылы  қайта  көшіп  келеді, мұны ұлы ғұлама     Ә. Кекілбаев  ағамыз тұжырымдаған  еді. Осылайша, «елімайлаған» қалың  халықты  ірі  тарихи  тұлғалар бастап  келеді. Олар  Адайдың  Есек  және  Атағозы батырлары, Таздың Ақпаны, Әлімнің  Әжібайы  мен  Аралы, Беріштің  Есболайы  сынды  бірегей  жандар  болатын.